18.03.2020
14072 cапарлар
Қазақстанның қаржы секторы дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға және кәсіпкерлерді қолдауға қатысады

Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы, 18 наурыз 2020 ж. - Қазақстанның қаржы секторының қатысушылары Үкіметтің және Қаржы нарығын реттеу мен дамыту жөніндегі агенттіктің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржылық қызметтерді тұтынушы - клиенттерді қолдауға бағытталған жедел шаралар кешенін әзірлеуін қолдайды.

Өз тарапынан банктер келесі қолдау көрсетуге дайын екендіктерін растады:

  1. ҚР- да төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты шектеулер нәтижесінде қарыз алушыларда туындаған төлемдердің мерзімін өткізіп алу бойынша айыппұлдар мен өсімақылар есептелмейді. Жеке тұлғаларға осы шараны қолдану үшін банкке жүгінудің қажеті жоқ.
  2.  ҚР Төтенше жағдай кезеңінде ҚР заңнамасына тиісті түзетулер қабылданғаннан және күшіне енгеннен кейін, төлеу мерзімі 90 күннен асатын мерзімді құрайтын жеке тұлғалардың кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша пайыздық сыйақыны есептеуді тоқтату.Осы шараны қолдану үшін банкке жүгінудің қажеті жоқ.
  3.  Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты шектеулерді енгізу нәтижесінде қаржылық жағдайы нашарлаған жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілері үшін кредиттер бойынша міндеттемелерді орындау бойынша 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыру және берешекті өтеу кестесін қайта қарау мүмкіндігі жеке тәртіппен қаралатын болады.

Банктер қарыз алушылардың банктер көрсеткен ресурсқа немесе арнаға (электрондық пошта, «банк-клиент» онлайн жүйесі, банктің интернет ресурсы) жазбаша түрде жіберілген өтініштерін онлайн қарайтын болады. Әрбір банк үшін өтініштерді қабылдаудың бөлінген арнасы туралы ақпарат оның интернет ресурсында орналастырылатын болады.

Өтінішті қарау барысында банк қажетті растаушы құжаттарды сұратады және қарыз алушыға қарау нәтижелері туралы хабарлайды.

Қазақстанның қаржы нарығына қатысушылар Үкімет пен қаржы секторының шараларын іске асыру нәтижесінде отандық бизнеске қажетті көмек көрсетілетініне, сондай-ақ борыштық және салық ауыртпалығын төмендету, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы халық үшін әлеуметтік кепілдіктер қамтамасыз етілетініне сенімді.

 

Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.
04.09.2026
Сарапшылар базалық мөлшерлеме қыркүйекте төмендеп, бір жылдан кейін 14,75%-ға дейін түседі деп болжап отыр
ҚҚҚ талдау орталығы қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылдың қыркүйек айындағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.