29.04.2019
4905 cапарлар
«Цеснабанктің» аты Jýsan Bank болып өзгерді Барлық құқықтар қорғалған

«Цеснабанк» АҚ (бұдан әрі – Банк) өз атауының өзгеруі туралы жариялады. Банктің жаңа атауы жеке тұлғаларға арналған "Jýsan Bank" ("Жусан банк" латын әліпбиінде бекітілген) брендімен "First Heartland Jýsan Bank" АҚ деп бекітілді.

«Біз транзиттік кезеңді сәтті өткеріп, Банкті толық сауықтырдық және бәсекеге қабілетті жаңа кредит өнімдерін іске қосып та үлгердік. 1 сәуірдегі жағдай бойынша Банк 680 млрд теңгедан немесе барлық активтерінің 70% асатын сомамен жоғары өтімділікті активтер үлесі бойынша нарықтағы үздіктер үштігіне кіреді, сондай-ақ кредиттік портфельге қалыптастырылған резервтер көлемі бойынша бірінші орында», - деп басқарма төрағасы Бекжан Пірматов пікірімен бөлісті.

Ребрендинг туралы шешім Банктің жаңа бизнес стратегиясының шеңберінде қабылданды және 2019 жылдың ағымында сыртқы жарнама нышандары кезең-кезіңімен өзгертіліп, Jýsan Bank атауымен және белгісімен жаңа банктік өнімдер және басқа да құралдар енгізілетін болады. Бұл ретте клиенттерге Банк қызметіне байланысты құжаттарға қандай да бір өзгертулер енгізу, карталарды қайта шығару және шарттарға қайта қол қою сияқты мәселелер жөнінде алаңдаудың қажеті жоқ.

«Банк атауының Jýsan Bank деп өзгертілуі, біздің команда үшін, сондай-ақ біздің клиенттеріміз үшін де біздің барлық жаңа өнімдеріміз бен қызметтеріміз инновациялық және ыңғайлы болуы көзқарасында ілгерілейтін позитивті жағдай болып табылады. Jýsan Bank-те өз шаңырағыңыздағыдай бәрінің жайлы да сенімді болғанын қалаймыз», - деді Б. Пірматов.

Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.