18.08.2016
4175 cапарлар
Сақтандыру қызметі мәселелері бойынша отырыс

2016-шы жылдың 18-ші тамызында Қазақстан Республикасы қаржы тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту Кеңесінің (әрі қарай - Кеңес) отырысы болып өтті, отырыста сақтандыру саласының өзекті мәселелері қаралды.

Кеңес отырысында мына мәселелер қаралды:

 

  • міндетті сақтандыру түрлерін оңтайландыру және жүктелме сақтандыру институтын енгізу;
  • сақтандыру нарығындағы кәсіби қатысушылардың әкімшілік жауапкершілігі шараларын одан әрі жетілдіру;
  • қаржы нарығында жосықсыз істердің алдын-алу шаралары;
  • қайта сақтандыру қызметін дамыту;
  • сақтандыру ұйымдарының инвестициялық қызметтері;
  • сақтандыру омбудсменінің қызметін кеңейту;
  • сақтандыру бойынша ортақ мәліметтер базасын дамыту мәселелері;
  • өзара сақтандыру қоғамдастықтары қызметтерін реттеу;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық мотор бюросын құру;
  • Қазақстан Республикасында европротоколды енгізу.

Қабылданған шешімдер:

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ-мен жұмыс тобы аясында ҚР сақтандыру қызметін одан әрі жетілдіру бойынша ортақ айқындаманы жасауда жұмыстарды жалғастыру.

 

Анықтама үшін:

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010-шы жылғы 12-ші маусымындағы №994 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту Кеңесі (әрі қарай - Кеңес) құрылды.

Кеңес Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесу органы болып табылады. Кеңес қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету және республиканың қаржы секторын тиімді дамыту сұрақтары бойынша ведомоствоаралық үйлестіруді жасау үшін құрылған.

Кеңес қаржы нарығы жүйесін дамыту саласындағы негізгі бағыттар бойынша мемлекеттік саясатты жасау функциясын атқарады.Одан басқа, Кеңес жүйелі тәуекелдікті азайту мақсатында қаржы нарығы секторын реттеу, үнемі бақылау мәліметтеріне сәйкес қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, жүйелі тәуекелділік деңгейі бойынша ұсыныстарды жасайды.

Кеңестің персоналды құрамын Қазақстан Респбуликасы Президенті бекітеді. Кеңестің Төрағасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы болып табылады. Кеңес құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің өкілі, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы министрілігінің бірінші басшылары және «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы кіреді.

Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.
04.09.2026
Сарапшылар базалық мөлшерлеме қыркүйекте төмендеп, бір жылдан кейін 14,75%-ға дейін түседі деп болжап отыр
ҚҚҚ талдау орталығы қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылдың қыркүйек айындағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.