24.09.2018
1869 cапарлар
ҚҚҚ кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бағдарламасы бойынша семинар өткізді

Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы қылмыстық жолмен кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бағдарламасы бойынша (КЖҚ/ТҚ) екі күндік семинар өткізді. Кезекті семинар КЖҚ/ЛҚ сертификаттаудың ұлттық құрамдас бөлігіне арналды, онда 13 қаржы мониторингі субъектілері-ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстардан түскен кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға сәйкес, қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлері КЖҚ/ТҚ туралы заңнама талаптарын сақтау үшін  дайындалуы және оқытылуы  тиіс.

Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы жүйелі түрде жергілікті және халықаралық стандарттарға сәйкестік сертификаттарын алу үшін емтихан тапсыра отырып, ұлттық және халықаралық компоненттерден тұратын сертификаттау бағдарламасын жүргізеді. Бағдарлама ақшаны жылыстатумен күрес саласындағы сертификатталған мамандар қауымдастығы (ACAMS), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен және ЕҚЫҰ бағдарламаларының жергілікті кеңсесінің көмегімен әзірленді.

Бағдарламаның лекторлары Ұлттық Банктің және екінші деңгейдегі банктердің сертификатталған қызметкерлері болып табылады, олар КЖҚ/ТҚ -дың заң талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету және енгізу бойынша мол тәжірибесі бар. Сертификаттау бағдарламасының ұлттық және халықаралық компоненттерінің құрамында қауіп-қатерлер, халықаралық стандарттар, ақшаны жылыстатумен күрес және тергеу процесін жүргізумен байланысты модульдер бар.

КЖҚ/ТҚ бағдарламасының кезекті семинары қазан айында өтеді. Қатысу үшін мына телефонға хабарласыңыз: +7 (727) 266-77-77, ішкі 109.

Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.
04.09.2026
Сарапшылар базалық мөлшерлеме қыркүйекте төмендеп, бір жылдан кейін 14,75%-ға дейін түседі деп болжап отыр
ҚҚҚ талдау орталығы қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылдың қыркүйек айындағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.