18.12.2024
313 cапарлар
«Жаңа жылдық фейктер»: мереке қарсаңындағы қарбаласта алаяқтардың қақпанына түспеу жолдары

Жаңа жыл – керемет әрі көңілді мереке, бірақ бұл алаяқтар үшін де «тиімді» мүмкіндік. Fingramota.kz мереке қарсаңында кездесуі мүмкін жаңа алаяқтық схемаларды жинап, олардан қалай қорғану, жақындарыңызды қорғау және мерекелік көңіл-күйді сақтап қалу жолдарын ұсынады.

Алаяқтар мереке қарсаңында адамдардың сақтықтан айырылып, уақытқа байланысты асығыс әрекет ететінін пайдаланады. Біз барлығын үлгергіміз келеді: сыйлықтар сатып алу, мерекелік дастархан дайындау, ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастыру. Барлығына уақыт жетпейтіндей көрінеді. Бірақ ақша мәселелерінде ешқашан асығуға болмайды. Сақ болыңыз – алдыңызда тұзақ та болуы мүмкін ғой?

Жалған Аяз ата мен Ақшақар қызметі

Көптеген ата-аналар балаларына сиқырлы мереке сыйлағысы келеді. Ал мұндайда Аяз ата мен Ақшақарсыз болмайды. Алаяқтар жыл сайын мереке қарсаңында интернетте, әсіресе әлеуметтік желілерде, аниматорлардың – көптен күткен қыстық мерекенің ертегідегі кейіпкерлерінің қызметі туралы жалған хабарландырулар жариялайды.

Оларға хабарласқан адамдардан алдын ала төлем талап етіліп, содан кейін байланыс үзілетін жағдайлар жиі кездеседі.

Тағы бір нұсқасы – «Аяз ата» мен «Ақшақар» келіп, мерекелік көңіл-күй мен адамдардың босаңсуын пайдаланып, үйді тонап кетуі мүмкін. Біреуі қонақтарды көңілдендіріп жатқанда, екіншісі құнды заттарды алып кетеді.

Кеңес: аниматор қызметін ұсынатын компанияның беделін әрдайым тексеріңіз. Сенімді ұйымдар суреттер, пікірлер мен қызметкерлердің деректерін жариялайды. Тіпті достар беретін ұсынымдарды да тексеріңіз, себебі компанияда ұжым ауысуы мүмкін немесе достарыңыз қызметті өзі қолданбай, тек естіген болуы ықтимал. Тексерілуі қиын күмәнді ресурстардан тапсырыс беруден аулақ болыңыз.

Жалған акциялар мен сайт-көшірмелер

Мереке қарсаңында дүкендердің көбі ауқымды жеңілдіктер мен акциялар туралы жариялайды. Бұл алаяқтар үшін тиімді мүмкіндік. Егер сақ болмасаңыз, фишинг сайттарға кіріп, дербес деректеріңіздің жария болу немесе құрылғыңыздың вирус жұқтыру қаупі бар.

Кеңес: онлайн-сатып алу жоспарланып отырған сайтты тексеріңіз; оң пікірлері бар сенімді платформаларды пайдаланыңыз; өте төмен бағалары бар ұсыныстарға сенбеңіз; жеке деректеріңізді енгізбеңіз – шынайы дүкендер ондай ақпаратты сұрамайды.

Жалған тауарларды сату

Өкінішке орай, тіпті ірі маркетплейстерге брендтік тауар ретінде арзан жалған өнімдерді сататын алаяқтар еніп кетуі мүмкін. Әрине, тауардың жалған екенін көрсететін Abibas немесе Christianin Dior сияқты атаулар жазылмайды – бәрі әлдеқайда күрделірек.

Кеңес: тек брендтің ресми өкілдерінен сатып алыңыз; тауардың таңбаларын арнайы қосымшалар арқылы тексеріңіз; тым төмен бағаларға сенбеңіз.

