03.01.2019
1647 cапарлар
ЕДБ пайыздық мөлшерлемелері, желтоқсан 2018

Сіздердің назарларыңызға банк депозиттері мен несиелер бойынша ағымдағы мөлшерлемелерді ұсынамыз

ҚРҰБ-нің өзекті деректеріне сәйкес [1] қараша айында ЕДБ депозиттік базасының қалыпты жағымды динамикасы жалғастырылды – өсім 163,5 млрд теңгені (17,0 трлн теңгеге дейін) құрады, бұл өткен айдың көрсеткішімен салыстырғанда сәл артық (152,7 млрд теңге). Бұл ретте көрсетілген өсім көбінесе корпоративтік салымдардың (+128,4 млрд теңге) ұлғаюына байланысты болды, ал бөлшек депозиттер анағұрлым айқын емес өсім көрсетті (+35,2 млрд теңге). Сонымен қатар, ЕДБ салымдарының құрылымында бұрынғысынша мерзімді депозиттер-64,1%, ағымдағы шоттар – 32,4%, талап етуге дейінгі салымдар – 2,2% басым

Сонымен қатар, валюта нарығында жоғары құбылмалылықтың сақталып келе жатқанына байланысты (қарашада доллар бағамы 2,6%-ға өсті) депозиттердің долларлануы қараша айында 13 айлық максимумға қайтып келіп, 46,9% - дан 49,4% -ға дейін өсті. Атап айтқанда, қарашада заңды тұлғалардың валюталық салымдарының 13,3% - ға өсуі байқалады, ал аталған клиенттердің ұлттық валютаға салымдары 8,1%-ға қысқарды. Осы орайда заңды тұлғалардың салымдарын долларландыру қараша айында 44,9% - дан 50,2% - ға дейін өсті.

Қараша айында жеке тұлғалардың ұлттық валютадаға тартылған депозиттер бойынша банктердің орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 9,7% (қазанда - 9,5%), заңды тұлғалардың депозиттері бойынша - 7,2% (қазанда – 7,0%) құрады. Жыл басынан бері аталған мөлшерлемелер 0,8% - ға төмендеді. ҚҚҚ бақылаулары жоғарыда көрсетілген динамикамен салыстырмалы. Мәселен, жедел бөлшек теңгелік салымдар бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемелер ЕДБ абсолюттік көпшілігінде жыл басынан бастап 1,0-1,8%-ға төмендеп, жылдық 10,0-11,3% диапазонында болады.

Сонымен қатар банктердің теңге бойынша да, долларлық депозиттер бойынша да баға ұсыныстары желтоқсанда өзгерген жоқ. Естеріңізге сала кетейік, 29 қарашада ҚДКҚ жеке тұлғалардың салымдары бойынша қолданыстағы шекті мөлшерлемелерді 2019 жылдың 01 сәуіріне дейін сақтау туралы шешім қабылдады. Ведомствода хабарлағандай, банктерге мерзімді депозиттер нарығын реттеудің жаңа шарттарына көшу жөніндегі жұмысты аяқтау және халықтың жаңа депозиттік өнімдердің пайдасын түсінуі үшін қосымша уақыт беріледі.

1-кесте. Банктік депозиттер бойынша ағымдағы мөлшерлемелер:

 

Дереккөз: 03.01.19 ж. жағдай бойынша ЕДБ ресми веб-ресурстары

Қараша айында баланс бойынша ЕДБ несие қоржынының өсімі (+129,8 млрд теңге) шамамен қазан көрсеткішімен (+137,6 млрд теңге) салыстыруға болады. Бұл ретте аталған өсімнің 90% - ға жуығы Халық Банкіне тиесілі.

Сонымен қатар, брутто-жаңа несиелерді беру айтарлықтай серпінді өсімді көрсетуді жалғастыруда: қарашада 1,3 трлн теңгеге жаңа несиелер берілді, бұл қазанмен салыстырғанда 12% - ға артық. Қараша айында экономика салалары бойынша несиелеу трендтерін талдау негізгі өсім өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, өзге де салаларға (өндірістік емес сала, жеке қызмет) тиесілі екенін көрсетеді, ал көлік және байланыс төмендегенін көрсетті. Сонымен қатар, жыл басынан бері 12,0 трлн теңге сомасына жаңа несиелер берілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,4 трлн теңгеге артық (+25%).

