13.08.2025
1824 cапарлар
KMF банк лицензиясын алды

12 тамыз 2025 жыл – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) «KMF МҚҰ» акционерлік қоғамына банк қызметін жүзеге асыруға лицензия берді. Жаңа банктің ресми атауы – «KMF Банк» АҚ, орыс тілінде – АО «KMF Банк», ағылшын тілінде – JSC KMF Bank.

Бүгін Алматыда лицензияны салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Оған ҚНРДА төрайымы Мадина Әбілқасымова мен «KMF Банк» АҚ Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов қатысты.

«Бүгін біз KMF Банкке ресми түрде банк лицензиясын табыстаймыз. KMF Қазақстандағы 23-нші банк болмақ. Жаңа банктің құрылуы – қаржы жүйесінің дамуына жасалған кезекті қадам әрі кәсіпкерлік қауымдастық үшін банк қызметтерінің қолжетімділігін арттыра түсетінін айқындайды», – деп атап өтті ҚНРДА төрайымы Мадина Әбілқасымова.

Жаңа банк жеке тұлғаларға, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға және кәсіпкерлерге қызмет көрсетуді басты бағыт ретінде белгілеп отыр.

«KMF – нарықтағы жаңа ойыншы емес. Біз 28 жылдан бері жұмыс істеп келеміз және қаржы саласында үлкен тәжірибеміз бар. Сондай-ақ клиенттеріміздің қажеттіліктерін жақсы білеміз. Екінші деңгейлі банкке трансформациялану процесі кешенді түрде жасалды. Біз микрокаржыландыру секторында жетекші орынға ие ірі ұйымбыз, бұл саланың төрттен бір бөлігі KMF-тің үлесінде. Сондықтан трансформациялау процесі ұзаққа созылды. Біз клиенттеріміз үшін микроқаржы ұйымнан банкке өту барынша жеңіл әрі үзіліссіз болуын қамтамасыз еттік. Енді оларға қаржы өнімдері мен қызметтерінің кең спектрін ұсына аламыз. Бұл – дамуымыздың жаңа кезеңі және біз банк секторынан лайықты орын аламыз деп сенеміз», – деді «KMF Банк» АҚ Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Банк лицензиясы KMF-ке кәсіпкерлікті қаржыландыру саласындағы қызметін жалғастыруға, сондай-ақ жаңа өнімдер мен қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді. Олардың қатарына депозиттер, банк шоттары, аударым операциялары және банктің жаңа мобильді қосымшасы арқылы көрсетілетін қызметтер кіреді. Ұйымның Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

KMF Банк Қазақстандағы 23-нші екінші деңгейлі банк атанды. Ұйым қызмет еткен жылдар ішінде клиенттерінің саны 1,3 миллион адамға жетті, олардың басым бөлігі кәсіпкерлер. 2025 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша банк активтері 384 млрд теңгеден асты, ал кредит портфелі 306 млрд теңгені құрады.

Ақпарат: «KMF Банк» АҚ - 2025 жылы микроқаржы ұйымынан (МҚҰ) екінші деңгейлі банкке конвертацияланды. Еліміздегі шалғай ауылдарды да қызметімен қамти отырып, Қазақстандағы ең ауқымды филиалдар желісінің біріне ие. KMF Банк географиясында 17 филиал мен 122 бөлімше бар. Банк жеке тұлғаларға, шағын және орта бизнеске қызмет көрсетеді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласының субъектілерін белсенді түрде қолдайды..

Банк операцияларын жүргізуге ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген № 1.1.120 лицензия, 2025 жылғы 12 тамыз

Соңғы жаңалықтар
26.05.2026
Соңғы жылдарда алғаш рет банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алу көлемінің төмендеуі тіркелді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-тоқсанындағы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар статистикасына қатысты шолуды назарларыңызға ұсынады.
22.05.2026
Ішкі салықтар бюджет кірістері өсімінің негізгі қозғаушы күшіне айналуда
ҚҚҚ Талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы ҚР бюджет теңгерімінің шолуын ұсынады.
19.05.2026
Жалпы сақтандыру компанияларының сыйақылары 2,9%-ға төмендеді, ал төлемдер 24,2%-ға өсті
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның жалпы сақтандыру нарығына арналған шолуды ұсынады.
19.05.2026
Активтердің өсуі нәтижесінде өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) ірі институтционалдық инвесторлардың рөлін күшейтіп келеді
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығына шолуды ұсынады.
18.05.2026
Мұнай бағасының жоғарылауы аясында сарапшылар ЖІӨ өсімі бойынша болжамды 5% деңгейінде сақтап қалды
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға 2026 жылғы мамырдағы жекелеген индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында жүргізілген кезекті сауалнама нәтижелерін ұсынады.
13.05.2026
Резервтердің әлеуеті жоғары болғанымен, іргелі ағындардың әлсіреуі байқалады
ҚҚҚ талдау орталығы назарларыңызға Қазақстанның 2025 жылғы сыртқы сектор шолуын ұсынады.