25.12.2018
1947 cапарлар
"Атамекен" ҰКП үздік қаржыгерлерді марапаттады

Өткен жылды қорытындылай келе, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін қаржы саласының үздік қызметкерлерінің медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.

Кәсіпкерлер палатасының атынан "Атамекен" ҰКП Президиумының қаржы секторы комитетінің төрайымы болып табылатын, Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова қаржыгерлерді құттықтады.

Үміт Шаяхметова: «Қаржы нарығының кәсіби мамандары жақсы жұмыс жасап, еңбектенген  үшін Сіздерге – ордендер мен грамоталарды  тапсырғаныма қуаныштымын. Менің ойымша, Қазақстандағы қаржы секторы ең дамыған сала, бізге ауыл шаруашылығымен, индустриямен, өнеркәсіппен және басқа да бағыттармен жұмыс істеуге тура келеді.  Елдің үкіметімен және Ұлттық банкпен бірлескен жұмыс өте көп: олар бізге қарайды және біздің көзқарасымызды тыңдайды».

Марапаттаудан суреттер галереясы.

KASE басқармасының төрайымы Алина Алдамберген кәсіпкерлер палатасының медалін ала отырып: «ҰКП басшылығына осындай марапатқа мені ұсынғаны, еңбегімді бағалағаны үшін алғыс айтқым келеді. ҚҚҚ мүшелері мен қызметкерлердің атап өтілгендері өте қуанышты, себебі бұл ортақ іске, ел экономикасын дамытуға қосқан біздің үлесіміз».

«Іске адалдығы үшін» медалі:

  • Анвар Сайденов, ҚҚҚ кеңесінің мүшесі, HalykBank Директорлар кеңесінің мүшесі
  • Алина Алдамберген, KASE басқармасының төрайымы, ҰКП Президиумының қаржы секторы комитетінің мүшесі;
  •  Вячеслав Ким, KaspiBank Директорлар кеңесінің төрағасы.

Құрмет грамотасы:

  • ЖанарАбдыкаримова, ҚҚҚ Кеңесі төрайымының орынбасары;
  • Дана Құрманиязова, банк секторын дамыту орталығының және ҚҚҚ банктік емес ұйымдарының басқарушы директоры;
  • Ирина Кушнарева, ҚҚҚ корпоративтік басқару орталығының басқарушы директоры;
  • Ерлан Бурабаев, ҚҚҚ қор және сақтандыру секторын дамыту орталығының басқарушы директоры.

Алғыс:

  • Анатолий Глухов, Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығының төрағасы;
  • Виталий Веревкин, Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығының төрағасы;
  • Павел Афанасьев, ҚҚҚ талдау орталығының басқарушы директоры.
Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.
04.09.2026
Сарапшылар базалық мөлшерлеме қыркүйекте төмендеп, бір жылдан кейін 14,75%-ға дейін түседі деп болжап отыр
ҚҚҚ талдау орталығы қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылдың қыркүйек айындағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.