Кылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру саласындағы мамандар үшін.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (бұдан әрі – ҚҚҚ) ақшалай қаражатты жылыстатумен қарсы тұру саласындағы сертификатталған мамандар қауымдастығымен (ACAMS) бірге, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің және ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалық кеңсесінің қолдауымен, Астана қаласында жергілікті және халықаралық үлгіде сертификаттарын алу үшін екі емтихан тапсыру арқылы ұлттық және халықаралық оқыту компоненттерінен тұратын екі фазалық сертификаттау бағдарламасыннан өтуді ұсынады.
Ұлттық компонентті дамытуға еліміздің ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің, ҚР Ұлттық банкінің, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы мен коммерциялық банктердің жетекші сарапшылары қатысты.
Сертификаттау не үшін керек?
- Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы (КЖҚ/ТҚ) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау, атап айтқанда, қызметкерлерді оқыту және дайындау бойынша қаржылық мониторинг субъектілеріне қойылатын талаптар (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 533 бұйрығымен бекітілген)
- КЖҚ/ТҚ бойынша мамандарды дайындау
- Халықаралық біліктілікті растайтын сертификат алу (ACAMS)
Сертификаттау бағдарламасы екі компоненттен тұрады: ұлттық және халықаралық.
Ұлттық компонент қаржылық мониторинг субъектілері үшін міндетті болып табылады және келесі модульдерден тұрады:
- АЖ және ТҚ тәуекелдері мен әдістері (ұлттық контекст);
- КЖҚ/ТҚ халықаралық стандарттары;
- КЖҚ/ТҚ ішкі жүйесін ұйымдастыру;
- Тергеу үдерісін жүргізу және қолдау.
Ұлттық компонент бойынша сертификат алу үшін үміткерлер біліктілік емтиханын тапсыруы керек.
ACAMS ® халықаралық оқыту компоненті КЖҚ/ТҚ саласындағы тәжірибесі кем дегенде үш жыл болған және ұлттық компонент үшін сертификатталған КЖҚ/ТҚ саласындағы мамандарға арналған. ACAMS ®-ға біліктілігін алуға мүмкіндік беретін орыс тіліндегі жалғыз сертификаттау бағдарламасы
Бағдарламаның артықшылықтары:
- Өз бетінше дайындалуға арналған материалдарды ұсыну;
- Орыс тілінде екі компонент бойынша авторлық кітаптар;
- Үлгі тест сұрақтары жиынтығы;
- ACAMS емтиханын тапсырғанға дейін бір күндік толыққанды семинар және бағдарламаның ұлттық компоненті емтиханын тапсыру алдында екі күндік толыққанды семинар өткізу;
- Ұлттық және халықаралық сертификаттары бар, жоғары білікті оқытушылар.
Үздік халықаралық тәжірибені тарату:
- ACAMS® жетекші халықаралық біліктілігін алу үшін дайындық;
- Мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Оқуға және сертификаттауға қатысу үшін мына электрондық поштаға хабарласыңыз: afk@afk.kz.