28 қаңтар 2019 ж., Мәскеу қ. – Brand Finance Халықаралық рейтингтік агенттігі 2018 жыл нәтижелері бойынша жетекші брендтер рейтингін әзірледі. Өткен жылы бренд күшінің индексі 90 тармақтан 93-ке көтерілді - нәтижесінде Сбербанк әлемнің ең мықты банктік бренді атанды. Банктер категориясында көш бастаумен қатар, Сбербанк әлемнің ең мықты 3 брендінің қатарына кіріп, Ferrari-ден кейінгі екінші орынды алды. СБербанк брендінің құны 2018 жылы 11,6-дан 12,4 млрд. доллардға өсті.
Ресейде, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде Сбербанк екінші жыл қатарынан ең қымбат және мықты бренд ретінде танылып келеді.
Герман Греф, Сбербанк президенті, басқарма төрағасы: «Алғаш рет ресейлік банктік бренд Brand Finance әлемдік жетекші брендтер рейтингінде көш бастап отыр. Кәсіпқой қауымдастықтың мұндай жоғары бағасы – Сбербанкті әлемдегі үздік технологиялық компаниялардың біріне айналдыру үшін күн сайын жұмыс жасайтын команданың еңбегінің лайықты нәтижесі. Көптеген инновациялар мен технологиялар алғаш Сбербанкте жасалып, енгізілген болатын. Қазір бұл технологиялар бүкіл әлемде банктер мен компаниялар тарапынан қолданылуда. Әрине, әлемдік көшбасшы атануымыз біздің таңдаған стратегиямыздың, яғни технологиялық көшбасшы болуға, өнімдер мен сервистердің экожүйесін дамытуға, клиенттерге кез келген өмірлік жағдайда қаржылық және қаржылық емес қызметтердің толық спектрын көрсетуге бағытталған стратегиямыздың дұрыстығын растайды».
Сбербанк бренді күшін арттырудың негізгі факторы өткен жылы дамыту жобаларына жасалған инвестициялар болып табылады.
Сбербанк жасаған инновациялық сервистер әр түрлі салаларда трендтер қалыптастыруда: Сбербанк бірінші болып ресей нарығында мобильді телефон нөмірі арқылы жылдам ақша аудару қызметін ұсынды. Бүгінде Сбербанк Р2Р аударымдары көлемі бойынша ресей нарығында көшбасшы болып табылады. 2018 жылы Сбербанк (The Nilson Report мәліметтеріне сәйкес) әлемдегі №6 эквайер және 1,7 млн. астам POS-терминалдары бар ресейлік аса ірі эквайер атанды, банк эквайрингінде банктік карталармен ай сайын 15 млн. транспорттық төлемдер жасалған. Сбербанк сондай-ақ NFC-төлемдерінің үлесі жағынан да көшбасшы болып табылады.
Сбербанк ресей нарығындағы ипотекалық кредиттеу көлемі бойынша ресей көшбасшысы атанды – ДомКлик сайтында тіркелген клиенттер саны 2 млн. асты. 2018 жылы банк бірінші болып Сбербанк Онлайн қызметінің қолданушыларына толық функционалды Visa Digital цифрлік картасын ашу мүмкіндігін ұсынды.
2018 жылы Сбербанк RATM (ақша рециркуляциясы функциясы бар банкомат) банкоматтары паркін 10 000 құрылғыға дейін кеңейітті. Сбербанк NFC технологиясы орнатылған өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларының аса ірі желісіне қызмет көрсетеді – 55 000 құрылғы жанасусыз төлем карталарын қабылдайды және мобильді құрылығыларды қолдану арқылы операциялар жүргізеді. Барлық жаңа банкоматтарда биометрикалық мәліметтерді өндеуге келісім сұралады, 400 банкомат биометрикалық шаблондарды жинақтайды. Бұл жылы банкмоттар паркінің төрттен бірін RATM банкоматтарына жаңарту жоспарланып отыр. Биометрикалық мәліметтер бойынша банкоматтарда операция жүргізу қызметі 2019 жылдың екінші жартысында қол жетімді болады.
Жылдың басынан бері Сбербанктің заңды тұлғаларды кредиттеу нарығындағы үлесі 32,8%-ға артты, ал белсенді клиенттер саны қазіргі таңда 2,5 млн. құрайды. 2018 жылы аса ірі клиенттермен көптеген мәмілелер іске асырылды: нарықтағы әр екінші құрылымдалған мәміле Сбербанкпен қаржыландырылған. Оған қоса, өткен жылы банк блокчейн технологиясындағы биржадан тыс үш жақты РЕПО мәмілесін және Ресейде алғаш болып Орталық Банктің «реттегіш алаңында» ICO мәмілесін жүргізген болатын. Банк клиенттермен қағазсыз қарым-қатынас жасау стратегиясын белсенді дамытуда – 1 млн. жуық клиенттер шарттар мен қаржы құжаттамасына e-invoicing технологиясының көмегімен «Сбербанк Бизнес Онлайн» интернет-банкинг жүйесінде қол қоюда. Сбербанк AI-үлгілері негізінде аса ірі бизнеске арналған онлайн-кредиттеу технологиясын жасап шығарды, оның елімізде аналогтары жоқ, мұнда кредиттеу шешімі клиенттерден құжаттарды сұратпай-ақ 7 минут ішінде қабылданады.
Дэвид Хейг, Brand Finance басқарушы директоры: «Клиентке бағдарлылықтың жоғары болуы және Сбербанк ұсынатын қаржы құралдарының кең ауқымы клиентпен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі және олардың брендке деген бейілділігін қалыптастырады. Сбербанк ресей нарығында айрықша орынға ие, ол клиенттермен белсенді қатынас жасайды, өз өнімдерін дамытып, экожүйесін кеңейтуде».
Бизнес-тиімділіктің жақсы көрсеткіштерге жетуі брендтің құнына жағымды әсерін тигізді, алайда валюталық курстардың тұрақсыздығы брендтің АҚШ долларындағы құнын есептеуге кері әсер етті. Brand Finance брендтердің күшін 19 фактор негізінде анықтайды, мысалы маркетингтік инвестициялар, қызметкерлердің жан-жақты білімі, олардың неге артықшылық беретіні, қамсыздандырылуы, корпоративтік репутация және т.б. Табыс деңгейімен бірге бренд күші брендтің құндылығын анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Рейтингті құрау кезінде компания Халықаралық стандарттау ұйымының ISO 10668 стандартын негізге алады.