28.05.2019
2610 cапарлар
Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы 20 жылдығын атап өтуде

1999 жылдың 28 мамырында І қаржыгерлер конгресінің қорытындысы бойынша Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығын құру туралы құрылтай келісім-шартына қол қойылды.

Қауымдастық Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған, ол өз сөзінде Конгреске қатысушыларға бірігуді және қаржы қауымдастығының мүдделерін білдіретін және заңнаманы жетілдіруге қатысатын кәсіби қауымдастықты құруды ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзінен: «Бүгінгі Форумның тәжірибесі негізінде барлық қаржы институттарын өзінің табиғаты бойынша ерікті және коммерциялық емес бірыңғай құрылымға біріктіру туралы ойлаған жөн. Бұл қаржы нарықтарының жұмыс істеуінің құқықтық тетіктерін бірлесіп әзірлеуге, заңнамалық және атқарушы биліктермен өзара қарым-қатынасты өркениетті құруға, жалпы проблемаларды шешуге көмектеседі. Бүгінгі Конгрестің бейнесі бойынша мұндай бірлестікті Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы деп атауға болады».

Конгресте қабылданған қарарға сәйкес Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы құрылды. Қауымдастықтың құрылтайшылары екінші деңгейдегі бес ірі банк пен сақтандыру компаниясы болды.

Әр жылдары қауымдастықты Дәулет Сембаев, Ораз Жандосов, Қадыржан Дамитов, Серік Аханов, Асқар Елемесов, Мағжан Әуезов және Юлия Якупбаева басқарды.

Бүгінде ҚҚҚ мүшелері 127 ұйым болып табылады, олардың ішінде барлық қазақстандық банктер, сақтандыру компаниялары мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың басым бөлігі, білім беру мекемелері және қаржы нарығына басқа да қатысушылар. ҚҚҚ сондай-ақ бірқатар тар бейінді кәсіби қауымдастықтарды, технологиялық компанияларды (төлем сервистері, fintech), аудиторлық, лизингтік және басқаларды біріктіреді.

Елена Бахмутова, ҚҚҚ кеңесінің төрайымы: «Құрметті қаржыгерлер, ҚҚҚ мүшелері! Біздің еліміздің жаңа тарихында 20 жыл – бұл өте үлкен мерзім. Осы уақыт ішінде қауымдастық үлкен жұмыс атқарды, ол өзінің қажеттілігі мен өміршеңдігін дәлелдеді. Қаржы ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеу арқасында қауымдастық үлкен беделге және құрметке ие болды. Мен қауымдастық алаңында сараптама жасайтын, заңнаманы жетілдіруге көмектесетін нарықтың барлық қатысушыларына алғыс айтқым келеді. ҚҚҚ қаржы нарығына қатысушылардың мүдделерін қорғау және барлық секторды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырады. Сіздерді мерейтоймен  шын жүректен құттықтаймын. Жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін».

Бүгін ҚҚҚ 20 жылдығына орай мерейтойлық кеңес өтеді.

Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.
04.09.2026
Сарапшылар базалық мөлшерлеме қыркүйекте төмендеп, бір жылдан кейін 14,75%-ға дейін түседі деп болжап отыр
ҚҚҚ талдау орталығы қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылдың қыркүйек айындағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.