16.04.2019
1623 cапарлар
ЕҚДБ Қазақстандағы микроқаржылық ұйым үшін өзінің алғашқы синдикатталған кредитін ұйымдастырады
  • Қазақстандағы шағын, микро және орта бизнес компанияларды қолдау үшін теңгелік баламада 50 миллион АҚШ доллары сомасына синдикатталған кредит;

  • ЕҚДБ 10 миллион АҚШ долларына дейін береді, ал 40 миллион АҚШ долларына дейінгі сома синдикатталатын болады;

  • Қазақстандағы микроқаржылық ұйымның ЕҚДБ бірінші синдикатталған кредиті.

Қазақстандағы микро, шағын және орта бизнес секторы ЕҚДБ ұйымдастыруымен KMF ірі микроқаржылық ұйымына теңгелік баламамен 50 млн. АҚШ доллары көлемінде синдикатталған несие  алғасын қаржыландыруға қол жетімді болады.

10 млн. АҚШ долларына дейінгі қаржыны  ЕҚДБ меншікті қаражаты есебінен қаржыландыратын болады, ал қалған 40 млн.АҚШ доллары: IIV Mikrofinanzfonds; BlueOrchard Microfinance Fund; Microvest Short Duration Fund, LP; Incofin CVSO; Triple Jump B.V.; Monega Multi-Sector Microfinance & Impact Loan Fund; Microfinance Enhancement Facility S.A., SICAV-SIF; responsAbility Investments AG-мен басқарылған қорлары; және Bank im Bistum Essen eG. микроқаржылық инвестициялық қорларының есебінен  синдикатталатын болады. Қазақстандағы микроқаржылық ұйымды қаржыландыру ЕҚДБ ұсынған алғашқы синдикатталған қарыз болып табылады.

Қаражат АҚШ доллары түрінде бөлінетіндігіне қарамастан, ЕҚДБ  KMF қарызын валюталық айырбасты пайдалана отырып қазақстан теңгесі түрінде береді. Мұндай тәсілдеме KMF, инвестициялық қатысушы-қорларды және соңғы қарызгерлерді  шетел валютасы бағамдарының ауытқуымен байланысты тәуекелдерден қорғауды қамтамасыз етеді.

KMF Қазақстан бойынша 14 филиалы, 100 бөлімшесі бар, 220 000-нан аса тұтынушыларға қаржылық қызметтер көрсетеді. 2005 жылдан бері ЕҚДБ-ның серіктесі болып табылады.

KMF қарыз берудің жаңа түрі арқылы ЕО қаржыландырып отырған, ЕҚДБ-ның Орталық Азияда шағын бизнесті (RSBP) дамытуға арналған өңірлік бағдарламасынан пайда алуды жалғастырады. Ол МШОК ноу-хауды қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады, сонымен қатар микро, шағын және орта кәсіпорындарға қызмет көрсететін қаржы институттарына қатысты түрлі тақырыптар бойынша тренингтерге қатысуға қол жеткізеді.

Бүгінде ЕҚДБ Қазақстан экономикасына 254 жоба арқылы 8,85 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салды.

Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.