
1983 жылы «экономист» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын (НарХоз) аяқтап шығады. Сол кезден бастап, мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардарда, түрлі лауазымдарда табысты қызмет атқарып келеді. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қадағалау департаментін басқарды. 2004 жылы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалып, содан кейін оны басқарды.
2012 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ-на жұмысқа ауысып, Басқарма төрағасының орынбасары, Қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директор лауазымдарында жұмыс атқарды. 2016 жылдан бастап «Әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып жұмыс істеді және «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде қызмет атқарды.
Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталды, «Парасат» және «Кұрмет» ордендері берілді. «Астанаға 10 жыл», «Астананың 20 жылдығы» және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медальдарының иегері атанды.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор. ҚазССР Министрлер Кеңесінде жұмыс жасады (1990-1991), ҚР Президент Аппаратында (1991-1993), ҚР экономика министрінің бірінші орынбасары болды (1993-1994 және 1999-2001), Эксимбанк Басқарма төрағасының бірінші орынбасары (1994-1997 және 2001), ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (1997-1999), ҚР қаржы вице-министрі (1999). 2011 жылдан бері «Қазкоммерцбанк» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі. 2004-ші жылдан бері Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Кеңес төрағасы, 2016-шы жылдың сәуір айынан бері Кеңес мүшесі.

Қазақстан қаржы жүйесінде 20 жылдан аса тәжірибесі бар. 1995 жылдан 2003 жылға дейін коммерциялық банктердің халықаралық басқармасында жұмыс істеді. 2003 жылдан бастап 2016 жылға дейін капитал компанияларында операцияларды қадағалау, халықаралық қаржы институттары мен стратегиялық инвесторлар тарапынан қаржыландыруды тарту, тікелей инвестицияларды құрылымдау және қайта құрылымдау жобалары бойынша инвестициялық компанияларда басшылық лауазымдарда болды. 2016 жылдан бастап 2017 жылға дейін БЖЗҚ портфеліндегі проблемалы активтермен жұмыс істеуге жауапты болды. 2017 жылдан бастап Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жұмыс істейді.

Банк жүйесінде 24 жылдық жетекшілік жұмыс тәжірибесі бар. 2009-шы жылдан бері Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығында басқарушы директор, Кеңес төрағасының бірінші орынбасары, Астана қаласындағы өкілі болып жұмыс жасап келеді.

Қазақстан қаржы жүйесінде 29 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. 1994-2003-ші жылдар аралығында ҚР Ұлттық Банкінде әр-түрлі қызметтерде жұмыс жасады. 2003-2009-шы жылдарда бағалы қағаздар және зейнетақы жүйесі нарығы қатысушыларының кәсіби ұйымдарында жетекшілік жұмыстарды атқарды. 2009-2014-ші жылдары әр-түрлі сақтандыру ұйымдарында жетекшілік жұмыстарды атқарды. 2014-ші жылдан бері Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығында сақтандыру және қор нарығымен байланыс бойынша басқарушы директор болып жұмыс жасайды.

2010-шы жылдан бері Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығында әр-түрлі қызметтерді атқарды. Аға сарапшы қызметінен банк секторын дамыту бойынша басқарушы директор жолынан өтті. Ақшаның ағылуы, жылыстауына қарсы секторында сертификатталған маман, CAMS.