01.07.2022
23660 cапарлар
Қазақстан Ұлттық Банкі Төлем карточкаларының банкаралық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға берді

Қазақстан Ұлттық Банкі Төлем карточкаларының банкаралық жүйесін (ТКБЖ) өнеркәсіптік пайдалануға қосқанын хабарлайды. Бұл жүйе Қазақстан аумағында төлем карточкалары арқылы жасалатын банкаралық транзакцияларды өңдеуге арналған.

ТКБЖ-ны құру және оны іске қосу – төлем карточкалары нарығының қауіпсіздігін және үздіксіз жұмыс істеуін, қазақстандық банктер үшін ішкі есеп айырысулардың кепілдігін қамтамасыз етеді.

Жүйені әзірлеу Visa, Mastercard және UnionPay халықаралық төлем жүйелерімен (бұдан әрі – ХТЖ) және төлем карточкаларының нарығына қатысушы банктермен өзара тығыз байланыста жүзеге асырылды.

ТКБЖ-ны құру аясында жергілікті карточкалық инфрақұрылым жасалып, тиісті нормативтік құқықтық база қалыптастырылды. Сонымен бірге қазақстандық банктер эмиссиялаған төлем карточкалары бойынша жергілікті операцияларды өңдеуді ұйымдастыру бойынша ХТЖ-мен келісімдер жасалды.

Қазіргі уақытта ТКБЖ-ға төлем карточкаларымен қызмет көрсететін банктер қосылған. Банктердің жергілікті карточкалық транзакцияларының трафигін аудару, оның ішінде банк жүйелерін бейімдеу және халықаралық төлем жүйелерімен өзара іс-қимыл процестерін қайта баптау бойынша қажетті жұмыстар жүргізілді.

ТКБЖ операторы – «ҚРҰБ Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК – Қазақстан Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
Бизнесті кредиттеудің өсімін негізінен қолданыстағы қарыз алушылар қамтамасыз етіп отыр
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстан экономикасы салаларын кредиттеудің 2026 жылғы 9 айдағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.