18.08.2026
276 cапарлар
Бірінші жартыжылдықта қолма-қол ақшасыз транзакциялар 5,4%-ға өсті, ал қолма-қол ақша алу 2,8%-ға қысқарды

ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қолма-қол ақшасыз карталық операциялар статистикасына шолуды ұсынады.

Резюме

  • 2026 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі ж/ж 5,4%-ға өсіп, ₸91,2 трлн-ға жетті, ал банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алу көлемі 2,8%-ға қысқарып, ₸12,6 трлн-ды құрады.
  • Осы аяда карталық транзакциялардың жалпы көлеміндегі қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі 87,0%-дан 87,9%-ға дейін ұлғайды.
  • 2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда, қолма-қол ақшасыз айналымның өсу қарқыны айтарлықтай баяулады — 19,3% ж/ж-дан ағымдағы 5,4%-ға дейін.
  • Неғұрлым қалыпты динамика бұл сегменттегі төлем белсенділігінің төмендегенін емес, жоғары базаны және қолма-қол ақшасыз құралдарды пайдаланудың айтарлықтай деңгейге жеткенін көрсетуі мүмкін.
  • Сонымен қатар, қолма-қол ақшасыз транзакциялар саны 6,0%-ға ұлғайып, олардың көлемінің өсуінен (+5,4%) сәл озып кетті, соның салдарынан орташа чек ₸13,1 мыңға дейін төмендеді (-0,7%,).
  • Байқағанымыздай, қолма-қол ақшасыз айналымның ұлғаюы орташа сатып алу сомасының артуы емес, операциялар жиілігінің жоғарылауы, соның ішінде шағын күнделікті төлемдер есебінен көбірек қамтамасыз етіледі.
  • Сонымен қатар, қолма-қол ақша алу динамикасы қарама-қарсы бағытқа өзгерді. Мұндай операциялардың саны да (-4,1%), көлемі де (-2,8%) төмендеді. Нәтижесінде, бір рет қолма-қол ақша алудың орташа сомасы шамамен 1,3%-ға өсіп, ₸114,3 мыңға жетті.
  • Қолма-қол ақшасыз төлемдер құрылымында интернет-операциялар негізгі арна болып қала береді, алайда олардың үлесі 80,1%-дан 79,0%-ға дейін төмендеді.
  • Сонымен қатар, QR-төлемдердің үлесі 10,2%-дан 10,9%-ға, ал POS-төлемдердің үлесі 9,6%-дан 10,0%-ға өсті.
  • Транзакциялық белсенділіктің өсуі карта базасының қысқаруы аясында орын алуда. Бірінші жартыжылдықта айналымдағы төлем карталарының жалпы саны 83,6 млн-ға (-1,1%) дейін, негізінен халықаралық жүйелер сегментінде (-2,2%, 55,3 млн-ға дейін) қысқарды.
  • Керісінше, жергілікті жүйелердің карточкалар саны 0,9%-ға – 28,3 млн-ға дейін өсті. Нәтижесінде, жергілікті жүйелердің үлесі жыл басындағы 33,2%-дан 33,9%-ға дейін өсті.
  • Карта базасындағы өзгерістер бірқалыпты болып қала береді, алайда бұл ішкі төлем шешімдерінің қатысу аясының біртіндеп кеңейіп жатқанын көрсетеді.
  • Өңірлік динамика да бірқалыпты бола түсуде. Қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі барлық 20 өңірде өсті, ең байқаларлығы — Ұлытау облысында (+2,87 п.т.), Жетісу облысында (+2,59 п.т.) және Ақмола облысында (+1,74 п.т.).
  • Сонымен қатар, ең жоғары және ең төменгі өңірлік көрсеткіштер арасындағы алшақтық шамамен 19,0-ден 18,3 п.т.-ге дейін қықсарды. Әлі де жоғары болып отырған бұл алшақтық қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың үлесі республикалық орташа деңгейден (87,9%) әзірге төмен өңірлерде одан әрі өсу әлеуетінің бар екенін көрсетеді.

