27.12.2018
1596 cапарлар
Altyn Bank қазақстан банктерінің ішінде ең бірінші болып АХҚО өз бөлімшесін тіркеді

Қазақстандағы CITIC Bank  еншілес банкінің бөлімшесі – Altyn Bank (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) China CITIC Bank Corporation Limited және «Астана» Халықаралық қаржы орталығы арасындағы стратегиялық серіктестік туралы жасалған Меморандум шеңберінде тіркелген.

«Бұл «Бір белдеу – бір жол» бастамасы, сонымен бірге АХҚО халықаралық алаңының әрі қарай дамуы шеңберіндегі маңызды оқиға, – деп Altyn Bank басқарма төрағасы – Марат Әлменов атап айтты. – Акционерлердің қорларымен нығайтылған мүмкіндіктерімізді ескеретін болсақ, Altyn Bank  АХҚО  құзіретінде тіркелген компаниялар үшін қызметтер ұсынуға дайын, соның ішінде есептік – кассалық қызмет көрсету, аударым операциялары, соның ішінде қытай юаньдарымен, ал келешекте – «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Биржасы (AIX) үшін есептік банк және  кастодиан ретінде қызметтер көрсету».

АХҚО Altyn Bank бөлімшесі келесі қызметтерді көрсететін болады: АХҚО заңды тұлғалары үшін ағымдағы, жинақтаушы шоттарды, интернет – банкингін ашу және оларға қызмет көрсету, есептік – кассалық қызмет көрсету, инкассалау, несие беру, саудалық қаржыландыру, банк кепілдіктерін, аккредитивтерді ұсыну.

Келешекте CITIC Bank Банкаралық Төлемдердің трансшекаралық төлем жүйесінің (CIPS) тәжірибелі және белсенді тура қатысушы бола отыра, өзінің еншілес банкі арқылы  қытай юаньдарында төлемдерді өткізу процесін жылдамдату және жеңілдету үшін АХҚО  тіркелген банктер үшін осы жүйеде жанама қатысу қызметтерін ұсынуға дайын. Altyn Bank CIPS жүйесінде жанама қатысуға өтінім жасады және АХҚО алаңында сәйкес қызметті ұсынатын болады.   

Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.