23.01.2025
27 cапарлар
Еурохаттама – бір жылдағы жұмыс нәтижелері

Аздаған жол-көлік оқиғасы көп уақыт пен күш жұмсауды қажет етпеуі керек. Шығынды өтеу процесін жеңілдетіп, жол қозғалысының барлық қатысушысының уақытын үнемдеу үшін 2024 жылғы қаңтардан бастап Еурохаттама қолданыла бастады. Fingramota.kz оны қалай қолдану және қандай жұмыс нәтижелері бар екенін толығырақ айтып береді.

Артықшылығы қандай?

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жолдардағы ұсақ апаттарға қатысқан автокөлік иелері сақтандыру жағдайларын реттеудің жеңілдетілген тәртібін – жол полициясын тартпай, сақтандыру төлемдерін қашықтан және жедел алуға мүмкіндік беретін Еурохаттаманы пайдалана алады.  Ол үшін тараптар кінәлі кім, ал ЖКО салдарынан зардап шеккендер кім екендігімен келісіп, белгіленген 100 АЕК лимит шегіндегі шығын сомасымен келісуге тиіс. Ең бастысы, апат кезінде адамдар мен үшінші тұлғалардың мүлкі зардап шекпеуі керек. Тағы бір міндетті шарт – ЖКО-ға қатысушыларда қолданыстағы міндетті автосақтандыру полистері болуға тиіс.

Еурохаттаманың ыңғайлылығы мынада: автокөлік иелері сақтандыру төлемдерін сақтандырушының кеңсесіне бармай-ақ қысқа мерзімде қашықтан ала алады.

2024 жылдың басынан бастап 15 276 жағдай анықталып, олар бойынша  2,3 млрд теңге төленді. Бұл ретте орташа төлем 190 840 теңгені, ал орташа төлем мерзімі 17,2 күнді құрады.

Кім және қалай өтінім беру керек?

Ресімдеу үшін ЖКО-ға қатысушының екеуі де ұялы телефондарына «Еурохаттама» қосымшасын немесе сақтандыру ұйымының қосымшасын жүктеп алуы немесе сақтандыру ұйымының сайтына жазуы тиіс. Тіркеу рәсімінен өтіп, оқиғаның фотоматериалдарын салу қажет.

Маңызды: сақтандырушылар соқтығысу фактісі мен шығын мөлшерін растайтын қосымша материалдарды сұрамауы үшін сапалы түсірілген фото жіберілуі керек.

Фотосуретті сәтті жүктеп, декларацияны толтырғаннан кейін бұл құжаттар сақтандыру компаниясына жіберіледі. Зардап шегушілерге сақтандыру жағдайының тіркелгені туралы SMS-хабарлама келуі тиіс. Егер SMS келіп түссе, бұл сақтандыру ұйымының өтемақы алуға өтініш қабылданғанын білдіреді. Осыдан кейін ғана автокөлік иелері ЖКО орнынан кете алады.

Өтінім беру мүмкін болмаған жағдайда не істеу қажет?

Егер қосымшаны орнату немесе пайдалану кезінде қиындықтар туындаса, қазақстандықтар өздерінің сақтандыру ұйымымен кеңесе алады немесе «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-тың байланыс орталығына
+7 (727) 339 31 88, немесе 2570 нөмірі бойынша қоңырау соға алады.

Сақтандыру төлемдері жөнінде ақпарат қайда сақталады?

Сақтандыру жағдайын реттеу процесінің құжаттар топтамасын қалыптастырудан бастап төлем жасауға дейінгі барлық сатылары клиенттің жеке кабинетінде сақталады және Бірыңғай сақтандыру дерекқорында (бұдан әрі – БСДҚ) тіркеледі. Әрбір кезеңді электрондық тіркеу сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерінің тиісінше қорғалуын қамтамасыз етеді.

Сақтандыру ұйымдарының және БСДҚ-ның ақпараттық жүйелері үшін ақпараттық және дербес деректерді қорғаудың ең жоғары деңгейіне қойылатын талаптардың, сондай-ақ киберқауіпсіздік талаптарының болуы белгіленген.

Осы цифрлық өнім жөнінде тағы нені білу қажет?

«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Еурохаттама бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылғаннан кейін пайда алушы (зардап шегуші) сақтандырушыға сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі кезінде өтеудің шекті мөлшерінен асатын зиянды өтеу туралы қосымша талаптар қоюға құқылы емес.

100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі тиісінше орындалған болып есептеледі.

 

Сақтандыру ұйымымен даулар туындаған жағдайда зардап шегуші сақтандырудың барлық түрі бойынша азаматтар мен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарайтын сақтандыру омбудсманына жүгіне алады. Сақтандыру омбудсманы сақтандыру ұйымдарының клиенттеріне өтеусіз негізде қызмет көрсетеді. Омбудсманның шешімі сақтандыру ұйымдары үшін міндетті болып табылады. Мұндай шешімді орындамау уәкілетті органның сақтандыру ұйымдары мен олардың басшыларына қатысты қадағалап ден қою шараларын қолдануына негіз болады.

 

Қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!

Соңғы жаңалықтар
27.01.2025
Қазақстанда туынды қаржы құралдарымен биржадан тыс мәмілелер үшін бас қаржылық келісімнің үлгілік шарттары әзірленді
Қазақстанның қаржыгерлері Dentons халықаралық заң фирмасының қолдауымен отандық қаржы нарығы тарихында бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу үшін бас қаржы келісімінің алғашқы үлгілік шарттарын әзірлеуді аяқтады.
22.01.2025
AIX және KASE индекстерінің өсуі салымдардан екі есе, жылжымайтын мүліктен 10 есе асып түсті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға Қазақстанның 2024 жылғы бағалы қағаздар нарығына шолу ұсынады.
15.01.2025
Сарапшылар инфляцияны бір жылдан кейін 9,4%-ға дейін жеделдетеді деп күтеді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы қаңтардағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
26.12.2024
Дамушы және дамыған елдер 2024 жылғы қиындықтарға қалай жауап береді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024-2025 жылдардағы Қазақстанның әлемдік экономикасы мен экономикасына қатысты даму қорытындылары мен болжамдарын ұсынады.
24.12.2024
Зейнетақы аннуитеттеріне және жазатайым оқиғалардан сақтандыруға сұраныс 2025 жылы ӨСК өсімін қолдайды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылдың 9 айындағы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
18.12.2024
Инфляция, теңге және мұнай: 2025 жылғы негізгі макроэкономикалық сын-қатерлер
Қазақстан үшін 2025 жылы ең маңызды тәуекел АҚШ-та тақтатас мұнайын өндірудің күтілетін ұлғаюына, ОПЕК+ ағымдағы бағаларға төзімділігінің артуына байланысты шикізат бағасының одан әрі төмендеуі жазықтығында болуы мүмкін. Мұндай сценарий негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге теріс әсер етуі мүмкін, бұл экономиканы әртараптандыру және қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі күш-жігерді айтарлықтай қиындатады.