13.04.2023
19857 cапарлар
Bereke Bank Басқарма құрамындағы кадрлық өзгерістер туралы хабарлайды

10.04.2023 ж. "Bereke Bank" АҚ Директорлар кеңесі банктің Басқарма құрамына өзгерістер енгізу жөнінде шешім қабылдады. Басқарма Төрағасының орынбасарлары - Басқарма мүшелері Магомед Гулаев пен Владимир Савченконың өкілеттіліктері тоқтатылды.

Директорлар кеңесі оларға банктің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін және ең жауапты кезеңде жоғары деңгейде қызмет көрсеткендеріне алғыс білдірді.

Алина Аникина және Серке Қасенов "Bereke Bank" АҚ Басқармасының жаңа мүшелері әрі Басқарма Төрағасының орынбасарлары атанды.

Алина Аникина операциялық менеджмент және стратегия, жауапты басқару, көшбасшылық, ұйымдастырушылық бойынша ЕМВА дәрежесіне ие.

Алина Аникинаның банк жүйісінде 20 жылдық еңбек тәжірибесі бар. "Альфа-Банк" тобында қызмет атқарды, оның 10 жылы Қазақстанда еңбек етті, жетекші маманнан "Альфа-Банк" АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы лауазымына дейін көтерілді.

Серке Қасенов - экономика ғылымдарының кандидаты, банк саласында мол тәжірибесі бар кәсіби маман. "Казкоммерцбанк" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "БТА банк" АҚ, "Альфа-Банк" АҚ сияқты ұйымдарда түрлі басшылық лауазымдар атқарды.

Өзгерістерді ескере келе, "Bereke Bank" АҚ Басқармасы үш адамнан тұрады:

  • Тимченко А. И. - Басқарма Төрағасы;
  • Аникина А. В. - Басқарма Төрағасының орынбасары;
  • Қасенов С. М. - Басқарма Төрағасының орынбасары.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22 ж. берген № 1.2.199/93/31 лицензия.

«Bereke Bank» АҚ баспасөз қызметі
press@berekebank.kz
+7 727 266 35 68 (ішкі: 502 466; 00 351)

Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
Экспорттың озыңқы өсуі аясында Қазақстанның сырты саудасы қалпына келді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 7 айындағы Қазақстанның тауар айналымы бойынша шолуын назарларыңызға ұсынады.
15.10.2026
Бизнесті кредиттеудің өсімін негізінен қолданыстағы қарыз алушылар қамтамасыз етіп отыр
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстан экономикасы салаларын кредиттеудің 2026 жылғы 9 айдағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.