08.12.2023
15757 cапарлар
ҚҚҚ қаржылық қызметтерді тұтынушыларға алаяқтық болуы мүмкін екендігі туралы ескертеді

Алматы, 7 желтоқсан 2023 ж. — Қазақстандық қаржы қызметтерін тұтынушылардан "Алмаз Кредит" АҚ-ға қатынасы туралы бірнеше рет сұрау алуына байланысты Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы төмендегілерді хабарлау қажет деп санаймыз.

Өзін "Алмаз Кредит" АҚ деп атайтын ұйым ешқашан Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының құрамына кіру туралы ресми өтінішпен жүгінбеген, оның мүшесі болып табылмаған және болып табылмайды. Тиісінше, қаржы қызметтерін тұтынушыларға баспа және/немесе электрондық нысанда ұсынылуы мүмкін осы ұйымның ҚҚҚ-ға мүшелігі туралы куәлік жалған болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес қылмыстық жазаланатын әрекеттерге жатады және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Сонымен қатар, ҚҚҚ-да бар ақпарат бойынша бұл ұйымда Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолданыстағы лицензиясы жоқ. Бұл автоматты түрде осы ұйымның қаржылық қызметтерді тұтынушылармен кез-келген өзара іс-қимылын заң шеңберінен шығарады және ол үшін әкімшілік және/немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған заңсыз кәсіпкерлік санатына жатады.

Мүмкін болатын алаяқтық әрекеттердің құрбаны болмау үшін Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы қаржы қызметтерін тұтынушыларға ұйымның қаржы қызметтері нарығындағы қызметті ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында сілтемелер бойынша жүзеге асыруға заңды құқығы бар-жоғын тексеруді қатаң түрде ұсынады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/financial-organizations/24?lang=kk

https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/financial-organizations/25?lang=kk

https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/activities/788?lang=kk

https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/financial-organizations/53?lang=kk 

Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.
04.09.2026
Сарапшылар базалық мөлшерлеме қыркүйекте төмендеп, бір жылдан кейін 14,75%-ға дейін түседі деп болжап отыр
ҚҚҚ талдау орталығы қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылдың қыркүйек айындағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.