09.12.2025
391 cапарлар
Автонесиелеу бөлшек несие нарығындағы ең жылдам өсіп келе жатқан сегментке айналды

ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылдың 9 айындағы қазақстандық автокредиттеу нарығына шолу ұсынады.

Негізгі үрдістер

  • 2025 жылдың 9 айында автонесиеге берілген өтінімдер саны 48%-ға өсті. Бұл өткен жылғы деңгейге (+50% ж/ж) шамалас көрсеткіш.
  • Мұндай жоғары сұраныс, ең алдымен, автонесиелеу секторының несие беру шарттарының жақсаруына өте сезімтал болуымен түсіндіріледі. Банктер мен автодилерлер акциялық өнімдерді белсенді ұсынып, бағдарлама аясын кеңейтуде. Сонымен қатар, қарыз алушылар үшін автомобиль тек көлік құралы ғана емес, сонымен бірге жеткізу қызметтері, такси және шағын бизнес үшін табыс көзіне айналып келеді. Осы факторлар жүйедегі жалпы қаржылық жағдайдың қатаюына қарамастан, тұрақты сұранысты сақтап тұр.
  • Өтінімдер ағынының айтарлықтай артуы нақты несие беру көлеміне тікелей ықпал етті: автонесие сегменті бөлшек несиелеудің барлық бағыттары ішінде жаңа несиелерді беру өсімі бойынша көш бастап тұр. Өсім қарқыны өткен жылғы 35%-бен салыстырғанда 47%-ға дейін жеделдеді.
  • Несие берудің өсімі құрылымдық және қысқа мерзімді факторлардың үйлесімімен қамтамасыз етілді: өнімдік желінің кеңеюі, белсенді маркетингтік науқандар, акциялы мөлшерлемелер, төлем қабілетті сұраныстың артуы (мақұлдаулар үлесінің өсуі) және қарыз жүктемесі коэффициентін (ҚЖК) есептеу талаптарының жеңілдетілуі бірқатар клиенттер үшін қарыз қаражатына қолжетімділікті арттырды. Осы ахуал аясында несиеге сатып алынған автомобильдердің үлесі екі есеге жуық артып, 38%-дан 66%-ға дейін көтерілді.
  • Сонымен қатар, автонесие бойынша орташа салмақталған мөлшерлеме жылдың бірінші жартыжылдығында белсенді түрде төмендеді, алайда кейін бірқатар маркетингтік науқандардың аяқталуы, қаржыландыру құнының өсуі және жүйедегі жалпы мөлшерлемелердің артуы аясында жыл басындағы деңгейге тез орала бастады.
  • Өтінімдерді мақұлдау үлесі сәл өсті — 16,5%-дан 17,5%-ға дейін. Бұған жалақының 11,3%-ға өсуі және жұмыспен қамтудың 103 мың адамға артуы әсер етті. Бұл кейбір борышкерлердің төлем қабілетін жақсартып, олардың банктердің скорингтік талаптарына сәйкестігін арттырған болуы мүмкін.
  • Алайда бұл көрсеткіш бөлшек несиелеудің орташа деңгейінен (27,1%) әлі де айтарлықтай төмен болып отыр. Бұл автосегментте несие беру критерийлерінің қатаң болуымен түсіндірілуі мүмкін: несие көлемдерінің ірі болуы, мерзімдердің ұзақтығы және ақша-несие саясатын қатаңдату жағдайында сақталып отырған консервативті тәуекелге бейімділік.
  • Айта кету керек, автонесиелер бойынша мерзімі өткен қарыз үлесі (3,3%) бөлшек несиелеудің орташа деңгейінен (4,0%) төмен болып отыр. Бұл автосегменттегі борышкерлер құрамының сапалы болуын және өнімнің кепілге негізделген сипатын көрсетеді, ол қарызды уақытында өтеуді ынталандырып, дефолт ықтималдығын төмендетеді.
  • Автонесиелеуді қосымша қолдау өндірістік фактормен қамтамасыз етілуде. Елде 2025 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша автомобиль өндірісі 106,7 мың бірлікке дейін өсті (2024 жылғы 9 айда – 91,0 мың бірлік). Нәтижесінде, Қазақстанда өндірілген автокөліктердің тіркелген жалпы көліктердегі үлесі 6%-дан 11%-ға дейін көтерілді.
  • Дегенмен, нарық циклдық өзгеріске жақындап келеді, бұл қарыз құны мен несие көлемдеріне әсер етіп үлгерді (төменде қараңыз). 2025 жылдың IV тоқсанында автонесиелерге сұраныстың бәсеңдеуі күтілуде. Бұған ақша-несие саясатының қатаңдатылуы, жаңа реттеуші шектеулердің енгізілуі, сондай-ақ кейбір автомобиль категорияларын (соның ішінде электромобильдерді) жеңілдікпен әкелудің аяқталуы әсер етеді. 

