Қазақстан қор биржасы (KASE, Биржа) биржалық нарықтың 2018 үшінші тоқсаны және 9 айға жұмыс қорытындысын ұсынады.
- 2018 жылдың тоғыз айындағы KASE сауда-саттық жиынтық көлемі 96,3 трлн теңгені құрап, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1 % немесе 22,7 трлн тенге теңгеге төмендеді. Бағалы қағаздар нарығы және шет елдік валюталар нарығы оң көрсеткішке қол жеткізді.
- Бағалы қағаздар нарығында акциялар секторында өсім көлемі – 2 есе, корпоративтік облигациялар – 3,4 есе, ҚАҰ облигациялары – 3 есеге тіркелді.
- 2018 жылдың үшінші тоқсанында листинг рәсімінен 4 жаңа эмитенттің бағалы қағаздары өтті.
- 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша KASE индексі 1,5 % өсіп, 2 195,33 нүктені құрады.
- 2018 жылдың 01 қазанында KASE сауда-саттық тізімінде 107 эмитенттің 122 акциялары,
61 эмитенттің 238 корпоративтік облигациялар шығарылымы болды. - 01 қазандағы жағдай бойынша Орталық депозитарийде жеке тұлғалар ашқан 111 848 жеке шоттар тіркелді, ол жылдың басына қарағанда 2 603 шотқа артық.
- 10 қазанда KASE және Мәскеу биржасы (MOEX) Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
- 2018 жылдың 01 қазанынан бастап KASE шет елдік валюталардың биржалық нарығында орталық контрагент қызметін орындауға кірісті.
- 2018 жылдың 17 қыркүйегінен бастап KASE АҚШ долларымен есептеулер бойынша листингілік еурооблигациялармен сауда-саттық іске қосылды.
- 2018 жылдың 17 қыркүйегінен бастап KASE шет елдік валюталар нарығында бағам құру үшін есептесуі теңгемен АҚШ доллары бойынша келесі жұмыс күніне (Т+1) – USDKZT_TOM сауда-саттық қорытындысы қолданылады.
АКЦИЯЛАР НАРЫҒЫ
Биржаның сауда-саттық тізімінде айдың соңында 107 эмитенттің 122 акциялары орналастырылды. Олардың ішінде "Бейлистингілік бағалы қағаздар" секторында төрт эмитенттің компанияның акциялары бар.
Жылдың басынан бері KASE листинг процедурасынан 10 компанияның 12 атаулы акциялары өтті., оның ішінде 8 эмитенттің 9 шығарылымы бар (кестеден қара). "Бейлистингілік бағалы қағаздар" секторында айналымға екі жай акциялар шығарылымы – "Раннила Казахстан" АҚ, "GLOTUR DS MULTIMEDIA" АҚ жіберілді.
Эмитенттің атауы |
Код |
Сауда-саттық тізіміне енгізу күні |
Сауда-саттық ашылу күні |
"КАЗАХАЛТЫН" Тау-металлургиялық концерні АҚ |
KZAL |
03.01.18 |
29.01.18 |
"Kazakhmys Copper" АҚ (Казахмыс Коппер) |
KMCP |
16.01.18 |
31.01.18 |
"Кристалл Менеджмент" АҚ |
CRMG |
19.01.18 |
05.04.18 |
"Fincraft" Инвестициялық Үйі " АҚ |
IDFC |
29.01.18 |
05.02.18 |
"Joint Resources" АҚ |
JRES |
30.01.18 |
23.04.18 |
"Жетысу Капитал" АҚ |
JSCP |
04.05.18 |
16.07.18 |
Kaspi.kz АҚ |
KSPI |
28.05.18 |
12.07.18 |
"Лизинг Групп" АҚ |
LZGR |
27.08.18 |
– |
"КСЖ "Азия Life" АҚ |
ASLF |
27.08.18 |
– |
"Казхром" Трансұлттық компаниясы" АҚ |
KZCR |
25.08.18 |
– |
KASE акцияларының нарығын қаржыландыру жыл басынан бері 1,9 трлн теңгеге немесе 10,9 % төмендеп, 15,3 трлн теңгені құрады. Аталмыш көрсеткіштің негізгі себебі – аталмыш көрсеткіштің есептеу әдістемесіне өзгертулер енгізу болып табылады. Тиісті өзгертулер 2018 жылдың 15 қыркүйегінен бастап енгізілді. Аталмыш түзетулер акциялар нарығын қаржыландыру есебі тәртібін жетілдіру мақсатында енгізілді және бұрын анықталған акциялар бағасы анықталған жағдайларды қарастырады, мысалы оларды біріктіру немесе бөлу кезінде аталмыш акциялардың саны өзгертілді. Сонымен қатар, көрсеткіш мәніне 07 тамыздан бастап "Казкоммерцбанк" АҚ (-288,1 млрд теңге) жай акцияларын тізімнен шығару әсер етті.
Акциялармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 475,8 млрд теңгені құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңіімен салыстырғанда 2 есе немесе 237,6 млрд теңгеге өсті. Алғашқы нарық көлемі 526,4 млн теңге (-7,1 млрд теңге) көлемінде қалыптасты. Қайталама нарық көлемі өткен жылдың айындағы нәтижесін 2 есеге немесе 244,7 млрд теңгеге арттырып, 475,2 млрд теңгені құрады. Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 2,6 млрд теңгені құрады, мәмілелердің орташа күндік саны – 605, бір мәміленің орташа көлемі – 4,3 млн теңге.
Қайталама нарықтағы сауда-саттықтың көлемі тұрақсыз сипаттағы бірқатар мәмілелермен байланысты. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықты есептемегенде акциялармен сауда-саттық үлесі Kaspi.kz АҚ (44,7 %) жай акцияларына, "Қазақтелеком" АҚ (23,4 %), KAZ Minerals PLC АҚ – (9,4 %), "ҚАЗАҚАЛТЫН" тау-кен металлургиялық концерні" АҚ (7,1 %).
Инвесторлардың негізгі санатында белсенділері жеке тұлғалар болып табылады, олардың шоттарына акциялардың сауда-саттығының брутто-айналымына 55,3 % келді. Екінші деңгейдегі банктердің үлесі (ЕДБ) 1,4 % құрады, брокер-дилерлердің қатысуы 22,3 %, өзге институционалдық инвесторларға 8,5 %, өзге заңды тұлғалардың үлесіне – 12,5 %. Бейрезиденттердің қатысуы 6,4 % бағаланады.
KASE Индексі
Тоғыз айдың қорытындысы бойынша KASE Индексі 32,64 нүктеге немесе 1,5 % өсті 2 195,33 нүктеге дейін өсті. KASE Индексі тоғыз айдың қорытындысы бойынша жасыл аймақта болуына қарамастан, үшінші тоқсанда Қазақстанның "көгілдір фишкалар" индексі 9 % жоғалтты. Үшінші тоқсанда тренд қалыптасуы KAZ Minerals PLC акциялары бағасының төмендеуіне тікелей байланысты болды. Теңгенің үшінші тоқсанда әлсіреуі Индекске жалпы жағымсыз әсер етті, ол ұлттық валютамен номинацияланған активтерді құнсыздандырды.
KASE өкілеттік тізіміне кіретін акциялардың бағасының өзгеруі
Эмитент |
Сауда-саттық коды |
Бағасы, бір акцияға теңге |
Бағаның өзгеруі, % |
|
|
|
01.01.2018 |
01.10.2018 |
мамырда |
Қазақтелеком" АҚ |
KZTK |
20 505,0 |
30 400,0 |
+48,3 |
"Банк ЦентрКредит" АҚ |
CCBN |
197,2 |
253,0 |
+28,3 |
"Халық Банк" АҚ |
HSBK |
82,6 |
93,6 |
+13,3 |
"KEGOC" АҚ |
KEGC |
1 389,0 |
1 494,9 |
+7,6 |
"КазТрансОйл" АҚ |
KZTO |
1 337,0 |
1 300,0 |
-2,8 |
"Кселл" АҚ |
KCEL |
1 784,0 |
1 689,2 |
-5,3 |
KAZ Minerals PLC |
GB_KZMS |
3 800,0 |
2 616,0 |
-31,2 |
Жыл басынан бері "Қазақтелеком" АҚ акциялары едәуір өскенін байқаймыз, бір акцияға бағасы 48,3 % немесе 9 895 теңгеден 30 400 теңгеге дейін артты. Акциялардың бағасы 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Теле2-Алтел бірлескен кәсіпорын кірістерінің өсуі, дивиденд төлеуді жоспарлау жағдайында және Қазақстан Республикасы Қлттық Экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің 2018 жылдың 11 шілдесіндегі "Қазақтелеком" АҚ "Кселл" АҚ 75 % акцияларын сатып алуына қатысты шешімін күту аясында айтарлықтай өсті (+65,3 %). Шілденің аяғынан бастап аталмыш акциялардың бағасына бірашама түзету енгізілді.
