06.03.2026
1248 cапарлар
Fitch Ratings Halyk Finance рейтингін ВВВ- деңгейінде растады

2026 жылғы 27 ақпанда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі "Halyk Finance" АҚ эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін (ҰМДР) "тұрақты" болжамымен "BBB -" деңгейінде растады.

Агенттіктің пікірінше, рейтингтік бағалауды негіздейтін факторлар Halyk Finance-тің Қазақстандағы инвестициялық және брокерлік компания ретіндегі жетекші рөлі, басқарудағы активтердің өсуі, операциялық пайданың тұрақты көрсеткіштері, меншікті активтердің жақсы сапасы және қорландырудың тұрақты көздері, сондай-ақ Halyk бас банкінің қолдаудың жоғары ықтималдығы болып табылады.

Fitch Ratings сонымен қатар "F3" деңгейіндегі қысқа мерзімді ҰМДР және "bbb-" деңгейіндегі қолдау рейтингін растады.

Жүргізілген рейтингтік іс-қимылдардың қорытындысы бойынша Halyk Finance жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктің инвестициялық санатының ұзақ мерзімді рейтингі бар жалғыз қазақстандық брокер мәртебесін сақтайды.

Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
Бизнесті кредиттеудің өсімін негізінен қолданыстағы қарыз алушылар қамтамасыз етіп отыр
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстан экономикасы салаларын кредиттеудің 2026 жылғы 9 айдағы шолуын назарларыңызға ұсынады.
08.10.2026
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нақты ақша-несие шарттарының қатаңдауымен қатар жүреді
ҚҚҚ талдау орталығы Қазақстанның қаржы нарығындағы 2026 жылғы қаңтар — қыркүйек айларындағы пайыздық мөлшерлемелер шолуын назарларыңызға ұсынады.
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.