Сонымен бірге қарашада жеке тұлғаларға ұлттық валютада берілген несиелер бойынша банктердің орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі бұрынғы 17,3% -дан 17,1% -ға дейін төмендеу үрдісін жалғастырды. Сонымен бірге заңды тұлғалар бойынша мөлшерлемелер өзгерген жоқ - 12,5%. Айта кетейік, жыл басынан бері бұл көрсетілген мөлшерлемелер тиісінше 2,1% және 0,7% төмендеді. Инфляцияға қарсы тәуекелдердің өсуіне байланысты монетарлық саясатының ықтимал қатаңдатуы нарықтық мөлшерлемелердің белгілі бір ұлғаюына әкелуі мүмкін екенін атап өткіміз келеді. 2019 жылы негізгі мөлшерлемесі бойынша ҚРҰБ-нің отырысы 14 қаңтарда дүйсенбіде өтеді.

БЦК және AltynBank қоспағанда, банк несиелері бойынша ағымдағы мөлшерлемелер көпшілігінде бұрынғы деңгейде қалды:

  • БЦК-дан бланктік ("жалақы бойынша қолма-қол ақша") және ипотекалық несиелер ("Стандарт") енді қарыз алушыларға орта есеппен өткен аймен салыстырғанда 1,0% - ға артық. Бұл ретте қаржы мекемесінен автонесие бойынша мөлшерлеме ("автосалонда жаңа авто сатып алу") жылдық 16,5% - дан 17,0% - ға дейін өсті.
  • AltynBank-тен кепілдік және ипотекалық қарыздар енді қарыз алушыларға бұрын жылдық 16,0% - дан 17,0% - дан бастап сыйақы мөлшерлемесімен қолжетімді.

2-кесте. Банк несиелері бойынша ағымдағы ең төменгі мөлшерлемелер:

Дереккөз: 03.01.19 ж. жағдай бойынша ЕДБ ресми веб-ресурстары

Сонымен қатар елде несие беру қолданыстағы мемлекеттік қаржыландыру бағдарламалары есебінен қолдау табуда. «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасының» іске асырылуын атап өткіміз келеді. Бағдарламаны іске асыру аясында 2018 жылдың 20 желтоқсанындағы жағдай бойынша 42,4 млрд.теңге сомаға қарыз беруге 3 542 өтінім мақұлданды. Бұл ретте 2019 жылы қазақстандықтарға берілетін тұрғын үй қарыздарының жоспарланған көлемі 150,0 млрд теңгені құрайды (2018 жылы – 100 млрд теңге).

3-кесте. Несие берудің мемлекеттік бағдарламалары:

Дереккөз: ДАМУ, ҚРҰБ


[1] ҚРҰБ-ның орташа мөлшерлемелері бойынша неғұрлым өзекті статистикасы ағымдағы айдың соңында жарияланатын болады.

Ескерту: Осы мөлшерлемелер бойынша деректер ұсынылған банктердің ресми ресурстарынан алынды және көрсетілген өнімдерге байланысты барлық шығындарды толық көлемде көрсете алмайды. Өнім бойынша нақтырақ ақпарат алу үшін көрсетілген банктермен байланысуы керек.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар
21.11.2024
Елдегі төлем карталарының саны 80 миллион бірлікке жетті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың 9 айындағы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша статистикаға шолу ұсынады.
18.11.2024
Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XII Конгресі өтті
15 қарашада Алматыда қазақстандық қаржы нарығы мамандарының дәстүрлі жыл сайынғы кездесуі өтті. ҚҚҚ, Ұлттық Банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұйымдастырған қаржыгерлердің он екінші Конгресі Қаржы секторын ырықтандыру және дамыту тақырыбына арналды.
13.11.2024
Сарапшылар USD KZT бағамын бір жылдан кейін бір доллар үшін 507 теңге деңгейінде күтеді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы қарашадағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
12.11.2024
Қаржы секторы құрылыс, байланыс және ауыл шаруашылығы салалары біріктірілгендей көп салық төлейді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың 9 айындағы Қазақстанның банк секторына шолу ұсынады.
28.10.2024
Корпоративтік облигацияларды орналастыру жыл басынан бері 3 трлн теңгеден асты
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың 9 айындағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолу ұсынады.
13.10.2024
Сарапшылардың төрттен үш бөлігі базалық мөлшерлеменің ішкі инфляциялық факторлар аясында сақталуын күтуде
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы қазандағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.