01.04.2025
2922 cапарлар
Әділ Мұхамеджанов KASE басқарма төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан қор биржасы (KASE) Әділ Нұрланұлы Мұхамеджановтың 2025 жылғы 31 наурыздан бастап биржаның басқарма төрағасы лауазымына тағайындалғанын хабарлайды.

Әділ Мұхамеджановтың Қазақстан Республикасының қаржы саласында 20 жылдан астам еңбек тәжірибесі бар. Өзінің кәсіби қызметін ол 2002 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментінде бастап, Департамент директорының орынбасары лауазымын қоса алғанда, бірқатар жауапты лауазымда еңбек етті, ақша-кредит саясатын іске асыруға және Ұлттық қордың активтерін басқаруға жетекшілік етті.

Одан кейін Әділ Нұрланұлы KASE-де Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, сауда-саттық пен клиринг қызметін бақылау мен үйлестіруді жүзеге асырды. Оның басшылығымен валюта нарығында сауда-клиринг жүйесі сәтті іске қосылды.

KASE-нің Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалғанға дейін Әділ Мұхамеджанов «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды. Оның басшылығымен Орталық депозитарийдің 2022-2024 жылдарға арналған даму стратегиясы әзірленіп, табысты іске асырылды, оның аясында ұйымды цифрландыру және жергілікті депозитарлық хаб ретінде дамыту жүргізілді.

Анықтама үшін

Қазақстан қор биржасы – Орталық Азия өңіріндегі жетекші қор биржасы. KASE бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі жөнінен ТМД биржалары арасында екінші орында және FEAS биржалары акциялары нарығын капиталдандыру көлемі жөнінен төртінші орында.

Бұл – корпоративтік және мемлекеттік бағалы қағаздар, халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары, шетел валюталары, ақша нарығының операциялары – репо және валюта свопы, сондай-ақ туынды құралдар үшін әмбебап сауда алаңы.

KASE Клиринг орталығы (KACC) – KASE-нің 100% еншілес ұйымы, ол барлық KASE нарығында клиринг, есеп айырысу және орталық контрагент функцияларын орындайды. KASE ресми тізіміндегі 253 эмитенттің 989 бағалы қағаз шығарылымын қоса алғанда, 1500-ден астам қаржы құралы бойынша клиринг жүргізеді.

Қосымша ақпарат: +7 (727) 237 5342, pr@kase.kz.

Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.