24.08.2018
1806 cапарлар
Елена Бахмутова ҚҚҚ-ын басқарады

2018 жыл 24 тамыз, Алматы қ. - Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) мүшелерінің кезекті жылдық жалпы жиналысында Елена Бахмутова Кеңес Төрайымы лауазымына бірауыздан сайланды.

ҚҚҚ кеңесінің төрағасы және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасарының атқарушы міндеттерінің өкілеттіктерін бөлуіне байланысты, ҚҚҚ Кеңесі Юлия Якупбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жалпы жиналыстың шешімімен бекітілді және мақұлданды. Юлия Константиновна «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары ретінде қаржы секторымен ынтымақтастықты жалғастырады.

«Мен Юлия Константиновнаға қауымдастық мүшелері мен мемлекеттік органдардың арасындағы тиімді және жемісті өзара әрекеттесуді қамтамасыз еткендігіне, күрделі кезеңде еліміздің қаржы секторын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді», –  деп ҚҚҚ Кеңесінің мүшесі, Әнуар Сәйденов қауымдастық мүшелерінің жалпы пікірін білдірді.

Мүшелердің жалпы жиналысы сондай-ақ есепті кезеңде ҚҚҚ жұмысының нәтижелері туралы есеп қаралып және мақұлданды.

«Мен ҚҚҚ-ның жаңа басшысы сайлануын құптаймын. Банктік және қаржылық қадағалаудың негізін қалаған Елена Леонидовнаның кәсібилігі, сондай-ақ саланың өзекті мәселелерін түсіну елдің қаржы секторының алдында тұрған қиындықтарға жауап береді. Оның тәжірибесі мен беделі Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығының мүмкіндігін және рөлін күшейтетін болады», – деп HalykBank басқарма төрайымы, «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумының қаржы секторы комитетінің төрайымы Үміт Шаяхметова жалпы жиналыстың шешіміне түсініктеме берді.

Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы еліміздің қаржы секторының мүдделерін шоғырландырады, оның құрамына шамамен 160 ұйым, оның ішінде банкттер, сақтандыру компаниялары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, лизингтік компаниялар, микроқаржы ұйымдары, аудиторлық және консалтингтік және басқа да компаниялар кіреді.

ҚҚҚ ҚР-ның Ұлттық Банкімен, Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен аккредитациядан өтті және «Атамекен» ҰКП-мен аккредиттелген қауымдастық болып табылады.

Анықтама үшін:

Бахмутова Елена Леонидовна 1962 жылы дүниеге келген.1983 жылы «экономист» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын (НарХоз) бітірді. Мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды. 2002 жылы Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық қадағалау департаментін басқарды. 2004 жылы ол Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалып, содан кейін оны басқарды.

2012 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ-на жұмысқа ауысып, Басқарма төрағасының орынбасары, қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директор лауазымдарында жұмыс атқарды. 2016 жылдан бастап «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрайымы болып тағайындалады.

«МЖЗҚ» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазпошта» АҚ директорлар кеңесінің төрайымы ретінде қызмет атқарды.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін, соның ішінде «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл», «Астананың 20 жылдығы» және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің алғысымен, ордендер мен медальдармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар
16.03.2026
Ипотекалық несиелеу нарықтық жағдайлардан оқшау, автономды түрде дамып келеді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның 2025 жылғы ипотека нарығына жасалған сараптамалық шолуды ұсынады.
06.03.2026
Сарапшылар екі таңбалы инфляцияны және қатаң ақша-несие саясатының сақталуын болжайды
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылғы наурыздағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында жүргізілген кезекті сауалнама қорытындыларын ұсынады.
26.02.2026
Сауда профициті ЖІӨ-нің 4,6%-ына дейін төмендеді: ағымдағы шотқа түсетін қысым күшейіп келеді
ҚҚҚ талдау орталығы назарыңызға Қазақстанның 2025 жылғы тауар айналымы бойынша шолуды ұсынады.
18.02.2026
Өңірлер бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің ену деңгейі теңесіп келеді
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға 2025 жылға арналған банк карталары арқылы жүргізілген қолма-қол ақшасыз операциялар статистикасына шолуын ұсынады.
12.02.2026
Бюджет мұнай тәуелділігінен біртіндеп арылып келеді, бірақ борыштық жүктеменің артуына тап болуда
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға Қазақстан Республикасының 2025 жылғы бюджет теңгеріміне қатысты шолуды ұсынады.
12.02.2026
Аннуитеттік және жинақтаушы сақтандыру өнімдері ӨСК сегментіндегі сақтандыру сыйақыларының жартысынан астамын қалыптастырады
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2025 жылғы Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығына жасалған шолуды ұсынады.