02.10.2026
58 cапарлар
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды

Алматы, 2 қазан 2026 ж. — Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында —  Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.

Сайланған барлық қаржы омбудсмандары Қаржы омбудсманы қызметіндегі тиісті лауазымдарға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді және Қазақстанның мемлекеттік ұйымдары мен жекеменшік қаржы институттарында еңбек ету тәжірибесіне ие.

Мария Хаджиева еліміздің қаржы нарығында мол еңбек тәжірибесі бар. Әр жылдары ол ҚР Әділет министрлігінде, ҚР Ұлттық Банкінде, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінде, Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісінде, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығында, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіндеқызмет атқарып, онда сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелеріне жетекшілік етті.

Руслан Ибрагимов 2025 жылдың қаңтарынан бастап банк омбудсманы кеңсесінің өтініштерді қарау және талдау басқармасын басқарды. Бұған дейін банк омбудсманының құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарып, банк құқығы мен құқықтану пәндерінен сабақ берген. Сондай-ақ, бірқатар коммерциялық банктерде проблемалық активтер мәселелерімен айналысқан.

Қанат Әліғұлов соңғы жылдары Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының сақтандыру төлемдері департаментін басқарды. Бұған дейін «НомадИншуранс» сақтандыру компаниясында залалдарды реттеу департаментінің директоры және төлемдер бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

Назгүл Естеусізова 2024 жылдың желтоқсанынан бастап микроқаржы омбудсманы қызметін атқарып келеді. Бұған дейін Қазақстанның Коллекторлар ұлттық палатасын басқарды, республикалық әлеуметтік Stop-Collector.kz жобасының жұмысын үйлестірді. Сондай-ақ, «Национальная служба взыскания» коллекторлық агенттігінің өтініштермен және мемлекеттік органдармен жұмыс департаментін басқарды.

Олардың сайлануына түсініктеме бере отырып, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова негізгі омбудсмандардың білімі мен кәсіби тәжірибесі Қаржы омбудсманы қызметінің алдында тұрған міндеттерді тиімді шешуге ықпал ететініне сенім білдірді:

«Бас қаржы омбудсманының және оған бағынысты банк, сақтандыру және микроқаржы омбудсмандарының сайлануы Қазақстанда қаржылық қызметтердің әртүрлі түрлерін жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы дауларды сотқа дейін реттеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырудың маңызды кезеңін білдіреді. Мамандандырылған омбудсмандардың жекелеген кеңселерін бірыңғай Қызметке біріктіру олардың арасындағы үйлестіруді жақсартуға, жұмыстың бірыңғай стандарттарын енгізуге, салалық сараптаманы сақтауға және ең бастысы — қаржылық қызметтерді тұтынушылардың проблемалық мәселелерін жедел әрі тиімді шешу үшін теңгерімді кешенді тәсілді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бастама танытып, Қызметті дамыту жөніндегі өкілеттіктерді өз мойнына алуға дайын болғаны үшін сайланған омбудсмандарға алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, ҚНРДА басшылығына, Ұлттық Банкке және қаржы нарығының басқа да қатысушыларына осы маңызды жұмысты ұйымдастыруға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді».

Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) жеке мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым мәртебесінде жұмыс істейтін болады. Оның құрылтайшысы — Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы. ҚОҚ қызметін қаржыландыру мінез-құлықтық қадағалау субъектілері болып табылатын қаржы ұйымдарының міндетті жарналары есебінен жүзеге асырылады. ҚОҚ жұмысын 2027 жылдың қаңтарында бастауды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.