10.10.2018
1713 cапарлар
Қазақстан қор биржасы мен Мәскеу биржасы Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

2018 жылғы 10 қазанда Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Мәскеу биржасы (MOEX) Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойды. Алматы қаласында ресми қол қою рәсіміне Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев, Қазақстан қор биржасының Басқарма Төрағасы Алина Алдамберген және Мәскеу биржасының Басқарма Төрағасы Александр Афанасьев қатысты.

Келісім Мәскеу биржасының KASE жарғылық капиталының 20%-ға дейінгі көлемін 2019 жылдың соңына дейін екі кезеңмен сатып алуын көздейді.

Биржалар ынтымақтастығының негізгі мақсаттары Қазақстанның және Ресейдің сауда-саттыққа қатысушыларына және инвесторларға екі елдің нарықтарына өзара кіруіне мүмкіндік беру; орталық контрагент (бұдан әрі – ОК) институтын дамыту есебінен инфрақұрылымның сенімділігін арттыру және нарықтық тәуекелдерді төмендету; KASE нарықтарының, клирингтің, тәуекелдерді басқарудың тиімділігін арттыру және жаңа биржа құралдарын жасау мақсатында Мәскеу биржасының сараптамасын және сауда-клирингтік технологияларын пайдалану; KASE-нің жария нарыққа шығуына жәрдемдесу және KASE-нің акцияларын бастапқы орналастыру үшін Мәскеу биржасының тәжірибесін пайдалану болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев өзінің құттықтау сөзінде Келісімге қол қоюдың өзара іс-қимыл жасауды тереңдетудің және қаржы нарықтарымыздың мүмкіндіктерін кеңейтудің кезекті қадамы болатынын атап өтті.

"Біз елдеріміздің арасында қаржылық қызметтердің және капиталдың еркін қозғалуын қамтамасыз етуге тырысудамыз және бұл оны іске асырудың маңызды қадамдарының бірі. Мәскеу биржасы арқылы біз Қазақстан қор биржасы үшін сенімді әрі стратегиялық әріптесті айқындағанымызға сенімдіміз. Өз кезегінде, Мәскеу биржасы Қазақстан қор биржасы арқылы өзіне айтарлықтай сенімді әріптесті тапты дегім келеді. Бұл нарықтың барлық қатысушылары үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, ал Мәскеу биржасы үшін кеңею базасын құруға және қажетті резервтік қуатының болуына мүмкіндік береді", – деді Д.Ақышев.

Ұлттық Банк басшысы Мәскеу биржасының қысқа мерзім ішінде қаржы реттеушісінің және нарыққа қатысушылардың қор нарығын экономиканың нақты секторын қаржыландырудың және ұзақ мерзімді инвестициялар тартудың тиімді арнасына айналдыра алуының Ресейдегі ең сәтті мысалдарының бірі болып табылатынын да атап өтті.

"Біз Мәскеу биржасының ноу-хауы Қазақстанда да жылдам іске асырылады деп сенеміз. Ұлттық Банк Қазақстан қор биржасымен бірлесіп бірқатар, оның ішінде Мәскеу биржасымен консультациялар шеңберінде бастамаларды іске асырды. Біз Т+1 схемасы бойынша валюталық сауда-саттыққа көштік. 01 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасы валюта нарығында орталық контрагент болды. Жақын уақытта Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарымен және Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер үшін Т+2 схемасы бойынша есептеуді енгіземіз. Орталық контрагент базасында біз валюталық тәуекелдерді хеджирлеу, оның ішінде 1 жылға дейінгі мерзіммен валюталық своптарды өткізу мүмкіндіктерінің тетіктерін әзірлеп жатырмыз", – деді Д.Ақышев.

Мәскеу биржасының Басқарма Төрағасы Александр Афанасьев Еуразия экономикалық одағының екі ірі қаржы нарықтарының көшбасшы инфрақұрылымдық ұйымы – Мәскеу биржасы мен KASE келісімі – ЕАЭО-ны дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

"Ресей мен Қазақстанның қаржы нарықтарын реттеуді және инфрақұрылымын жақындастыру елдеріміздің эмитенттеріне бизнесті қаржыландыру үшін жария нарыққа тиімдірек капитал тартуға, ал инвесторларға шығасылары мен тәуекелдерін төмендетіп, қаражат салудың мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. Елдеріміздің тарихи және экономикалық жақындығы Мәскеу биржасының биржа инфрақұрылымын дамытудағы, ішкі және сыртқы сұранысты арттырудағы және қаржы нарығының өтімділігін ұлғайтудағы табысты тәжрибесінің KASE-ні дамыту үшін айтарлықтай тиімді болып, Қазақстанның жария капиталы нарығының айтарлықтай өсуіне ықпал ететін болады деген сенімділікті береді", – деді А. Афанасьев.

 

"Екі биржаның ынтымақтастығы және МОЕХ-тің сауда-клирингтік жүйелерін пайдалану – біздің биржа нарықтарымызға кәсіби қатысушылардың кіруі үшін маңызды қадам. Қазақстанның қаржы нарығын биржалық саудасаттық, тәуекелдерді басқару, клиринг, сауда-саттыққа қатысушылармен жұмыс істеу бөлігінде дамыту және биржалық сервистерді кеңейту үшін Мәскеу биржасының тәжірибесі мен құзыретін пайдалану өтімділіктің артуына және біздің клиенттеріміз бен қатысушылардың қажеттілігіне жақсы қызмет көрсетуге ықпал ететін болады. Қазақстан қор биржасы 01 қазанда өзінің қатысушыларына жаңа қызмет – ОК-тің валюта нарығындағы қызметтерін ұсынды. Мәскеу биржасының тәжірибесі мен сараптамасына сүйене отырып, KASE болашақта қор және ақша нарықтарында ОК-ті іске қосуды, пайдаланылатын құралдар мен сервистер тізбесін кеңейтуді жоспарлап отыр. Біз стратегиялық ынтымақтастық тараптардың бәсекелестік артықшылықтарын арттыруға және қор нарықтарының даму перспективаларының өсуіне ықпал ететін болады", – деп түсіндірді Қазақстан қор биржасының Басқарма Төрағасы Алина Алдамберген.

Соңғы жаңалықтар
08.04.2025
Сарапшылар базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдау қарсаңында жаһандық тәуекелдердің өсуін бағалайды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы сәуірдегі кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
02.04.2025
Мөлшерлемелер бойынша "қос соққы": АНС қатайту және МРТ енгізу
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстанның қаржы нарығындағы пайыздық мөлшерлемелерге шолу ұсынады.
31.03.2025
РФ-мен саудадағы теңгерімсіздік 2024 жылы шамамен үштен біріне кеңейді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы қаңтар – желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымына шолу ұсынады.
07.03.2025
Сарапшылар теңге бойынша болжамдарды жақсартты, бірақ инфляция мен базалық мөлшерлеме бойынша нашарлады
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы наурыздағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.
03.03.2025
Ірі бизнес кредиттері бойынша баға шарттары базалық мөлшерлеменің өзгеруіне барынша сезімталдыққа ие болды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылға кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге шолу ұсынады.
27.02.2025
ӨСК активтері 1,6 трлн теңгеден асып, сақтандыру нарығының жартысынан астамын иеленді
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.