Кезеңнің қысқаша қорытындылары

Қолма-қол ақшасыз төлемдер өсуін жалғастыруда, алайда баяу қарқынмен. Қазақстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар үлесі 87,9%-ға жеткен жағдайда, айналымның әрі қарай ұлғаюы карталар базасын кеңейтуге емес, қолданыстағы құралдарды пайдалану жиілігіне көбірек байланысты. Атап өтсек, бірінші жартыжылдықта елімізде шамамен 7 млрд қолма-қол ақшасыз операция жасалды, бұл әрбір тұрғынға шамамен 339 операциядан немесе күніне жуық екі операциядан келеді.

Сонымен қатар, күнделікті есеп айырысулардағы қолма-қол ақшаның рөлі біртіндеп төмендеуде. Қолма-қол ақшасыз операциялардың көлемі банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алу көрсеткішінен қазірдің өзінде жеті еседен астам асып түседі, оның үстіне соңғылары ағымдағы жылы қысқарып жатыр. Бұл айналымның өсу қарқыны неғұрлым бірқалыпты болса да, қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінің әрі қарай ұлғаюына жағдай жасайды.

Сонымен қатар, интернет-операциялардың жоғары рөлі сақталған жағдайда QR-төлемдердің кеңеюі клиенттер үшін төлем әдістерін таңдау мүмкіндігін арттырады, ал жергілікті төлем жүйелері үлесінің өсуі (33,9%-ға дейін) ішкі шешімдердің қатысуын күшейтеді. Осындай жағдайларда сервис сапасының ыңғайлылығы, есеп айырысу жылдамдығы және төлемдердің цифрлық экожүйелерге біріктіру бұрынғыдан да маңызды бола түсуде.

Сонымен қатар, қолма-қол ақшасыз операциялардың ең жоғары және ең төменгі үлестері арасындағы өңірлік алшақтық әлі де 18 п.т.-ден асады, сондықтан республикалық орташа көрсеткіштің әрі қарай өсуі көп жағдайда ағымдағы базасы төмен өңірлерде цифрлық төлемдердің таралуына байланысты болады.

Екінші жартыжылдықта экономикадағы тұтыну және іскери белсенділіктің баяулауы аясында қолма-қол ақшасыз айналымның өсу қарқыны бұрынғы жылдармен салыстырғанда біршама бірқалыпты болып қала беруі ықтимал (бөлшек сауда 6,6%-дан 3,8%-ға, ал көтерме сауда 9,2%-дан 6,6%-ға баяулап жатыр).

PDF-версия обзора

Аналитический центр АФК регулярно готовит экономические обзоры различной периодичности об экономической ситуации на валютных, фондовых, товарных рынках, анализ эмитентов KASE, статистических данных Национального банка РК, Министерства национальной экономики РК, Министерства финансов РК, Комитета государственных доходов, а также прочих событий, оказывающих влияние на текущую экономическую ситуацию в стране.

Любое использование аналитических материалов допускается только при наличии гиперссылки на источник afk.kz

Соңғы жаңалықтар
18.08.2026
Бірінші жартыжылдықта қолма-қол ақшасыз транзакциялар 5,4%-ға өсті, ал қолма-қол ақша алу 2,8%-ға қысқарды
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қолма-қол ақшасыз карталық операциялар статистикасына шолуды ұсынады.
18.08.2026
Аннуитеттік сақтандырудың қарқынды өсімі аясында ӨСК активтері, сақтандыру сыйақылары мен төлемдері артуда
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
17.08.2026
ЖСК сақтандыру портфелін қайта құру аясында қалыпты өсуге көшуде
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы Қазақстанның жалпы сақтандыру нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
13.08.2026
Ақша-несие саясатын жұмсарту нақты пайыздық мөлшерлеменің жедел төмендеуіне әкеп соқпайды
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылғы тамыздағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.
11.08.2026
Банктердің қорландыру құны активтердің кірістілігінен озып келеді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстан банк сектордың 2026 жылғы I жартыжылдықтағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
31.07.2026
KASE мен AIX-тегі сауда-саттық көлемі шамамен 50%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы 1-ші жартыжылдықтағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.