Жылдың басынан бері KAZ Minerals PLC акциялары төмендей бастады, бағасы бір акцияға 31,2 % немесе 2 616 теңгеден 1 360 теңгеге арзандады. Операциялық және қаржылық қызметтің көрсеткіштері жақсаруы мыстың бағасы бірден төмендеуіне байланысты болды. 2018 жылдың 07 маусымында өндірістік компания акциялары өзінің тарихи шыңдарын жаңартты (4 731 теңге), алайда, олар бірден кейін шегінді. Трендтің ауысымы мыстың арзандауымен байланысты болды, бағасы 07 маусымнан 31 шілдеге дейін 13,2 % төмендеді. Компания акцияларының әрі қарай құны төмендеуі Баимское мыс жобасын KAZ Minerals PLC сатып алуымен байланысты. Осы жағдайда KAZ Minerals PLC акцияларының баға белгілеуі өз құнының үштен бір бөлігін жоғалтты.
КОРПОРАТИВТІК ОБЛИГАЦИЯЛАР
Ағымдағы жылдың басынан бері KASE нарықтарында саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 9,5 %-ға немесе 843 млрд теңгеден 9,7 трлн теңгеге өсті.
2018 жылдың 01 қазанында KASE сауда-саттық тізімдеріне 61 эмитенттің шығарған 238 корпоративтік облигациялары қосылды. Есептік айда ресми тізімдерге 15 эмитенттің
19 шығарылымы енгізілді, оның ішінде 3 жаңа эмитенттің 3 шығарылымы.
Корпоративтік облигациялардың кірістілік Индексі KASE_BMY (негізгі алаңның корпоративтік облигациялар кірістілігінің индексі) жыл басынан бері 20 б,н. өсіп, жылдық 10,55 % құрады.
KASE корпоративтік облигацияларымен сауда-саттық көлемі 1,3 трлн теңгеге өсіп, 2017 жылға қарағанда 3,4 есе өсті. Сауда-саттық көлемінің орташа күндік көлемі 7,3 млрд, орташа күндік мәміле саны – 7, бір мәміленің орташа күндік көлемі – 986,1 млн теңге (қайталама нарықта – 232,3 млн теңге).
Корпоративтік облигациялар секторында өсім көлемі алғашқы нарықта ірі орналастыру есебінен болды. Ағымдағы жылы жалпы сомасы 1,03 трлн теңгеге 12 эмитенттің облигациялары орналастырылды. Сол уақытта өткен жылдағыдай сәйкес кезеңде
11 компанияда 192,1 млрд теңгеге орналастыру болды.
Ірі орналастыру 2018 жылдың үшінші тоқсанында болды. Сегіз компания 857,3 млрд теңге тартты, ол 2018 жылғы орналастыру көлемінен 82,9 % құрады.
Корпоративтік облигациялардың алғашқы нарығында инвесторлардың негізгі санатында ЕДБ шоттарына жалпы брутто-айналымның 14,6 % келді, брокер-дилерлер– 0,1 %, өзге институционалдық инвесторлар – 58,6 %, өзге заңды тұлғалар – 26,8 %.
Қайталама нарықтағы сауда-саттық көлемі 102,8 млрд теңгеге немесе 51,1 % өсіп, 303,8 млрд теңгені құрады.
Корпоративтік облигациялардың қайталама нарығында инвесторлардың негізгі санатында ЕДБ 14,6 % келді, брокер-дилерлер– 4,6%, өзге институционалдық инвесторлар – 9,9, %, өзге заңды тұлғалар – 56,5 %. Жеке тұлғалардың үлесі нарықтағы осы сегментте 1,4 % құрады. Бейрезиденттердің қатысуы 0,9 % бағаланады.
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ НАРЫҒЫ (МБҚ)
Қазақстан қор биржасында номиналды құны бойынша саудаланатын мемлекеттік борыш сомасы 10,7 трлн теңгені құрады, жыл басынан бері 712 млрд теңге немесе 7,8 % артты.
Өткен кезеңде МБҚ нарығындағы жиынтық сауда-саттық көлемі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,8 % төмендеп, 1,3 трлн теңгені құрады. МБҚ алғашқы нарығы айналымы алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,2 % төмен, қайталама нарықтағы белсенділігі 3 есе артты. Орташа күндік сауда-саттық көлемі 7,3 млрд млн теңгені құрады, Орташа күндік мәміле саны – 6, бір мәміленің орташа күндік көлемі – 1,2 млрд теңге (қайталама нарықта – 593,2 млн теңге).
