03.09.2021
2724 cапарлар
Құйтырқы сауалнамалар

Facebook әлеуметтік желісінде пайдаланушыларға ақша үшін сауалнама жүргізу ұсынылатын хабарлама таралуда. Бұл сіздің банктік шотыңызды айтарлықтай «жеңілдететін» онлайн-алаяқтықтың бір түрі, деп ескертеді Fingramota.kz.

Атап айтқанда, Facebook мессенджерінде пайдаланушыларға сауалнамадан өту және 100 мың теңге алу ұсынылатын хабарлама таралуда. Сілтеме бұл интерактивті форматта ұсынылған сауалнамасы бар бір парақтық квиз-сайтқа әкеледі. Пайдаланушыға бар-жоғы төрт қарапайым сұраққа жауап беріп, өз сыйлығын таңдап, тапқан ақшасын алу ғана қажет. Ал енді назар аударыңыз, сауалнама Цукерберг негізін қалаған әлеуметтік желінің 20 жылдығына орай өткізіледі!

Қырағы пайдаланушылар «гуглдеп» Гарвард университеті студенттерінің өзара қарым-қатынасы үшін құрылған сайт ретіндегі Facebook- тің құрылған күні 2004 жылдың 4 ақпаны екенін анықтайды. Сонда танымал әлеуметтік желінің 20 жылдық мерейтойына дейін әлі үш жыл бар. Алайда, оған барлық пайдаланушылар мән бермейді, олардың басым көпшілігі ақпаратты тексеруге ерініп, сұрақтарға жауап бере отырып, бақтарын сынайды. Осыдан кейін парақта сыйлық қорапшалары пайда болады, олардың арасында сіз өзіңіздікін таңдауыңыз керек. Әрине, олардың кез келгенін басу арқылы пайдаланушы дұрыс таңдау жасайды және оның «кездейсоқ» ұтысы 100 мың теңгені құрайды. Алайда, мұндай «жолы болғандар» қаражатты «шығару» үшін алаяқтарға құпия ақпаратты: өзінің аты-жөнін, ЖСН, картасының деректемелерін, әсіресе «пластиктің» артқы бетіндегі үш таңбалы кодты жария етсе немесе «ұйымдастырушылардың» шотына, өкінішке орай, қайтарылмайтын «салық» түріндегі белгілі бір ақша сомасын аударса, сандары соғып қаулары әбден ықтимал.

Алдауды әшкерелейміз

Іс жүзінде бәрі қарапайым. Егер сізге ұтысты алып кету үшін немесе квиз-сайттағы виртуалды шоттан ақшаңызды шығару үшін ақша төлеуді ұсынса, бұлар – алаяқтар!

Қаржы алаяқтары түрлі сауалнамалармен, пікіртерімдермен және викториналармен квиз-сайттарды кеңінен пайдалануда. Оған қатысу үшін пайдаланушыларға ақшалай сыйақы ұсынылады, бірақ ол сыйақыны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін сайтта өзіңіздің дербес деректеріңізді енгізуіңіз қажет.

Әрине, желіде жылдам ақша табу үшін шынайы пікіртерімдері мен сауалнамалары бар көптеген шын сайттар бар, бірақ, олар әдетте қатысқаны үшін аздаған сыйақы ұсынылады, алаяқтар болса, керісінше, пайдаланушыларды көбірек тарту үшін ірі сомаға бәс тігеді. Көп жағдайда олар белгілі компаниялардың, брендтердің, қаржы ұйымдарының атауларын алға тартып, олардың атын бүркемеленіп әрекет етеді мыс. Және, әрине де, сайтта қарапайым сұрақтарға жауап беру арқылы табыс тапқан басқа пайдаланушылардың «жағымды» жалған пікірлері көп болады.

Жалған сұрақтарды шынайы сұрақтардан қалай ажыратуға болады:

1. Алаяқтар сауалнамаға қатысу үшін ақша салуды ұсынады және осыдан кейін ғана пайдаланушыларға тапқан ақшаларын аударуға уәде береді. ынайы маркетингтік сауалнама тегін, олардың сыйақылары да көп болмайды және оны шығарып алу қиын емес.

2. Алаяқтарға пайдаланушының деректері мен карта деректемелерін біліп алу керек, ал маркетингтік сауалнамада «Сіз қандай банктің картасын пайдалансыз?» және «Картаңыздың артқы жағындағы үш таңбалы кодты көрсетіңіз» деген сияқты сұрақтар мен өтініштер болмайды.

3. Алаяқтар барлығына сауалнама жүргізуді ұсынады, ал маркетингтік компаниялар фокус-топтарды ұсынады. Оларды жеке мақсатты аудитория қызықтырады, мысалы: студенттер, жұмыссыздар, үй шаруасындағы әйелдер және тағы басқалар.

4. Алаяқтар тұрақты негізде ақша табу мүмкіндігі бар сауалнаманы ұсынулары мүмкін, бұл ретте шынайы сауалнамалар негізінен бір жолғы акциялар болып табылады.

Егер сіз дер кезінде тоқтап, сілтемені жапсаңыз да, сауалнамадан өту барысында жеке деректерді: аты-жөніңізді, туған күніңізді, тұратын қалаңызды және т.б. енгізсеңіз, қырағылықты жоғалтпаңыз. Болашақта бұл ақпаратты, мысалы, телефон алаяқтары оңай пайдалана алады. Өздерін банктің немесе басқа беделді ұйымның менеджері ретінде таныстыра отырып, адастырып және әлеуметтік инженерия әдістерін еппен қолдана отырып, олар жеке сөйлесу барысында сіздің құпия мәліметтеріңізді біліп алуға тырысады.

Егер сіз қаскүнемдерге қажетті ақпаратты беріп, тіпті сауалнамадан өткеннен кейін табыс алу үшін ақша аударсаңыз не істеу керек? Картаңызды шұғыл түрде бұғаттаңыз, банктің мобильдік қосымшасындағы порольдерді өзгертіңіз және банкке, сондай-ақ құқық қорғау органдарына қоңырау шалыңыз.

Негізгі сақтық шараларын сақтаңыз, кибергигиенаны ұмытпаңыз және интернеттен оңай ақша іздемеңіз! Fingramota.kz-мен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.