06.11.2018
1863 cапарлар
Елена Бахмутова KASE Talks-та дәріс береді

Қазақстан қор биржасы 25-жылдық мерейтойы аясында Қазақстан Республикасының қор нарығын құруға және дамытуға айтырлықтай үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлердің қатысуымен KASE Talks дәрістерін өткізеді.

2018 жылдың 8 қарашасында сағат 17:00-де KASE Talks дәрісін Қазақстан қаржыгерлер ассосиациясының төрағасы – Елена Бахмутова өткізеді.

Елена Бахмутова өмірінің әр кезеңдерінде мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді, оның ішінде ҚР Қаржы министрлігінде және «Самұрық-Қазына» АҚ қызмет етті. ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу жөніндегі агенттік төрағасы лауазымын атқарды, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын басқарды, «МЖЗҚ» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Казпочта» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Дәріс барысында Елена Леонидовна 2000 жылдардың басында қаржы нарығын мемлекеттік реттеу туралы, зейнетақы қорларының қатысуы есебінен құнды қағаз нарығын белсендендіру, сондай-ақ, қор нарығының дамуындағы басқа да маңызды әрі қызықты жайттарды әңгімелейді.

  • KASE Talks мақсаты – еліміздің қаржы секторының қалыптасу жағдайы және оның дамуына әсер ететін негізгі факторлар туралы халыққа көбірек ақпарат беру болып табылады.
  • KASE Talks мәндеті – Қазақстанның қаржы нарығының танымалдығын әрі қарай арттыру, сондай-ақ KASE қызметі және жалпы қор нарығы туралы ақпарат ұсыну.

KASE дәрісіне қатысу барлық қатысушылар үшін тегін.

KASE Talks өтетін орны: Алматы қ, "Almaty Towers" БО, Байзақов көшесі, 280 (солтүстік ғимарат), 1-ші қабат, KASE пресс-рум.

Алдын ала тіркеу +7 (727) 237 5342 телефоны арқылы немесе pr@kase.kz электрондық поштасына жіберу арқылы орындалады.

Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.
04.09.2026
Сарапшылар базалық мөлшерлеме қыркүйекте төмендеп, бір жылдан кейін 14,75%-ға дейін түседі деп болжап отыр
ҚҚҚ талдау орталығы қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылдың қыркүйек айындағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.