• Біз туралы
    • ҚҚҚ туралы ақпарат
    • Сертификаттау бағдарламасы
    • ҚҚҚ кеңесі
    • Этика кодексі
    • Кіру тәртібі
    • Жарғы
    • Құрылымы
    • Консультативтік кеңес
  • Команда
  • Жаңалықтар
  • Талдау
    • Нарық мониторы
    • Қаржы секторына шолу
    • Бюджет және экономика салаларына шолулар
    • Тақырыптық зерттеулер
  • Оқиғалар
    • Оқиғалар
  • БАҚ басылымдары
    • Видео
    • Галерея
  • Байланысу
  • Білім базасы
    • Өз құқығын қорғау
    • Қаржылық сауаттылық
    • Қаржы қызметтерінің сапасын арттыру орталығы
    • Қаржы қызметтер туралы
    • Қаржылық сауаттылық бойынша нормативтік құжаттар
    • Бас қаржы келісімі
Ru
Kz
  • Бастысы
  • Біз туралы
  • Команда
  • Жаңалықтар
  • Талдау
  • ҚҚҚ мүшелерінің жаңалықтары
  • ҚҚҚ оқиғалар
  • БАҚ басылымдары
  • Байланысу
  • Білім базасы
  • Ru Kz
  • 02.12.2025
    68 cапарлар
    Неліктен бұдан былай кредиттер бірден берілмейді: «шешім қабылдау кезеңі» туралы
    2025 жылғы 30 қыркүйектен бастап біздің елімізде онлайн тұтынушылық кепілсіз қарыздар беру кезінде «шешім қабылдау кезеңі» деп аталатын жаңа тетік іске қосылды. Аталған тетік қарыз алушыға шарт жасасқаннан кейін қаражат аударуды кешіктіруді көздейді: ақша тек күту кезеңі аяқталғаннан кейін және клиент тарапынан қарыз алу ниетін қайта растағаннан кейін ғана аударылады. Fingramota.kz бұл адамдардың кредиттер рәсімдеу кезіндегі мінез-құлқына қалай әсер ететінін, алаяқтық кредиттер ресімдеудің алдын алуға қалай көмектесетінін және жаңа тетік қарыз алушылардың қай санатына қолданылатыны жөнінде айтып береді.
    26.11.2025
    60 cапарлар
    Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын жеке компанияларға басқаруға қалай бере алады
    2021 жылдан бастап Қазақстан азаматтары өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқарушы компанияларға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігіне ие болды. Бұл құрал зейнетақы қаражатын инвестициялау стратегиясын өз бетінше таңдауға, олардың кірістілігін арттыруға және тәуекелдерді әртараптандыруға мүмкіндік береді. Толығырақ Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық.
    30.10.2025
    251 cапарлар
    Қаржылық қақпан: қайтарымы жоқ жылдам ақша
    Соңғы жылдары Қазақстанда «таптырмас ұсыныс» және «жылдам табыс» дегенді алға тартып, азаматтарды алдап түсіру жағдайлары жиі тіркелуде. Қаскүнемдер адамдардың аса көп күш жұмсамай қаржылық жағдайларын жақсартқылары келетіндерін пайдаланып, жеңіл табыс көзіне кенелуге, кепілді инвестицияларға немесе кредит алуға көмек беруге уәде береді. Алайда, «судың сұрауы бар» демекші, мұның артында жақсы ойластырылған схемалар тұр, олар қыруар қаржылық шығындарға, тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. FinGramota.kz «тез баюдың» кеңінен таралған тәсілдерін қарастырып, өзіңді және өз жақындарыңызды қалайша қорғау керектігі жөнінде айтып береді.
    02.10.2025
    231 cапарлар
    Қаржы алаяқтарынан қарт адамдарды қалайша қорғауға болады: жаңа қағидалар мен ұсынымдар
    1 қазанда Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл күн аға буынның ерен еңбегін еске түсіру, қарт адамдардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне жаңа көзқараспен қарау үшін тамаша себеп. 60 + санаты алаяқтар үшін ең осал топ болып қалуда. Fingramota.kz кеңінен тараған алдау әдістері мен қауіпсіздік қағидалары және егде жастағы адамдарды алаяқтардан қалай қорғау керектігі жөнінде айтып береді.
    12.09.2025
    240 cапарлар
    Бір схема – түрлі сценарийлер: алаяқтардың жаңа айлалары
    Қазақстан азаматтары банк қызметкері, құқық қорғау органдарының өкілі атынан қоңырау шалатын жалған хабарламаларға немесе «картаңыз бұғатталды» деген SMS-терге үйреніп қалған. Алайда алаяқтар бір орында тұрған жоқ: олардың әдістері барған сайын күрделене түсуде. Бүгінде SMS-кодты тікелей сұраудың орнына қашықтан қол жеткізу технологиялары қолданылуда. Fingramota.kz жаңа схемалар туралы және олардан қалай қорғану керектігін түсіндіреді.
    21.08.2025
    226 cапарлар
    Фейктер және хайп-схемалар: неліктен интернеттен көргеннің бәріне сенуге болмайды?
