04.03.2020
2151 cапарлар
Банк депозиттерін долларсыздандыру жалғасуда

Сіздердің назарларыңызға наурыз айының басындағы жағдай бойынша ЕДБ пайыздық мөлшерлемелерді ұсынамыз

Жыл басынан ұлттық және шетел валюталарындағы халықтың тартылған депозиттері бойынша мөлшерлемелердің жан-жақты серпіні байқалады.ҚРҰБ соңғы өзекті деректері бойынша1   (01.02.20- ға) ұлттық валютада жеке тұлғалардың тартылған депозиттері бойынша орташа өлшемді мөлшерлеме жылдық 8,8%- дан 9,2%- ға дейін өсті, ал шетел валютасында керісінше жылдық 1,4%- дан 1,3%- ға дейін төмендеді.Сонымен қатар депозиттерді долларландыру деңгейі 43,1%- дан 42,3%- ға дейін түсіп , төмендеу серпінін жалғастырды.

Сонымен қатар, базалық мөлшерлеменің және ҚДКҚ –ның соңғы шешімдерінің сақталуы аясында ақпан айында банктердің теңгелік, сондай- ақ долларлық депозиттер бойынша баға ұсыныстары іс жүзінде өзгерген жоқ . Естеріңізге сала кетейік , 03 ақпанда ҚРҰБ 2020 жылы базалық мөлшерлеме бойынша алғашқы шешім қабылдап, оны жылдық 9,25% деңгейінде сақтап қалды . Өз кезегінде ҚДКҚ 12 айға мерзімді депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді толықтыру құқығымен — жылдық 11,1%-дан 10,7%- ға дейін және толықтырусыз — жылдық 11,6%- дан 11,2%- ға дейін төмендетуді жариялады.

Осылайша, ұлттық валютада орналастыру мерзімі 12 ай мерзімді емес депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме бүгінгі күні 9,8% (өзгерген жоқ), толықтырумен жедел депозиттер бойынша — 10,7% (-0,4%), толықтырусыз — 11,2% (-0,4%), толықтырумен жинақ бойынша — 13,0% (өзгерген жоқ), толықтырусыз — 14,1% (өзгерген жоқ) құрайды. Сонымен қатар, орналастыру мерзімі 12 ай долларлық депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелер жылдық 0,8–2,0% шегінде өзгереді (1-кестені қараңыз).

Сондай-ақ, ақпан айының қорытындысы бойынша елдегі инфляция жылдық 6,0%- ға дейін (қаңтар—5,6%) төмендеп, ҚРҰБ нысаналы дәлізінің жоғарғы шекарасына 4-6%- ға жақындады. Тауарлар мен қызметтер бағасының өсуінің тездеуі жақын болашақта Ұлттық банктің ықтимал контрмерлері үшін кейбір негіз болады. Естеріңізге сала кетейік, базалық мөлшерлеме бойынша келесі отырыс дүйсенбі, 16 наурыз күні өтеді.Базалық мөлшерлеменің өзгерістері мерзімді емес депозиттер бойынша баға ұсыныстарына айналы көрнісі әсер етеді (оларды есептеген кезде ҚДКҚ – ҚРҰБ базалық мөлшерлемесіне сүйенеді).

1-кесте. Банктік депозиттербойынша ағымдағы мөлшерлемелер:

 

Дереккөз: 03.03,2020 ж. жағдай бойынша ЕДБ ресми веб-ресурстары:

Жеке тұлғаларға теңгемен берілген несиелер бойынша банктердің орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі қаңтарда жылдық 16,8%- дан 19,0%- ға дейін өсті. Осы кезеңде жылдық инфляция 0,2%- ға 5,6%- ға дейін өсті, ал ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі өзгерген жоқ және 9,25%- ды құрады .

Сол уақытта ҚҚҚ байқалатын банк несиелері бойынша нарықтық мөлшерлемелер есепті кезеңде іс жүзінде өзгерген жоқ.

2-кесте. Банк несиелері бойынша ағымдағы ең төменгі мөлшерлемелер

 

Дереккөз: 03.03,2020 ж. жағдай бойынша ЕДБ ресми веб-ресурстары

2018 жылдың шілде айының басында «7-20-25. Әр отбасына жаңа үй сатып алу мүмкіндіктері. «Тұрғын үй несиелендіру» бағдарламасын іске асыру басталды. Бағдарлама шеңберінде (2018 жылдың шілдесінен бастап) 2020 жылғы 27ақпандағы жағдай бойынша 186,0млрд теңге сомасына қарыз беруге 16 239өтінім мақұлданды. Сонымен бірге 2020 жылы қазақстандықтарға берілген тұрғын үй заемдарының жоспарланған көлемі 200 млрд. теңгені құрайды (2019 жылы – 150,0 млрд теңге, 2018 жылы– 100 млрд теңге).

3-кесте. Несие берудің мемлекеттік бағдарламалары:

 

Дереккөз: ДАМУ, ҚРҰБ

Ескерту:  Мөлшерлемелер бойынша деректер ұсынылған банктердің ресми ресурстарынан алынды және осы өнімдерге байланысты барлық шығындарды толығымен көрсете алмайды. Өнім туралы қосымша ақпарат алу үшін көрсетілген банктермен байланысу керек..

Талдау материалдарын кез келген пайдалануға тек afk.kz  дереккөзге гиперсілтеме болғанда ғана жол беріледі.

1ҚРҰБ-ның орташа мөлшерлемелер  бойынша өзекті статистикасы есепті айдың соңында жарияланады.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар
26.05.2026
Соңғы жылдарда алғаш рет банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алу көлемінің төмендеуі тіркелді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-тоқсанындағы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар статистикасына қатысты шолуды назарларыңызға ұсынады.
22.05.2026
Ішкі салықтар бюджет кірістері өсімінің негізгі қозғаушы күшіне айналуда
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы ҚР бюджет теңгерімінің шолуын ұсынады.
19.05.2026
Жалпы сақтандыру компанияларының сыйақылары 2,9%-ға төмендеді, ал төлемдер 24,2%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның жалпы сақтандыру нарығына арналған шолуды ұсынады.
19.05.2026
Активтердің өсуі нәтижесінде өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) ірі институтционалдық инвесторлардың рөлін күшейтіп келеді
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығына шолуды ұсынады.
18.05.2026
Мұнай бағасының жоғарылауы аясында сарапшылар ЖІӨ өсімі бойынша болжамды 5% деңгейінде сақтап қалды
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылғы мамырдағы жекелеген индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.
13.05.2026
Резервтердің әлеуеті жоғары болғанымен, іргелі ағындардың әлсіреуі байқалады
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға Қазақстанның 2025 жылғы сыртқы сектор шолуын ұсынады.