04.03.2019
1916 cапарлар
Ерлан Бурабаев Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

27 ақпанда Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарушы директоры Ерлан Бурабае, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне сайланды. Бұрын, 2018 жылдың 13 желтоқсанында Бурабаев мырза Кеңес құрамына тәуелсіз директор ретінде сайланды. Ол Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығында сақтандыруды және бағалы қағаздар нарығын дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Ерлан Бурабаев 1994 жылдан 2003 жылға дейін ҚР Ұлттық Банкінде әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2003 жылдан 2009 жылға дейін бағалы қағаздар нарығы мен зейнетақы жүйесінің кәсіби қатысушыларының әртүрлі ұйымдарында басшылық қызметтерін атқарды. 2009 жылдан бастап 2014 жылға дейін әртүрлі сақтандыру ұйымдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2014 жылдан бастап Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығында сақтандыру және қор нарықтарымен қарым-қатынас жөніндегі Басқарушы директор болып жұмыс істейді.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандырылған адамдардың сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруына кепілдік беретін Қазақстан аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады, атап айтқанда: көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; туристі міндетті сақтандыру; «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын аннуитеттік сақтандыру.

Қор  акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен құрылтайшы құжаттар негізінде әрекет етеді. Кепілдік беру қоры 2003 жылы құрылды, оның қатысушылары 21 сақтандыру ұйымы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар
15.07.2026
Нақты ақша-несие жағдайлары қатаң күйінде сақталып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың қаңтар — маусым айларындағы Қазақстанның қаржы нарығындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын ұсынады.
13.07.2026
Сарапшылар ақша-несие саясатына қатысты болжамдарында әзірге сақтық танытып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылғы шілдедегі кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.
10.07.2026
Шағын бизнестің жаңа берілген несиелердегі үлесі 38,4%-ға дейін төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-тоқсанындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
03.07.2026
Орта бизнеске берілген несиелер 65,4%-ға өсті — барлық сегменттер арасындағы ең үздік көрсеткіш
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-тоқсанындағы орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелерге шолуды ұсынады.
24.06.2026
Ірі бизнес бойынша орташа несиелік өтінім 80%-ға — ₸18,8 млрд-қа дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру туралы шолуын ұсынады.
18.06.2026
Автонесиелеуге сұраныс 11%-ға, ал берілу көлемі 18%-ға қысқарды
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның автонесиелеу нарығына жасалған шолуды ұсынады.