Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) қаржы нарығының 127 қатысушысын, оның ішінде банктерді, сақтандыру ұйымдарын, ипотекалық және лизингтік компанияларды, микро-кредиттік ұйымдар мен ломбардтарды, "БЗЖҚ" АҚ, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, аудиторлық және консалтингтік компаниялар, ғылыми және білім беру мекемелері мен бұқаралық ақпарат құралдарын біріктіреді.
ҚҚҚ құрамына кіретін қаржы ұйымдары Қазақстанның бүкіл қаржы қауымдастығының өкілетті ұйымдастырушысы болып табылады.
Қауымдастықтың қызметін қаржыландыру көздері болып табылатын:
- құрылтайшылардың жарналары,
- кіру және күнтізбелік мүшелік жарналар,
- демеушілік көмек.
ҚҚҚ 1999 жылдың мамыр айында Қазақстан қаржыгерлері І-ші Конгресінің қарарына сәйкес құрылды.
Қауымдастықтың құрылтайшылары Қазақстандағы жетекші сақтандыру компанияларының бірі және екінші деңгейлі бес ірі банк болды:
- «Қазкоммерцбанк» ААҚ
- «Банк ТұранӘлем» АҚ» ААҚ
- «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ
- «Темiрбанк» ААҚ
- «Банк ЦентрКредит» ААҚ
- «Казахинстрах» ЖАҚ
ҚҚҚ. әр түрлі уақытта Д.Х. Сембаев, О.А. Жандосов, Қ.Қ. Дамитов, С.А. Аханов, А.Р. Елемесов секілді елімізге танымал қаржыгерлер басқарды.
ҚҚҚ-ның миссиясы қауымдастық мүшелерінің акционерлік құнының өсуіне қолдау көрсету және қорғау болып табылады.
ҚҚҚ негізгі стратегиялық міндеттері болып:
- ҚҚҚ мүшелерін мемлекеттік және басқа да органдарда таныстыру, қаржы нарығы субъектілерінің жалпы мүдделерін білдіру және қорғау;
- ҚҚҚ мүшелерінің мүдделеріне қатысы бар және олардың жұмыстарына әсер ететін, Қазақстан Республикасы заңнамаларын одан әрі жетілдіру жұмыстарына қатысу және мониторинг жасау;
- ҚҚҚ мүшелерінің тиімді әрі қолайлы жұмыс жасауы үшін және жалпы алғанда, Республика қаржы жүйесінің дамуы үшін мемлекеттік органдармен сындарлы қарым-қатынас арқылы жұмыс жасау;
- Қаржы қауымдастығының имиджін (рейтинг) көтеруге қолдау көрсету;
- қаржы секторындағы проблемалық мәселелерді шешу және қаржы нарығы субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заңнаманы жетілдіру үшін ҚҚҚ мүшелерінің ұсыныстарын жинау, талдау және шоғырландыру;
- басымдықты және проблемалық бағыттар бойынша ҚҚҚ мүшелерінің өкілдерінің қатысуымен Жұмыс топтарын құру, шоғырландырылған ұсыныстар әзірлеу және оларды уәкілетті органдармен талқыға салып, әзірлеу.
ҚҚҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің, «Атамекен» ҰКП-ның, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Іскерлік кеңес және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының Сараптамалық кеңестерімен аккредитациядан өтті.
ҚҚҚ уәкілетті мемлекеттік органдармен қаржы секторының тұжырымдамалық мәселелері мен проблемаларын бірлесіп талқылауды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және ҚҚҚ-на тиісті құжаттардың жобаларын жіберу бойынша бірлескен жұмыс топтарын құруды көздейтін ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде өзара әрекеттеседі:
Іс жүзінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығымен қаржы секторының дамуының ең маңызды деген мәселелерін талқылау үшін қаржы ұйымдарының бірінші басшыларымен үнемі кездесулер (Дөңгелек үстелдер) өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.
ҚҚҚ өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу үшін Парламентте, Үкіметпен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде, түрлі министрліктер мен ведомстволарда құрылған жұмыс топтарына үнемі қатысады.
ҚР Ұлттық Банкінде аккредиттеу туралы куәлігі (pdf)
ҚР Қаржы министрлігінің аккредиттеу туралы куәлігі (pdf)
"Атамекен" ҰКП- ның аккредиттеу туралы куәлігі (pdf)
ҚР Ұлттық экономика министрлiгiнің аккредиттеу туралы куәлігі (pdf)
ҚР Цифрлық даму министрлігінің аккредиттеу туралы куәлігі (pdf)
ҚР Қаржы мониторингі Агенттігінің аккредиттеу туралы куәлігі (pdf)
ҚҚҚ мүшелері уәкілетті органдар әзірлеген нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына қол жеткізе алады және тиісті жұмыс топтарының отырыстарына тікелей қатысуға және осы жобалар бойынша өз ұсыныстарын беруге мүмкіндігі бар.
ҚҚҚ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының функцияларын орындауға ҚҚҚ-ғын тарту туралы келісім жасалды.
Өз мүшелерінің атынан және олардың көмегімен қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнаманы жетілдіру үшін ҚҚҚ басқа да мемлекеттік құрылымдармен, қоғамдық бірлестіктермен және бизнес қауымдастықтармен келіссөздер жүргізеді.
Қаржылық секторды басқаратын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді зерделеу үшін ҚҚҚ оқу орындарымен, қоғамдық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады.
Заңнаманы жетілдіру бойынша тұрақты жұмысты өткізу қаржы ұйымдарын олардың басқару жүйесін жетілдіруге (менеджмент) шақырады.
ҚҚҚ мүшелері ҚҚҚ-ның басқа мүшелерімен бірге өз мүдделерін еркін білдіруге және қорғауға, сондай-ақ жаңа жобаларды (бағдарламалар) бастау мүмкіндігіне ие болады және оларды жүзеге асыру үшін ҚҚҚ-ның тарапынан қажетті қолдауын алады.
ҚҚҚ өздерінің мүшелерімен қызметтік өзара әрекеттесуді және олардың арасындағы серіктестікті орнатуға белсенді түрде жұмыс атқарады.
Ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚҚҚ веб-сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс топтарының және ҚҚҚ комитеттерінің жұмыс нәтижелері туралы материалдар, статистикалық-аналитикалық материалдар, қаржы секторы бойынша жарияланымдар және басқа да ақпараттар орналастырылған.
ҚҚҚ өз мүшелеріне қаржы, қор және валюта нарығындағы мәселелер бойынша жаңа қабылданған нормативтік құқықтық актілер туралы үнемі хабарлайды.
ҚҚҚ өз мүшелеріне қаржы қызметін дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының ұсынымдарын (материалдарын) хабарлайды.
ҚҚҚ мүшелері қаржы нарығы мәселелері бойынша ҚҚҚ қамқорлығымен өткізілетін дөңгелек үстелдерге, конференцияларға, семинарларға (тренингтерге) және басқа да іс-шараларға қатысады, онда олар өздерінің ұстанымдарын және қаралатын мәселелер бойынша ұсыныстарын ұсынуға мүмкіндік алады.