14.12.2018
1785 cапарлар
2019 жылдың басынан бастап Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидалары күшіне енеді

Қазақстан Ұлттық Банкі «Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық Банк Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 271 қаулысының (бұдан әрі  Қаулы) қабылданғанын хабарлайды.

Қаулыда уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібі, оның ішінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда уәжді пайымдауды пайдалану кезінде Қазақстан Ұлттық Банкінің қадағалау бөлімшесі қарастыратын мынадай мәселелер мен жағдайлар (фактілер, мәнжайлар) аясы айқындалды:

  1. Қаржы ұйымдарының менеджменті мен акционерлерін келісу кезінде;
  2. Банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды айқындау және банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелердің жеңілдік талаптарын белгілеу кезінде;
  3. Банктің, банк конгломератының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің сапасын бағалау кезінде;
  4. Банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы провизияларының (резервтерінің) барабарлығын бағалау кезінде.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қарашада № 17752 болып тіркелген қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл құжат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

Қаулының толық мәтінімен Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.
04.09.2026
Сарапшылар базалық мөлшерлеме қыркүйекте төмендеп, бір жылдан кейін 14,75%-ға дейін түседі деп болжап отыр
ҚҚҚ талдау орталығы қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылдың қыркүйек айындағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.