30.11.2018
1993 cапарлар
ҚазАгроҚаржы 7,9 млрд теңге сомасына облигацияларды сәтті орналастырды

ҚазАгроҚаржы (ҚАҚ) жалпы сомасы 7,9 млрд теңгені құрайтын қамтамасыз етусіз жаңа шығарылған купондық облигациядарды (KAFlb7) Қазақстан қор биржасында орналастырды. Орташа өлшемделген табыстылығы жылына 12% пайызды, айналысы 5 жылды құрайды. Шығарушының облигацияларын орналастыру кезінде андеррайтер ретінде Freedom Finance болды.

Облигациялардың нақтылы бағасы – 1000 теңге, тіркелген шығарылымның көлемі – 12 млрд теңге, купондарды төлеудің дүркінділігі – жылына екі рет.
Бастапқы сауда-саттықтың нәтижелері бойынша, қазір 13 өтінім берілді. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемін алатын болсақ 46,1% пайызы брокер-дилерлік компанияларында, 27,9% пайызы – институционалдық инвесторларда, 25,9% пайызы – басқа заң тұлғаларында. Сатып алудың 30,6% көлемі бейрезиденттерге бұйырды.

Айнұр Сейтқасымова, ҚазАгроҚаржы басқарма төрағасының бірінші орынбасары: «Ауыл шаруашылық теxникасы лизингі саласында үздіктердің бірі ретінде біз қаржы орнықтылығы мен нарықтық тартымдылықтың арту стратегиясын ұстанамыз. Облигацияларды орналастыру мемлекеттік қорлардың қатысуынсыз, толығымен нарықтық болды. Бұл институционалдық және жеке инвесторлардың сенімділігін дәлелдейді. Сондай-ақ, компанияға сенуге болатынын көрсетеді. Орналастырудан түскен қаражат аграрлық-өнеркәсіптік кешеніне лизинг жұмыстарының үлесін ұлғайтуға жұмсалады».

Асқар Тәштітов, Freedom Finance-ның инвестициялық банкинг департаментінің басқарушы директоры: «Бұл орналастыру монетарлық саясат пен теңге өтімділігі қатайған жағдайда өте маңызды. Ол жергілікті нарықта үш жылға орналастыру мемлекеттік бағалы қағаздардың ауытқымасына қатысты орташа дюрация кезінде бірталай ақыны талап етті. Депозиттік мөлшерлемелерді сақтанымпаз реттеу жағдайда біз ҚазАгроҚаржының қағаздары тек институционалдық инвесторларды қызықтырып қана қоймай, сондай-ақ жеке клиенттерге бес жылдық табысты бекіту мүмкіндігімен тартымды болады деп санаймыз».  

Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.