08.02.2024
32385 cапарлар
Гаухар Бисембиева «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Банктің Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы шешіміне сәйкес (№1 отырыс хаттамасы), Гаухар Тусупкалиевна Бисембиева 2024 жылғы 5 ақпаннан бастап Банк Басқармасының мүшесі - Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары (COO) болып тағайындалды.

Гаухар Бисембиева - 2017 жылғы ақпаннан бері «ForteBank» АҚ Басқармасының мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары. 2021 жылғы мамырда «ForteBank» АҚ болып атауы өзгерген «Метрокомбанк» АҚ-да әр жылдары басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының міндетін атқарушы, басқарма төрағасы болған.

Қаржыгер мансабын 1998 жылы тамызда «Демир Казахстан Банк» ААҚ-да клиенттермен жұмыс жөніндегі маман ретінде бастаған. Кейін «TEXAKABANK» АҚ-да операциялық департамент директоры, атқарушы директор, басқарушы директор, басқарма төрағасының бірінші орынбасары позицияларында жұмыс істеген.

1997 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясының халықаралық экономикалық қатынастар факультетін бітірген. 2006 жылы КИМЭП институтында (Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты) іскерлік басқару магистрі дәрежесін алған.

Соңғы жаңалықтар
12.06.2025
Тек әрбір төртінші өтінім ипотекалық қарыздар бойынша мақұлданады
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолу ұсынады.
05.06.2025
Мөлшерлеме, инфляция және курс: сарапшылардың күтуіндегі қалыпты оптимизм
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы маусымдағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
04.06.2025
Корпоративтік несиелеу: шағын бизнес белсенді, тоқыраудағы инвестициялық несиелер
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы 1 тоқсандағы кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге шолу ұсынады.
26.05.2025
Ағымдағы шоттың тапшылығын қаржыландыру ҚРҰБ резервтерінен қаржы шоты бойынша ағындарға ауысты
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылға арналған сыртқы секторға шолу ұсынады.
13.05.2025
Зейнетақы аннуитеттері мен кредиттік сақтандыруға өсіп келе жатқан сұраныс ӨСК шарттары санының 3,1 млн-ға дейін өсуін қамтамасыз етті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы 1 тоқсандағы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
13.05.2025
Бірінші тоқсанда бөлшек және корпоративтік несиелеудің теңгерімді кеңеюі байқалды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы 1 тоқсандағы Қазақстанның банк секторына шолу ұсынады.