22.07.2025
869 cапарлар
Fitch Отбасы банк рейтингін BBB деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты»

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ұлттық валютадағы эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «BBB» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».

Бұл баға – Отбасы банкінің қаржылық және ұлттық даму институты ретіндегі тұрақтылығы мен сенімділігінің маңызды көрсеткіші. Халықаралық рейтинг банктің қаржылық жағдайының тұрақталығын, ашықтығын және тиімділігін растайды. Клиенттер үшін бұл бағалау жинақтарының сенімділігі мен қауіпсіздігіне қосымша кепіл болады.

«Отбасы банк арқылы өз баспанасына ақша жинап жатқан қазақстандықтардың саны 3,2 миллионға жетті. 2025 жылдың алғашқы 6 айында депозиттерге түскен қаражат көлемі – 616 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39%-ға жоғары. Клиенттеріміз жинап жатқан әрбір теңгенің артында нақты мақсат тұр. Бұл – өз баспанасына қол жеткізу, отбасының амандығы мен болашаққа деген сенімділік. Fitch агенттігінің бағалауы азаматтардың жинақтары тұрақты әрі сенімді банкте екенін расстайды. Біз олардың сенімін сақтап қана қоймай, арттыра түсеміз. Нәтижесінде жұмыс істейтін әрбір үшінші қазақстандық болашақта қолжетімді шарттармен өз баспанасын сатып алу үшін Отбасы банкін таңдап отыр», – деп атап өтті «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

 2025 жылы Отбасы банкте 474 054 қазақстандық жаңа депозит ашты. Жинақ шотындағы қаражат оларға болашақта елдегі ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен – жылдық 3,5%-дан (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ға дейін) жылдық 8,5%-ға дейін (ЖТСМ 9%-дан 9,6%-ға дейін) кредит рәсімдеп, тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді.

Теңгедегі ұзақ мерзімді қазақстандық салымдардағы банктің үлесі 33%-ға тең. Банк клиенттерінің жинақ шоттарында 2,5 трлн теңге бар.

Күн сайын Отбасы банктің көмегімен 300-ден астам қазақстандық заем алып, қоныс тойын тойлауда. Банктің елдегі барлық ипотека портфеліндегі үлесі 51%-ды құрайды (01.06.2025 жылғы деректер бойынша). Жыл басынан бері банк 37 965 заем берді. Бұл ретте клиенттердің шамамен 80%-ы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде емес, бастапқы жарнаға ақша жинап, коммерциялық нарықтан баспана сатып алған.

Банктің NPL деңгейі (90 күннен астам мерзімі өткен несиелер үлесі) Қазақстандағы ЕДБ арасындағы ең төмен көрсеткіштердің бірі – не бәрі 0,12%-ға тең. Бұл көрсеткіш нарықтағы орташа NPL деңгейінің көрсеткіші 3,39%-дан едәуір төмен.

Қазіргі таңда Отбасы банк Қазақстандағы ЕДБ арасында активтер көлемі бойынша бесінші, ал меншікті капитал бойынша төртінші орында тұр. Бүгінде Отбасы банктің қолдауымен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі сенімділігінің арқасында 600 000 қазақстандық отбасы өз үйлерінде тұрып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.