04.09.2025
5021 cапарлар
Қазақстандық банктердің Ақмола облысы прокуратурасы қозғаған қылмыстық іске қатысты мәлімдемесі

Астана, Алматы, 2025 жыл 3 қыркүйек — Қазақстанның екінші деңгейлі банктері — «Kaspi Bank» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ және «Alatau City Bank» АҚ, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) қолдауымен, бірлескен мәлімдеме жасауды қажет деп санайды.

2025 жылғы 2 қыркүйекте Ақмола облысы прокуратурасы банк қызметкерлерінің қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ туралы ақпарат жариялады.

Банктерге прокуратура органдарынан бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлері осы тергеуге қатысы бар екені жөнінде ресми хабарламалар түскен жоқ. Қазіргі уақытта банктер аталған іс бойынша ақпарат беру туралы прокуратура органдарына ресми сұрау жолдамақ.

Қазіргі уақытта банктерге бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлерінің осы қылмыстық іске қатысы бар екендігін дәлелдейтін фактілер белгісіз.

Жарияланған ақпаратты растайтын ресми құжаттар алған жағдайда, барлық банктер құқық қорғау органдарына клиенттердің құқықтары мен мүдделерінің бұзылу мәселесі бойынша тергеуде барынша қолдау көрсетуге дайын.

Жоғарыда аталған барлық банктер өздерінің іскерлік беделін жоғары бағалайды және қызметін Қазақстан Республикасы мен өзге юрисдикциялар заңдарына, халықаралық келісімдерге, ҚР уәкілетті органдарының нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ ішкі нормативтік құжаттарға толық сәйкес әрі ашық түрде жүзеге асырады.

Қазақстанның кәсіби қаржы қауымдастығы прокуратура және басқа да құқық қорғау органдарын елдің қаржы институттарының іскерлік беделіне қауіп төндіруі мүмкін сезімтал тақырыптарға қатысты жария мәлімдемелерде барынша байыпты болуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
Бизнесті кредиттеудің өсімін негізінен қолданыстағы қарыз алушылар қамтамасыз етіп отыр
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстан экономикасы салаларын кредиттеудің 2026 жылғы 9 айдағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.