Резюме

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында автонесиелеу барлық негізгі көрсеткіштер бойынша екі таңбалы өсімді көрсетті: автонесиелерге өтінімдер 48%-ға, жаңа несие берулер көлемі 47%-ға, несие портфелі 35%-ға өсті. Барлық негізгі көрсеткіштер бойынша үйлескен өсім автонесиелерді бөлшек несиелер сегментіндегі ең жылдам дамып жатқан сектор ретінде бекітті. 

Осыған байланысты оның жаңа берілетін несие құрылымындағы үлесі 9,5%-дан 12,4%-ға, ал бөлшек несиелер портфеліндегі үлесі 13,7%-дан 15,9%-ға дейін өсті. Бұл автокөліктерге жеке және бизнес мақсаттардағы жоғары сұранысты ғана емес, сонымен қатар бөлшек нарықта кепілге негізделген өнімдерге бағытталған құрылымдық өзгерісті де көрсетеді. Мұндай өнімдер жоғары базалық мөлшерлеме жағдайында борышкерлер үшін қолжетімді болып қала береді және банктер үшін тәуекелі төмен болып саналады.

Алайда тамыз-қыркүйек айларында алғашқы салқындату белгілері байқалды: автонесиелер бойынша мөлшерлемелер қаржыландыру құнының өсуі және маркетингтік бағдарламалардың аяқталуына байланысты (350–410 базистік тармаққа) артты, ал жаңа несие берулердің өсу қарқыны 14–17%-ға төмендеді. Бұл сегменттің жергілікті шыңға жеткенінің алғашқы белгілері болып табылады, әрі алдағы динамика енді стимулдық факторлардан гөрі ақша-несие және макропруденциалдық саясаттағы шектеулерге байланысты болуы мүмкін.

IV тоқсанында сұраныстың төмендеуі күтілуде: базалық мөлшерлеменің өсуі және реттеуші талаптардың қатаңдауы сұранысты тежеуге және банктердің борышкерлерге қойған талаптарын күшейтуге әсер етеді. Осы жағдай аясында автонесиелеу өсуді жалғастырады, бірақ әлдеқайда тұрақты қарқынмен, жедел кеңею кезеңінен кейін біртекті өседі. Бұл сегменттегі қосымша салқындату жаңа автолизинг бағдарламасы аясында белгілі бір тұтынушылық сұраныстың қанағаттандырылуынан да байқалуы мүмкін.


Шолуын PDF-нұсқасы

ҚҚҚ талдау орталығы валюта, қор, тауар нарықтарындағы экономикалық жағдай, KASE эмитенттерінің талдауы, ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің статистикалық деректері, сондай-ақ елдегі ағымдағы экономикалық жағдайға әсер ететін өзге де оқиғалар туралы әртүрлі мерзімділіктегі экономикалық шолуларды үнемі дайындайды. ҚҚҚ талдау орталығының материалдарымен ҚҚҚ сайтында танысуға болады.

Талдау материалдарын кез келген пайдалануға тек afk.kz дереккөзіне гиперсілтеме болғанда ғана жол беріледі.

Соңғы жаңалықтар
09.12.2025
Автонесиелеу бөлшек несие нарығындағы ең жылдам өсіп келе жатқан сегментке айналды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылдың 9 айындағы қазақстандық автокредиттеу нарығына шолу ұсынады.
08.12.2025
Зейнетақы қорынан тұрғын үй жағдайын жақсартуға аударылған қаражат көлемі ₸449,7 млрд дейін өсті (+81% ж/ж)
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы 9 айдағы 2025 жылғы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолу ұсынады.
30.11.2025
Бизнесті несиелеу 16%-ға ұлғайды: өсімнің негізгі қозғаушы күші – орта және ірі кәсіпорындар
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылдың 9 айында кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге шолу ұсынады.
30.11.2025
Өмірді сақтандыру секторы 25% өсім көрсетіп, сақтандыру нарығының негізгі драйверіне айналды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылдың 9 айындағы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
25.11.2025
ҚҚС пен КТС арқасында республикалық бюджет кірісті 1,4 трлн-ға ұлғайтты
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылдың 9 айындағы ҚР бюджет балансына шолу ұсынады.
25.11.2025
Қолма-қол ақшасыз төлемдер ₸135,2 трлн немесе ЖІӨ-нің 136%-на жетті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылдың 9 айындағы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша статистикаға шолу ұсынады.