30.01.2026
1673 cапарлар
Михаил Хасин Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы шешімімен М.А. Хасин Банк Басқармасы Төрағасының орынбасары болып сайланды.

Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Басқармасы тоғыз адамнан тұрады: басқарма төрайымы Шаяхметова Ү. Б. және оның орынбасарлары — Кошенов М. Ұ., Салимов Е. И., Сартаев Д. Ж., Вурос О. В., Машчык Р. А., Мукушев Н. Н.,  Маткенов Т. С. және М. А. Хасин.

Михаил Хасин 1998 жылы Мәскеу физика-техникалық институтын "Қолданбалы Математика және Физика" мамандығы бойынша бітіріп, 2001 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. 2007 жылы "ақпараттық менеджмент" мамандығы бойынша Ресей Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясында МВА дәрежесін алды.

Ресейлік қаржы құрылымдарында — Deutsche Bank, "Сбербанк-технологиялар", ВТБ-да IT саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар.

Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
Қаржы омбудсманы қызметінің негізгі басшылары сайланды
Қаржы омбудсманы қызметі (ҚОҚ) Кеңесінің шешімімен қаржы нарығының барлық сегментінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сотқа дейін реттеу қызметін жүзеге асыратын ҚОҚ-тың негізгі басшылары сайланды. Қаржы омбудсманы қызметінің бас омбудсманы лауазымына Мария Хаджиева сайланды. Банк секторындағы қаржы омбудсманы болып Руслан Ибрагимов, сақтандыру қызметі саласында — Қанат Әліғұлов, ал микроқаржы саласында — Назгүл Естеусізова сайланды.
21.09.2026
Шағын бизнес жаңа берілген несиелердің 41%-ын сақтап, несие портфелінің 47%-ын қалыптастырып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.