25.06.2025
4595 cапарлар
Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы Әзірбайжан банктер қауымдастығымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Фото: ақпарат агенттігі Reporter.az

Алматы, 25 маусым 2025 ж.— Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы (ҚҚҚ) Әзірбайжан банктерінің қауымдастығымен (ӘБҚ) Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бакудегі Fintex Summit 2025 алаңдарында қол қойылған құжатқа сәйкес, тараптар ҚҚҚ мен ӘБҚ арасындағы ынтымақтастықты жолға қоюға, Қазақстан мен Әзірбайжанның қаржы қауымдастықтары арасындағы әріптестікке жәрдемдесуге және екіжақты байланыстарды дамытуға, семинарлар мен білім беру бағдарламаларын қоса алғанда, банк саласында бірлескен іс-шараларды өткізуге көмектесуге, салалық ақпаратпен алмасуға және Қазақстан мен Әзірбайжанда өз қатысушы банктерінің бизнесін дамыту үшін байланыс арнасын ұйымдастыруға өзара ниет білдірді. ҚҚҚ тарапынан Меморандумға Қауымдастық Кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, ӘБҚ тарапынан — Қауымдастық президенті Закир Нуриев қол қойды.

"Қазақстан мен Әзірбайжанды тек географиялық жақындық қана емес, сонымен қатар берік іскерлік байланыстар, мүдделер ортақтығы және Орталық Азияның экономикалық табысты екі мемлекеті арасындағы көпжылдық жемісті ынтымақтастық байланыстырады. Біздің экономикамызды қайта құрудың маңызды тетіктерінің бірі кәсіпкерлер мен азаматтар үшін қаржылық қызметтерге қолжетімділікті кеңейтетін, күнделікті транзакцияларды жеңілдететін және Қазақстанның мемлекеттік және жеке секторындағы қызметтің ашықтығын арттыратын қаржы технологиялары болды. Қазақстан мен Әзірбайжан қаржыгерлері жинақтаған тәжірибе, идеялар, үздік іскерлік тәжірибелермен алмасу арқылы біздің қауымдастықтар қаржылық инновацияларды одан әрі енгізуге, екі елдің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, ақылды және инклюзивті қаржылық болашақты құруға белсенді түрде жәрдемдесетініне сенімдіміз", — деді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова.

БАҚ үшін байланыс:

+7 (701) 074 99 19

ilya.borovoy@afk.kz

afk.kz

Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
Бизнесті кредиттеудің өсімін негізінен қолданыстағы қарыз алушылар қамтамасыз етіп отыр
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстан экономикасы салаларын кредиттеудің 2026 жылғы 9 айдағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.