17.11.2022
8150 cапарлар
Андрей Тимченко «Bereke Bank» АҚ-ның басқарма төрағасы атанды

2022 ж. 17 қарашада «Bereke Bank» АҚ-ның негізгі акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Тимченко Андрей Игоревичті «Bereke Bank» АҚ-ның басқарма төрағасы етіп тағайындады. Андрей Тимченко банкті 2022 жылғы 11 шілдеден бастап басқарып келген Тасқаранов Нұрсұлтан Ғабділ-Мәжитұлының орнына келді.

Нұрсұлтан Тасқаранов банкте 2002 жылдан бастап қызмет атқарады және соңғы он жылда басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. Оның басшылығымен банк командасы маңызды әрі ауқымды жобаларды іске асырды, өндірістік үрдістерді автоматтандыруға және банктік өнімдерді клиенттерге ұсынуды жеделдетуге мүмкіндік берген цифрлық трансформация жасалды, жеке және заңды тұлғалар үшін жаңа мобильді қосымша іске қосылды. Нұрсұлтан Тасқаранов өзінің қызмет барысында банктің дамуына елеулі үлес қосып, өзін білікті, білгір басшы ретінде танытты.  

Андрей Тимченко 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады, сондай-ақ Harvard Business School және London Business School сияқты жетекші американдық және еуропалық университеттерде бірқатар бағдарламалар бойынша білім алды.

А. Тимченко өз еңбек жолын 1997 жылы Ernst & Young-та салық кеңесшісі ретінде бастады. 1998-2013 жылдар аралығында «Казкоммерцбанк» АҚ-да инвестициялық банкинг департаментінің 2-санатты маманынан бастап басқарушы директор және басқарма мүшесіне дейін түрлі лауазымдарды атқарды. 2013 жылдың қазанынан бастап 2016 жылдың маусымына дейін «Сбербанк» АҚ ЕБ басшысының орынбасары қызметін атқарды, бөлшек бизнес  бағытына жетекшілік етті. 2016 жылдың маусымынан бастап 2022 жылдың мамыр айына дейін «Альфа-Банк» АҚ ЕБ-да басқарушы директор-басқарма мүшесі және басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарында еңбек етті. 2022 жылдың мамыр айынан маусым айына дейін Андрей Тимченко «Есо Center Bank» АҚ ЕБ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

«Bereke Bank» АҚ баспасөз қызметі
press@berekebank.kz  | +7 727 266 35 68 (ішкі: 502 466; 00 351)

Соңғы жаңалықтар
20.02.2024
2023 жылы тұтынушылардың жоғары сұранысы мен КМС дивидендтері шоғырландырылған бюджеттің кіріс бөлігін қолдады
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылға арналған ҚР шоғырландырылған бюджетіне шолу ұсынады.
13.02.2024
Елдегі қолма-қол ақшасыз карточкалық транзакциялар көлемі ЖІӨ көрсеткішінен асып түсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша статистикаға шолу ұсынады.
12.02.2024
Сарапшылар алдағы 12 айдың көкжиегінде жылдық инфляцияның 8,8%-ға дейін төмендеуін күтуде
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы ақпандағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
07.02.2024
2023 жылғы банктік несиелеу: бөлшек саудадағы баяулау, бизнестегі жеделдету
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға Қазақстанның 2023 жылғы банк секторына шолу ұсынады.
26.01.2024
Елдің қор индекстері 2023 жылы өткен жылдың барлық құлдырауын ұтып алды және жаңа тарихи биіктерге жетті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға Қазақстанның 2023 жылғы бағалы қағаздар нарығына шолу ұсынады.
12.01.2024
19 қаңтардағы монетарлық саясат отырысында базалық мөлшерлеменің төмендеуін күткен сарапшылардың үлесі 94%-ке дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы қаңтардағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.