09.06.2025
2283 cапарлар
Мұрат Байсынов Altyn Bank басқарма төрағасы болып тағайындалды

Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, 2025 жылғы 2 маусымынан бастап «Altyn Bank» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына Мұрат Байсынов тағайындалды. Ол бұл қызметте Марат Альменовты алмастырды.  

Мұрат Байсынов Қазақстан Республикасының қаржы секторында 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие. 2004 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заң департаментінде жұмыс істеген. 2004–2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің заң департаментінің директоры болған. 2007–2011 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2011–2012 жылдары – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ атынан ұлттық қаржылық институттардың директорлар кеңестеріндегі өкіл болған. 2012–2013 жылдары – «Темірбанк» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған. 2014 жылы – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның бас заңгерлік кеңесшісі. 2014 жылғы қараша айынан бастап «Altyn Bank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі қызметін атқарып келеді. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.

«Алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер – Altyn Bank-тің тұрақты және үдемелі дамуын қамтамасыз ету. Бұл ретте цифрлық трансформацияға, қызмет көрсету сапасына және нарықтағы үлесті арттыруға ерекше назар аударылады. Сенімділік, ашықтық және клиенттердің қажеттіліктеріне бағдарлану – біздің басты бағыттарымыз болып қала береді», – деп атап өтті «Altyn Bank» АҚ басқарма төрағасы Мұрат Байсынов.

Банк басқару командасын күшейту аясында Динара Арслан «Altyn Bank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Оның жауапкершілік аймағына бөлшек бизнес пен цифрлық банкингті дамыту кіреді. Динара Арсланның банк секторында 20 жылдық тәжірибесі бар және Қазақстанның қаржы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше кәсіби марапаттарға ие болған. Бұған дейін ол Altyn Bank-тің Бөлшек бизнес блогының Басқарушы Директоры қызметін атқарған.

Кадрлық тағайындаулар тұрақты өсу стратегиясын, цифрлық трансформацияны жүзеге асыруға және Altyn Bank-тің нарықтағы позициясын одан әрі нығайтуға бағытталған.

 

"Altyn Bank" АҚ – корпоративтік және бөлшек сауда бойынша клиенттерге арналған өнімдер мен қызметтердің толық спектрі бар әмбебап коммерциялық банк. Жеке тұлғалар Altyn-i цифрлық банкингі арқылы қызмет ала алады. Ол активтері бойынша 13-орында және қазақстандық коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингтердің біріне (Fitch – "BBB", Moody's - "Baa3") ие. Банктің Алматыда, Астанада, Атырауда, Шымкентте, Ақтауда және "Астана" халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) алты филиалы бар. ҚР ҚНРДА 2024 жылғы 23 қазандағы № 1.1.114, № 3.3.254/46 лицензиясы.

 

Соңғы жаңалықтар
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.
04.09.2026
Сарапшылар базалық мөлшерлеме қыркүйекте төмендеп, бір жылдан кейін 14,75%-ға дейін түседі деп болжап отыр
ҚҚҚ талдау орталығы қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылдың қыркүйек айындағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.
31.08.2026
Ипотека тұтынушылық қарыздардың бәсеңдеуі аясында бөлшек несиелеу өсімінің жартысына жуығын қамтамасыз етті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы бірінші жартыжылдықтағы ЕДБ бөлшек несиелер нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
21.08.2026
Бюджет кірістері шығыстардан жылдамырақ өсіп келеді, алайда борышқа қызмет көрсету қымбаттап барады
ҚҚҚ талдау орталығы ҚР 2026 жылғы І жартыжылдықтағы бюджет балансына шолуды назарларыңызға ұсынады.