26.01.2026
2962 cапарлар
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді

2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті автосақтандыру жүйесіндегі өзгерістер күшіне енеді. Түзетулер алғаш рет сақтандыру шартын жасасқан жүргізушілерге (автомобиль және мотоцикл иелеріне), сондай - ақ аймақтық коэффициенттерді жаңарту арқылы барлық автокөлік иелеріне әсер етеді. Сақтандыру полисінің құнына және автокөлік жүргізушілерінің бюджетіне қалай әсер ететінін Fingramota.kz-пен қарастырайық.

 

Полистің құны: базалық мөлшерлеме 

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының базалық құны 2026 жылы шамамен 8 217 теңгені құрайды. Құнның өсуі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 325 теңге мөлшерінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты.

Базалық құн бастапқы шама болып табылатынын, ал полистің қорытынды құны түзету коэффициенттерін қолдана отырып, оның ішінде мыналарды ескере отырып қалыптастырылатынын ескеру қажет:

  • көлік құралын тіркеу аймағы;
  • жүргізушінің жасы және өтілі;
  • көліктің түрі;
  • сақтандырылушының кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуы. 
Түзету коэффициенттері 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір өңірдің шығындылығы статистикасын ескере отырып қалыптастырылған түзету коэффициенттерінің жаңартылған мәндері қолданылады.

Апаты жоғары өңірлерде сақтандыру қымбатырақ болады. Жекелеген өңірлерде сол деңгейде қалады. Бұл базалық құны бірдей болса да, әр түрлі өңірлердегі сақтандыру әр түрлі болады дегенді білдіреді. 

Рульге жаңа отырған адамдар: сақтандыру құны қолжетімді болады 

Маңызды өзгерістердің бірі автосақтандыруды алғаш рет ресімдеген жүргізушілер үшін сақтандыру шарттарын қайта қарау болады. 2026 жылдан бастап жаңа сақтанушылар үшін тарифтік мөлшерлемелерді төмендету көзделген.

Бұл шара рульге алғаш отырғандар үшін полисті ресімдеу кезіндегі кедергілерді азайтуға бағытталған. Бұл тәсіл сақтандыру мәдениетін дамытуға, жолдардағы жауапкершілікті арттыруға және міндетті сақтандырудың қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. 

Сақтандыру шартын рәсімдеу кезінде нені ескеру керек 
  1. Сақтандырушының лицензиясы.  Сақтандыру компаниясының ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген жарамды лицензиясы бар екеніне көз жеткізіңіз.
  2. Сақтандыру жағдайының шарттары. Шартта нақты көрсетілуі тиіс: қандай жағдайларда төлем жасалады, қандай тәуекелдер қамтылады және қайсысы қамтылмайды.
  3. Сақтандыру сомасы мен лимиттері.  Полис бойынша ең жоғарғы төлем мөлшерін тексеріңіз.
  4. Бонус-малус коэффициенттері (міндетті сақтандыру үшін).  Сізге қандай сақтандыру класы қолданылатынын және ЖКО немесе өзге де факторлар тарифке қалай әсер еткенін біліңіз.
  5. Құжаттар мен өтініш беру тәртібі.  Сақтандыру жағдайы туындаған кезде қандай құжаттар қажет, қанша мерзім ішінде хабарлау керек, залал қалай бағаланады және даулы жағдайларда қайда жүгіну керектігін нақтылап алыңыз.
  6. Мәліметтерді тексеру.  Шартқа қол қоймас бұрын енгізілген барлық деректердің дұрыс екеніне көз жеткізіңіз. Мысалы, көлікті қолданатын өңір мен пайдалану ерекшеліктері дұрыс көрсетілген бе. Егер жалған немесе қате деректер берілсе, сақтандыру төлемі төленбеуі мүмкін.

Fingramota.kz автокөлік жүргізушілеріне мынадайкеңес береді:

  • бір компанияға бағдарланбай, әр түрлі сақтандырушылардың ұсыныстарын салыстыру;
  • шығыстарды жоспарлау кезінде өңірлік коэффициенттерді ескеру;
  •  полистің шарттарын мұқият оқып шығу, әсіресе бірінші ресімдеу кезінде. 

Міндетті автосақтандыру – бұл формалды жағдай емес, бұл көлік құралдары иелерін үшінші тұлғалар алдында қаржылық қорғаудың маңызды құралы. Ол жол қозғалысының басқа қатысушыларына келтірілген залал үшін жауапкершілікті қамтамасыз етеді, жол-көлік оқиғасы болған жағдайда өз қалтасынан үлкен шығындарды болдырмауға көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
Бизнесті кредиттеудің өсімін негізінен қолданыстағы қарыз алушылар қамтамасыз етіп отыр
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстан экономикасы салаларын кредиттеудің 2026 жылғы 9 айдағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.