08.09.2016
4625 cапарлар
Халықаралық ынтымақтастық

2016-шы жылдың 29-шы тамызы күні ҚҚҚ Кеңес төрағасы Мағжан Әуезов ҚҚҚ мүшелерімен – қазақстандық банк өкілдерімен бірге Қатар Орталық Банкі төрағасы Абдалла бен Сауд Аль-Тани бастаған қатарлық ірі қаржы институттары өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында банк және қаржы секторы мәселелері, дамуы бойынша белсенді түрде пікір алмасу, сонымен қатар, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығымен Қатар Орталық Банкі арасында қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастықты дамыту мәселелері кеңінен қаралды. Кездесуге қатысушылар әлемдегі қаржы нарығындағы жағдайға тоқталып, ислам қаржы жүйесін дамыту бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Қатар қаржы институттарында қазақстандық мамандарды оқыту және тәжірибеден өткізу, тәжірибе алмасу және технологияларды трансферлеу туралы келісімге қол жеткізді.

Қатар қаржы орталығының және қатарлық үлкен «Masraf Al-Rayan» ислам банкісінің жұмысы туралы ақпарттар үлкен қызығушылыққа ие болды. ҚҚҚ өкілдері өз кезегінде қатарлық әріптестерді еліміздің қаржы нарығы жұмысымен таныстыра отырып, банк саласына шетелдік инвесторларды шақыру, тарту мүмкіндіктерін атап өтті.

Кездесу нәтижесі бойынша келісілген келісімдер бойынша араласуды, диалогты және ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.
04.09.2026
Сарапшылар базалық мөлшерлеме қыркүйекте төмендеп, бір жылдан кейін 14,75%-ға дейін түседі деп болжап отыр
ҚҚҚ талдау орталығы қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылдың қыркүйек айындағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.