04.03.2019
1870 cапарлар
Ауыл шаруашылығының тауарын өндірушілері жалпы сомасы 4 млрд теңгені құрайтын жеңілдетілген кредит алады

Аграрлық кредит корпорациясы (АКК) АҚ агроөнеркәсіптік кешен жобаларын одан әрі қаржыландыру үшін Банк ВТБ (Қазақстан) 4 млрд теңге сомасына кредит желісін ашты. Енді ауыл шаруашылығы өндірушілері ВТБ-да «Агробизнес» бағдарламасы аясында жылдық 6,8% сыйақы мөлшерлемесімен жеңілдетілген кредит ресімдей алады.

– Осы таңда біздің банк кәсіпкерліктің әртүрлі салаларын қолдауға бағытталған 12 мемлекеттік бағдарламаға қатысады: шағын бизнестен ірі экспортқа бағытталған жобаларға дейін. Әрине, біз Қазақстан халқын қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы саласын назардан тыс қалдыра алмадық, – деп  атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) басқармасының төрағасы Дмитрий Забелло. – Агробизнес – жеңілдетілген кредит беру үлкен қолдау болып табылатын үлкен тәуекелдерге байланысты кәсіпкерліктің күрделі саласы. Біз АКК-мен келісімге қол қою арқасында осы сектордың дамуына ықпал ете алатынымызға қуаныштымыз.

«Агробизнес» бағдарламасының шарттарымен ауыл шаруашылығының басым бағыттары белгіленген, оларға банк қаржыландыру туралы шешім қабылдай отырып, артықшылық беретін болады. Олардың ішінде: сүт өндірісі, құс шаруашылығы және шошқа шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы (көкөністер мен жемістер), сондай-ақ ет, балық және өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жобалар бар. Сегменттерді таңдау елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту тұрғысынан негізделген. Аталған бағыттар бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер негізгі құралдарды сатып алуға, оның ішінде объектілерді жаңғыртуға, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарына және айналым қаражатын толықтыруға қаржы алуларына болады.

Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.