02.11.2018
143 cапарлар
Bank RBK Директорлар кеңесінің құрамының өзгеруі туралы хабарлады

Bank RBK 2018 жылдың 1 қарашасында өткізілген Банк Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы барысында Банктің Директорлар Кеңесінің құрамына қатысты келесідей шешімдер қабылданғандығын хабарлайды.

  • Директорлар Кеңесінің Төрағасы Торстен Пол сол лауазымына жаңа мерзімге қайта сайланды.
  • Директорлар Кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор болып Азамат Сагатов, Eclipse Group компаниясының құрылтайшысы сайланды (компания бизнестің түрлі секторларындағы жобаларды басқаруға маманданады).
  • Анвар Сайденов және Даурена Оразаевтың Директорлар Кеңесінің мүшелері ретіндегі өкілеттері тоқтатылды.

Осылайша, жүзеге асырылған өзгертулерді ескере отырып, банктің Директорлар Кеңесі келесі құрамда қалыптастырылды: Торстен Пол (ДК Төрағасы), Наталья Акентьева, Болатбек Жайназаров және Азамат Сагатов (ДК мүшелері).

Директорлар Кеңесіндегі ротация құрамнан шыққан мүшелердің басты назарларын лауазымдарды үйлестіру мүмкіндігін бермейтін кәсіпқой қызметтің өзге түрлеріне бөлуге қалауларымен байланысты.

«Банк банк акционерлері атынан және өз атынан Сайденов мырзаға және Оразаев мырзаға Bank RBK қызметін басқаруға қосқан баға жетпес үлесі үшін зор алғысын білдіріп, жаңа қызмет майдандарында барлық жетістіктерді тілейді. Ал Директорлар Кеңесіміздің қалған және жаңа мүшелері бар күштерін Bank RBK Қазақстанның ең баянды, тұрақты және сенімді банктерінің біріне айналдыру болып табылатын стратегиялық мақсаттарымызға жетуге жұмылдыруды жалғастыруда», – деп кадрлық өзгерістерді Bank RBK Директорлар Кеңесінің Төрағасы Торстен Пол түсіндірді.

Азамат Сагатов Макалестер Колледжін (Сэнт Пол, Миннесота, АҚШ) үш мамандық: экономика, математика және информатика бойынша үздік тамамдаған. Американдық Merrill Lynch және JMP Securities банктерінде инвестициялық банкингпен айналысып, одан кейін «Ренессанс Капитал» инвестициялық тобында жұмыс істеді. Steppe Capital компаниясында атқарушы директор лауазымын атқарды. Eclipse Group компаниясының құрылтайшысы болып табылады (компания бизнестің түрлі секторларындағы жобаларды басқаруға маманданады).

Соңғы жаңалықтар
27.03.2019
Наурыз айында сарапшылардың инфляциялық күтулері жоғары деңгейде болып қалады
ҚҚҚ 2019 жылдың наурыз айында индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады
07.03.2019
Елена Бахмутова KASE-де гендерлік теңдікке арналған сауда-саттық ашты
Салтанатты рәсімге бизнес пен қоғамдық қызметте табысқа жеткен әйелдер қатысты
06.03.2019
Ұлттық қорға түскен түсімдер ақпан айында төрт есеге дерлік артты
2019 жылдың алғашқы екі айындағы кіріс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53,5%-ға өсті
04.03.2019
Ерлан Бурабаев Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
Ол сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша ҚҚҚ жұмысын жалғастырады
28.02.2019
Абди БЖЗҚ-ға жарты миллиард теңгеден астам қаржы қайтарды
Қаңтар айында Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтары 0,6%-ға артып, 9,4 трлн теңгеден асты
18.02.2019
Қаңтар айында бюджеттің кірістері өткен жылғы кезеңге қарағанда 27,4%-ға өсті
Сонымен бірге бюджет шығындары 896,3 млрд теңгені құрады, оның 68,5%-ы бюджеттің әлеуметтік баптары жіберілді