10.12.2025
1419 cапарлар
Валюта бағамына қатысты қысқа мерзімді күтулер жақсарды, ал ұзақ мерзімділері іс жүзінде өзгеріссіз қалды

ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы желтоқсандағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.

Зерттеуде қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының, банк, сақтандыру, брокерлік ұйымдар өкілдерінің, талдау және қазынашылық бөлімшелері қызметкерлерінің пікірі зерделенді. Осы жарияланымда келесі негізгі индикаторлар бойынша болжамдарға қатысты сұрақтарға респонденттердің жауаптары берілген:

  1. Brent маркалы мұнайдың құны;
  2. Қазақстандық теңгеге қарсы АҚШ долларының құны;
  3. Инфляция;
  4. ЖІӨ;
  5. ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі.

Резюме

  • Қаржы нарығы сарапшыларының ұлттық валюта бағамына қатысты күтулері айтарлықтай жақсарды. Бұл – тенгенің үш ай қатарынан күшеюі аясында байқалған үрдіс. Бір айдан кейін USDKZT жұбы бойынша болжамды бағам 517,1 ₸/$ деңгейінде күтіледі (бұрын: 532,8 ₸/$). Қысқа мерзімді бағамның қайта қаралуы бірнеше факторлардың ықпалын көрсетеді: Ұлттық банк және квазимемлекеттік сектор тарапынан шетел валютасын сату, салық кезеңі, мемлекеттік бағалы қағаздарға шетелдік инвесторлардың ағыны және реттеушінің қатаң риторикасының әсері.
  • Алайда 12 айлық көкжиекте доллардың ұлттық валютаға қатысты өсуі 9% деңгейінде болуы мүмкін (ағымдағысы — 508,1), яғни 553,6 ₸/$ деңгейіне дейін. Мұндай динамиканың негізгі факторлары ретінде шикізат экспорты кірістерінің төмендеуі, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында импорттың өсуі, сондай-ақ келесі жылы Ұлттық қордан берілетін трансферттердің екі есеге жуық қысқаруы (2025 жылы ₸5,3 трлн-нан ₸2,8 трлн-ға дейін) атап өтіледі.
  • Мұнай бағасына қатысты болжамдардың төмендеу жағына қайта қаралуы (жыл соңында барреліне 65,2 доллардан 62,6 долларға дейін) сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздік аясында ағымдағы шот бойынша терең теріс сальдо қалыптасу қаупін күшейтеді. Бұл ұлттық валютаға іргелі қысым түсіріп, экономикалық өсімге теріс әсер етеді.
  • Бір жылдан кейін ЖІӨ өсімінің болжамы бұрынғы 4,5%-дан 4,4%-ға дейін нашарлады. Энергоресурстар бағасының төмендеуі, қатаң қаржылық жағдайлар, екі таңбалы инфляция, Ұлттық қордан қаражат алудың қысқаруы және ағымдағы жылдың жоғары базалық әсері экономикалық өсім динамикасына теріс ықпал етуі мүмкін.
  • Сарапшылардың 12 айлық көкжиектегі инфляциялық күтулері нашарлады: ЖСҚ индексі бойынша болжам 11,2%-дан 11,7%-ға көтерілді. Болжамның жоғарылауына шикізат бағасының төмендегінің жоғары тәуекелдеріне, тенге бағамының күтілетін әлсіреуіне және алдағы салық өзгерістеріне байланысты болуы мүмкін.
  • Инфляциялық күтулердің өсуі мен тұрақты дезинфляциялық үрдістің жоқтығын ескере отырып (қарашада тұтыну бағалары индексі ай сайынғы негізде жеделдеді), қаңтардағы отырыста нарық базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды.
  • Дегенмен, бір жылдан кейін базалық мөлшерлеме 16,5%-ға дейін төмендетілуі мүмкін. Бұл бір реттік проинфляциялық факторлардың (салық реформасының және тарифтердің өзгерісінің әсері көп жағдайда таусылуы мүмкін), жоғары мөлшерлемелер салдарынан ішкі сұраныстың бәсеңдеуі, макропруденциялық реттеудің қатаңдануы және фискалдық ынталандырудың қысқаруы сияқты әсерлердің нәтижесі. Бұл ақша-несие жағдайларын сақтықпен жұмсартуға мүмкіндік береді.

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ

Бұл нәтижелер инвестициялық ұсыныс болып табылмайды және тәуелсіз сарапшылардың пікірлерін көрсетеді, сондай-ақ ұсынылған ұйымдардың ресми пікірі болып табылмайды. ҚҚҚ, осы зерттеуге қатысушылар сияқты, осы шолуда ұсынылған болжамдар үшін белгілі бір уақытта сараптамалық пікірлерден артық емес жауап бермейді.

Қаржы және тауар нарықтарындағы бағалардың өзгеруі сипаты мен әсері бойынша әлемде болып жатқан көптеген оқиғалардың салдары болып табылады. Болжау өзектілігін бірден жоғалтуы мүмкін бірқатар болжамдарды қамтиды. Жоғарыда баяндалғанға байланысты ҚҚҚ жария түрде жария етілетін кез келген болжамдарға тиісті сақтықпен қарауды ұсынады.

  Сарапшыларының сауалнамасы PDF-нұсқасы

Талдау материалдарын кез келген пайдалануға тек afk.kz дереккөзіне гиперсілтеме болғанда ғана жол беріледі.

Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.
04.09.2026
Сарапшылар базалық мөлшерлеме қыркүйекте төмендеп, бір жылдан кейін 14,75%-ға дейін түседі деп болжап отыр
ҚҚҚ талдау орталығы қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылдың қыркүйек айындағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.