08.02.2019
1380 cапарлар
IFC мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ынтымақтастықтың бірінші кезеңін қорытындылады

Бүгін Дүниежүзілік банк тобына кіретін IFC мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 2018 жылдың соңында қаржы ұйымдары арасында қол қойылған келісім шеңберіндегі банктің ағымдағы жұмысын талқылады. Аталған келісімнің мақсаты – ҚТҚЖБ үшін жаңа несиелік өнімді жасап шығару.

Екінші кезең барысында қолданыстағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өнімдерінің тізбесін жетілдіру, Қазақстандағы тұрғын үй несиесін берудің қолжетімділігін арттыру мақсатында жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін іске қосу жоспарлануда.

– Бүгінгі күні Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі баспана сатып алудың ең қолжетімді тәсілі болып саналады. Оған 1,3 млн. қазақстандық сенім артқан, ал бұл елдегі экономикалық-белсенді халықтың 13,8%-ын құрайды. Банк 172 мың қазақстандық азаматтарға тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесті, – деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова. – Банк салымшыларының арасында қоныс тойын тойлағандар санын арттыру мақсатында біз халықаралық деңгейге шығудамыз. Бұл қосымша инвестицияларды тартуға және де тұрғын үй мәселесін шешудің жаңа құралдарын ендіруге жол ашады. Мұндай ынтамақтастықтан бірінші кезекте банк салымшылары ұтады. Олар көпжылдық халықаралық тәжірибеге негізделген сапалы қызмет түрлерін алып, өз баспаналарына қол жеткізеді.

Сондай-ақ, IFC қазіргі уақытта қазақстандық банктер мен қаржы мекемелерінің әлеуеті тұрғын үйді қаржыландыру жүйесінде жоғары екендігін атап өтті.

– Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен ынтымақтастық орнату барысында IFC тұрғын үйді қаржыландыруға қатысты бүкіләлемдік ең озық тәжіриені қолданады, – деп атап өтті Орталық Азия бойынша IFC аймақтық өкілдігінің басшысы Кассандра Колберт. – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұсынатын жаңа өнімдер мен қызмет түрлері еліміздегі тұрғын үйді қаржыландыру нарығының қарқынды дамуына жол ашады. Сондай-ақ, Қазақстан халқына қолжетімді ипотекалық несиені ұсынуға мүмкіндік береді, – деп қортындылады Кассандра Колберт.

IFC тұрғын үйді қаржыландыру саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық инвестор болып табылады және тұрғын үйді қаржыландырудың сенімді әрі аса қолжетімді нарығын дамытуға жағдай жасау үшін ең озық тәжірибе мен инвестициялық қызмет түрінің бірегей тәсілін ұсынады.

Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.