    Біз таңқаларлық қызықты және күрделі дәуірде өмір сүріп жатырмыз: бір жағынан, біз өзімізді қызықтыратын кез келген ақпаратты бірнеше секунд ішінде ала аламыз, ал екінші жағынан, фейктерге және хайп-схемаларға алданып қалуымыз мүмкін. Неліктен Интернеттегі барлық нәрсеге сене беруге болмайтынын және ақпараттық қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету керек екенін Fingramota.kz-пен бірге қарастырамыз.
    10.07.2025
    331 cапарлар
    Дропперлік: алаяқтық схемаға қалай серіктес болып қалмау керек
    Соңғы жылдары Қазақстанда қаржылық алаяқтыққа байланысты құқықбұзушылықтар саны артып келеді. Қарапайым азаматтарды қылмыстық әрекеттерге тартудың жаңа түрлерінің бірі бұл — дропперлік. Алғашында бұл жеңіл әрі тәуекелсіз табыс көзі сияқты көрінеді. Алайда іс жүзінде — бұл қылмыстық жауапкершілікке апаратын жол. Fingramota.kz дропперлік схемалардан қалай сақтану керектігін түсіндіреді.
    17.06.2025
    454 cапарлар
    Инвестициялар саласындағы алаяқтық схемалар: алданып қалмаудың амалдары
    Соңғы жылдары, жаппай цифрландыруға байланысты онлайн форматта инвестиция жасайтын адамдардың саны айтарлықтай өсті. Ісін жаңадан бастаған инвесторлар инвестициялар туралы ақпарат алу үшін әлеуметтік желілер мен трендтерге жиі жүгінеді. Әлеуметтік желілер инвесторлар үшін көптеген артықшылықтар бере алғанымен, алаяқтар үшін де көп мүмкіндіктер туғызады. Қаскүнемдердің арбауына түспеудің жолдарын Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық.
    26.05.2025
    390 cапарлар
    Қаржылық қателіктер: жастарға нелерді білу маңызды
    Жастар ересек өмірге аяқ басып, өздігінен ақша таба бастаған кезде жіберетін ең үлкен қателік — тапқан табысын бірден жұмсай бастау, оларға қаржы жинау сонау бір алыс және маңызды емес дүние болып көрінеді. Бірақ өмір шындығы басқалай болып шығады: күнделікті кезек күттірмейтін жалдау ақысы, коммуналдық қызметтер, тамақ және басқа да қосымша шығындар бар. Әлбетте, жастық шақта қаржылық қателіктерге бой алдыру оңай, олардың салдары бірнеше жылдарға созылып, жастардың толыққанды дамуына кедергі болады. Жастар қандай қаржылық қателіктер жасамаулары тиіс екендігі жөнінде Fingramota.kz-пен қарастырып көрелік.
    15.04.2025
    305 cапарлар
    Цифрлық қақпан: алаяқтардың құрығына түсіп қалмаңыз
    Заманауи қаржылық технологиялар банктік және басқа да қаржылық қызметтерді алуды едәуір жеңілдетіп, оларды қол жетімді және ыңғайлы етті. Сонымен қатар, цифрлық мүмкіндіктердің кеңеюі алаяқтарға да көп мүмкіндіктер берді, олар азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін іздеп, қаржы технологиялық саланы белсенді игеріп бағуда. Қаржылық шығындардан қалай аулақ болуға және дербес деректеріңізді қалайша қауіпсіз сақтауға болатыны жөнінде Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық.
    04.04.2025
    398 cапарлар
    Ерікті автосақтандыру (КАСКО): сіз қандай нюанстарды білуіңіз керек?
    Сақтандыру - бұл сіздің жылжымалы және жылжымайтын мүлкіңізді күтпеген жағдайлардан қорғауға мүмкіндік беретін қаржылық құрал. Алайда, клиенттің осы мәселені шешу және қарастырылған өтемақыны алу үшін білуі және ескеруі тиіс бірқатар маңызды нюанстар бар. Сақтандырудың міндетті және ерікті түрлері бар. Ерікті сақтандырудың бір түрі - КАСКО. Алматы қаласындағы «Халық» сақтандыру компаниясы «Қазақстанның Халық Банкінің» филиалының директоры Құрман Каметов аталған сақтандыру өнімі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
    18.02.2025
    380 cапарлар
    Ісін жаңадан бастаған инвесторлардың басты қателіктері: қалайша олардың алдын алуға болады
    Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің деректері бойынша 2024 жылдың 11 айында номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың жалпы саны 983 126 шотқа немесе 40,2%-ға ұлғайған. Бұл статистика қазақстандықтардың бағалы қағаздар нарығын белсенді игере бастағанын көрсетеді. Алайда, қор нарығында бағалы қағаздармен сауда-саттық жасамас бұрын, ойынның негізгі ережелерін білу керек. Ісін жаңадан бастаған инвесторларқандай қателіктер жіберулері мүмкін екендігі жөнінде Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық!
    12345
    • Бастысы
    • Біз туралы
    • Команда
    • Жаңалықтар
    • Талдау
    • Медиа
    • Оқиғалар
    • Байланысу
    Жаңалықтарға жазылу
    © Все права защищены, 2017-2025 гг.
    afk@afk.kz
    Яндекс.Метрика