24.06.2021
49890 cапарлар
Ерланбек Қаппар Еуразиялық банк басқарма төрағасының орынбасары сайлады

"Еуразиялық банк" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2021 жылғы 23 маусымнан бастап Банк Басқармасының жаңа мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары болып Банк Қазынашылығының басқарушы директоры Ерланбек Қаппар сайланды. Жаңа лауазымда Е.Ж.Қаппар мырза халықаралық қатынастар, борыштық міндеттемелерді шығару мен акционерлік капитал мәселелерін, сондай-ақ кастодиандық операциялар бөлімін қоса алғанда, Қазынашылық операциялар блогының қызметіне жетекшілік ететін болады.

Ерланбек Қаппар 37 жаста, банк секторындағы мансаптық жолын 2005 жылы бастаған. Осы уақыт ішінде ол бөлшек бизнес, ШОБ, кепіл қамтамасыздығын бағалауды қоса алғанда, банк ісінің түрлі салаларында ауқымды жұмыс тәжірибесіне ие болды. Соңғы 10 жылда бірқатар қазақстандық банктерде қазынашылық бөлімшесін басқарды.

Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің "Қаржы және Банк ісі" мамандығы бойынша түлегі.

"Еуразиялық банк" АҚ PR-қызметі
+7 (727) 259-95-99, ішкі 4401.
press@eubank.kz
eubank.kz

Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
Экспорттың озыңқы өсуі аясында Қазақстанның сырты саудасы қалпына келді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 7 айындағы Қазақстанның тауар айналымы бойынша шолуын назарларыңызға ұсынады.
15.10.2026
Бизнесті кредиттеудің өсімін негізінен қолданыстағы қарыз алушылар қамтамасыз етіп отыр
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстан экономикасы салаларын кредиттеудің 2026 жылғы 9 айдағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.