09.03.2023
14351 cапарлар
АҚШ Қаржы министрлігінің Bereke Bank-тi санкциялар тізімінен шығарды

Bereke Bank ресми түрде санкциялардан шығарылғанын хабарлайды. 2023 жылдың 8 наурызында АҚШ Қаржы министрлігінің Шетел активтерін бақылау жөніндегі басқармасы (OFAC) қаржы институтын Specially Designated Nationals (SDN) санкциялық тізімінен және секторлық санкциялар тізімінен (SSI) шығарды.

Санкцияларды алып тастауға акционердің және банктің атауының өзгеруі ықпал етті. Естеріңізге салсақ, 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі «Bereke Bank» АҚ-тың негізгі акционері болып саналады.

«Бұл – еліміздің қаржы нарығында орын алған тарихи сәт. Bereke Bank-ті санкциялардан шығару үшін акционердің, ҚР Ұлттық банкінің, реттеуші органның тарапынан көп күш жұмсалды. Сондай-ақ ҚР ІІМ және ҚР-ның АҚШ-тағы Елшілігі үлкен қолдау көрсетті. Айта кетерлігі, Банк барлық қиындықты еңсеріп қана қоймады, ол өзінің клиенттері мен серіктестерінің алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды тоқтатпады әрі ҚР-дағы үздік он ЕДБ қатарында қалды, бұл қаржы институтының қызметкерлерінің кәсібилігі мен сенімділігінің тағы бір дәлелі болды», – деді банктің басқарма төрағасы Андрей Тимченко.

Банк санкциялар кезінде өз қызметін тоқтатқан жоқ және халық пен бизнеске үзбей қызмет көрсетті. Шектеулер көбінесе валюталық операциялармен, атап айтқанда, АҚШ долларында, еурода жасалатын операциялармен, сондай-ақ  корреспонденттік банктік қатынастармен және шетелдік сервистермен байланысты болды.

2023 жылдың басында Банк пруденциалдық нормативтерге сәйкес капиталдың жеткіліктілік коэффициентін теңестіре алды әрі барлық негізгі көрсеткіштерін жақсартты. Bereke Bank-тің басшысы Андрей Тимченконың айтуынша, санкциялардың алып тасталуымен байланысты банкті сапалы дамыту және нығайту бойынша алға үлкен жоспарлар қойылды.

Бүгінде Bereke Bank шоттардан ақша шешу және оларды толықтыру операцияларының спектрін, бөлшек клиенттер, сондай-ақ корпоративтік бизнестің барлық сегменттері үшін қаржы өнімдері мен сервистерін, тауарлар мен қызмет ақысын төлеу операцияларын, ұлттық және шетел валютасында (доллар мен еуроны қоспағанда) жасалатын ақша аударымдарын және банкоматтар арқылы жүргізілетін операцияларды ұсынады. Қызметтер «B-Bank» (жеке тұлғаларға) және «B-Business» (заңды тұлғаларға) мобильді қосымшаларында, сондай-ақ барлық бөлімшелерде қолжетімді. 

Bereke Bank ҚР аумағында кеңінен ұсынылған, банктің филиалдық желісі 111 құрылымдық бөлімшеден тұрады, оның 18-і филиал.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22ж. берген № 1.2.199/93/31 лицензия

«Bereke Bank» АҚ баспасөз қызметі

press@berekebank.kz  +7 727 266 35 68 (ішкі: 502 466; 00 351)

Соңғы жаңалықтар
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.