2018 жылдың тоғыз айында орналастрыу көлемі 738,5 млрд теңгені құрады. 14 облыстың және Алматы, Астана қаласының әкімдіктері мемлекеттік бағдарлама аясында 70,7 млрд теңгені жылдық 0,35 % тартты. Қаржы министрлігі өтеу мерзімі 11,4-18 жылдық қазынашылық облигацияларын орналастырып, 667,8 млрд теңге тартты, тарту мөлшерлемесі жылдық
8,43 %–8,66 % аралығында.
МБҚ алғашқы нарығындағы инвесторлар құрылымында ЕДБ көлемі үлесіне 1,2 %, институционалдық инвесторларлардың үлесіне – 88,7 %, заңды тұлғалардың үлесіне – 0,1 %, брокерлік-дилерлік компаниялардың үлесіне 0,1 % келді.
Қайталама нарықтағы сауда-саттық көлемі 2018 жылы 590,9 млрд теңгеге дейін өсті, 2017 жылдың 9 айында 198,5 млрд теңгені құрады. Қайталама нарықтың жалпы айналымынан 81,8 % Ұлттық Банктің ноттары құрады.
Инвесторлар құрылымындағы қайталама нарықта ЕДБ үлесі – 67,1 %, брокер-дилерлер үлесіне – 1 %, институционалдық инвесторларлардың үлесіне – 16,8 %, өзге заңды тұлғалар 14,7 % құрады, жеке тұлғалардың үлесіне 0,4 %. Бейрезиденттердің үлесі 0,9% құрады.
Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары
Есептік кезеңнің соңында KASE сауда-саттық тізімінде үш халықаралық қаржы ұйымдарының 12 облигациялық шығарылымы болды: Евразиялық даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы және Европалық қайта құру және даму банкі.
Өткен кезеңде Евразиялық даму банкі үш жылдық облигацияларды жылдық 9,1 % орналастырып, 50 млрд теңге тартты. Халықаралық қаржы корпорациясы төрт және сегіз жылдық облигациялардыың екі шығарылымын жылдық 8,3 % орналастырып, 10,6 млрд теңге тартты.
Қайталама нарықтағы сауда-саттық көлемі 10,1 млн теңге.
Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары
Есептік кезеңнің соңында инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары секторында бес компанияның басқаруымен 6 қаржы құралдары болды.
Өткен кезеңде сауда-саттық көлемі 282,9 млн теңгені құрады, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,7 % жоғары. Мәмілелер "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруымен US_SPY_ (68,2 млн теңге; 94 мәміле) State Street Global Advisors, CSECfe басқаруымен (212,7 млн теңге; 53 мәміле) және CSECgm (2 млн теңге, 2 мәміле).
Бағалы қағаздар нарығындағы жеке тұлғалардың шоттары
Қыркүйек айының соңында Орталық бағалы қағаздар депозитарийінің есепке алу жүйесінде жеке тұлғалардың атынан ашылған 111 848 жеке шот болды, ол ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 603 шотқа артық және 2018 жылдың басына қарағанда 1 245 шотқа артты.
ШЕТ ЕЛДІК ВАЛЮТАЛАР НАРЫҒЫ
2018 жылдың тоғыз айында шетел валюталары сауда-саттығының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,4 трлн теңгені құрап, алдыңғы айдың қорытындысына қарағанда 16,8 %, немесе 1,5 млрд теңгеге артты. Жыл басынан бері шетел валюталарының нарығына 33 KASE мүшелері қатысты. Ағымдағы жылдың тоғыз айында орташа күндік сауда-саттық көлемі 57 млрд теңгені құрады, орташа күндік мәміле саны – 329.
Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында ұлттық валюта 2016 жылдың бірінші тоқсанынан ең жоғары құбылмалылық жағдайында болды USD/KZT жұбы бағамы стандартты ауытқуы жыл басынан бері ауытқу амплитудасы артуы жағдайында жыл басынан бері өсті: бірінші тоқсанда – 4 тг, екінші тоқсанда – 5,8 тг, үшінші тоқсанда – 11,1 тг (2016 жылдың бірінші тоқсаны – 12,2 тг). Валюталық нарықта жағдайды тұрақтандыру мақсатында Ұлттық банк 2017 жылдың қазанынан бастап, валюталық интервенция өткізді. Рететушінің хабарламасы бойынша 05 – 07 қыркүйекте ҚР ҰБ шет елдік валютасы ұсынысы болмаған жағдайда 520,6 млн АҚШ долларын сатты.