Құттықтау ашық хаттар

Тіпті мессенджердегі зиянсыз құттықтау хаттар да қауіп тудыруы мүмкін. Алаяқтар сіздің жақыныңыздың, мысалы, әжеңіздің аккаунтын бұзып, барлық таныстарын зерттеп, жалған құттықтау сілтемесімен хат жібереді. Мысалы: «Саған арналған жеке құттықтау, немерем, мына сілтемеде!». Сілтеме бойынша өтсеңіз, жеке деректеріңіз жоғалуы немесе сіздің гаджетіңізге құрылғы туралы барлық ақпаратты, жүктелген қосымшаларды және оларға құпиясөздерді оқитын вирус-шпион енуі мүмкін.

Кеңес: ешқашан күдікті сілтемелер бойынша өтпеңіз, тіпті оларды таныстарыңыз жіберсе де. Ашық хаттар сілтемелерсіз келеді. Күдікті «құттықтау» алсаңыз, оны жіберген адамға қоңырау шалып, бұзу әрекеті болуы мүмкін екенін ескертіңіз.

Жалған қайырымдылық

Мереке алдында адамдардың мейірімі оянып, басқаларға көмектескісі келеді. Мұны пайдаланған алаяқтар «балалардың армандарын орындау» үшін жалған қаражат жинауды ұйымдастырады. Өкінішке орай, сіздің ақшаңыз қылмыскерлердің қалтасына кетеді, ал балалар сыйлықсыз қалады.

Кеңес: тек беделді қайырымдылық қорларына көмектесіңіз. «Қоғамдық ұйымдардан» олардың балалар туралы әңгімесін растайтын құжаттарды сұрауға қысылмаңыз.


Мемлекеттік органдардан «сыйлықтар»

Бұл схема нақты аудиторияға – зейнеткерлерге бағытталған. Алаяқтар еріктілер немесе мемлекеттік органдардың өкілдері ретінде қарт адамдардың пәтеріне келеді. Арзан сыйлық әкелуі мүмкін, бірақ зейнеткерлердің сеніміне кіріп, оларды тонауы немесе үйдің жай-күйін қарап, кейіннен тонауға жағдай жасауы ықтимал.

Сондай-ақ, алаяқтар егде жастағы адамдарға қоңырау шалып, ХҚКО, әкімдік немесе коммуналдық қызмет өкілдері ретінде өзін таныстырып, «сыйлық» ұсынуы мүмкін. Сол арқылы құпия ақпаратты алдап алып, телефонға алаяқтарға құрылғыға қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін беретін қосымша жүктеуге мәжбүрлейді.

Кеңес: егде жастағы туыстарыңызға қауіпсіздік туралы түсіндіріп, бөтен адамдарға есік ашпауын және олардың сөзіне сенбеуін өтініңіз. Егер мемлекеттік орган атынан қоңырау түссе, бұл туралы сізге айтып, ақпаратты тексеруге кеңес беріңіз.

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз және қаржылық сауаттылығыңызды бізбен бірге арттырыңыз!

Соңғы жаңалықтар
23.04.2025
2024 жылы қаржы секторының қызметтер экспортына қосқан үлесі 1,2 млрд долларды құрады
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы қызметтердің сыртқы саудасына шолу ұсынады.
23.04.2025
Бірінші тоқсанда корпоративтік облигацияларды орналастыру 61% төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы 1 тоқсандағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолу ұсынады.
15.04.2025
Бөлшек несиелендіруде жаңа клиенттердің ағыны 2023 жылғы 411 мыңнан 2024 жылдың қорытындысы бойынша 300 мыңға дейін баяулады, бұл нарықтың қанықтылығын көрсетеді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы екінші деңгейдегі банктердің бөлшек кредиттері нарығына шолу ұсынады.
08.04.2025
Сарапшылар базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдау қарсаңында жаһандық тәуекелдердің өсуін бағалайды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы сәуірдегі кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
02.04.2025
Мөлшерлемелер бойынша "қос соққы": АНС қатайту және МРТ енгізу
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстанның қаржы нарығындағы пайыздық мөлшерлемелерге шолу ұсынады.
31.03.2025
РФ-мен саудадағы теңгерімсіздік 2024 жылы шамамен үштен біріне кеңейді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы қаңтар – желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымына шолу ұсынады.