Бұрынғыдай, ішкі валюалық нарықта турбуленттіліктің өсуі сыртқы факторлар ықпал етті. Олардың арасында маңызды оқиға АҚШ-тың санкциялық саясаты және Федералдық резервтік жүйенің монетарлық саясаты болып табылады. Қыркүйек айының соңында АҚШ-тың бас қаржы реттеушісі күткеніміздей, федералдық қорлар бойынша мөлшерлемені 25 б.н. арттырды, ол жыл басынан бері арттыру жағына қарай үшінші шешім болды. АҚШ-тың10 жылдық борыштық міндеттемелері жеті жылдық максимум деңгейінде тұр. АҚШ-тыңң мемлекеттік бағалы қағаздарының тартымды кірістілігі дамушы елдерден капиталдың жылыстауын күшейтті. Алайда, валюталардың ішкі бағамын қалыптастыруға үлкен әсер еткен АҚШ тарапынан ресейге қарсы санкуияларды кеңейту аясында рубльдің долларға қатысты әлсіреуі болды.
Төмендегі кестеде Қазақстан қор биржасында саудаланған валюталық жұбының негізгі сипаты келтірілген (жақшаның ішінде алдыңғы аймен салыстырғанда шет елдік валютаның теңгеге орташа сараланған биржа бағамының шілде айындағы көрсеткіштің өзгерісі көрсетілген).
Валюталар жұбы |
Көлемі, валютабірлігі, млн |
Сауда-саттық |
Мәмілемәні |
Мин. жәнемакс. бағамы, |
Айдыңсоңындағыбағам (өзг.%) |
USD/KZT |
30 630,1 |
99,1 % |
58 397 |
318,31 – 380,93 |
363,07 |
RUB/KZT |
8 719,6 |
0,5 % |
1 184 |
5,2013 – 5,8466 |
5,5440 |
CNY/KZT |
158,4 |
0,1 % |
392 |
50,2850 – 55,0196 |
52,6523 |
EUR/KZT |
46,8 |
0,2 % |
161 |
381,64 – 442,75 |
423,00 |
EUR/USD |
43,5 |
0,2 % |
17 |
1,1330 – 1,2208 |
1,1375 |
АҚША НАРЫҒЫ
Қаржы нарығында сауда-саттықтың жиынтық көлемі 82,4 трлн теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,6 % немесе 25,4 трлн теңгеге төмендеді,
MM_Index қаржы нарығының композитті индикаторы қыркүйектің аяғында 90 б.н. төмендеп, жылдық 8,5 % құрады.
Банктер арасында банкаралық депозиттерді орналастыру кезінде қаржы құны көрсеткіші KazPrime-3M (KZT) индикаторы 125 б.н. төмендеп, базалық мөлшерлеменің жоғары шегінде болуды жалғастыра отырып (9 % + 1 %), жылдық 10 % құрады.
Жыл басынан бері TONIA индикаторы (бір жұмыс күніне репо ашылу мәмілелері бойынша орташа сараланған пайыздық мөлшерлемесі) 101 б.н төмендеп, жылдық 8,31 % құрады. Сонымен қатар TWINA индикаторы (мерзімі жеті жұмыс күндік репо ашу мәмілелері бойынша орташа сараланған пайыздық мөлшерлеме) 123 б.н. өсіп, жылдық 8,62 % құрады.
АҚШ долларымен бір күндік және екі күндік валюталық своп кірістілігі ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында ауытқулардың кең амплитудасын көрсетті. Ол шет елдік валюталар нарығында жоғары құбылмалылық арқылы көрініс берді. Сонымен, SWAP-2D (USD) индикаторы, тамыз айының аяғында 2016 жылдың мамырынан басталған максимумның жылдық деңгейіне 14,05 % жетті. Сонымен қатар, қыркүйек айының соңында АҚШ долларының қарыз мөлшерлемесі тұрақтандырылды. SWAP-1D Индикаторы (USD) жыл басынан беріа 51 б.н. төмендеп, жылдық 9,38 % құрады SWAP-2D . Индикаторы (USD) сондай-ақ жыл басынан бері 177 б.н. төмендеп, жылдық 9,26 % құрады.
Репо операциялары
Осы сегменттегі сауда-саттықтың көлемі 56,9 трлн теңгеге жетіп, өткен айдың көрсеткішінен 3,9 % немесе 2,1 трлн теңге жоғары болды. Операциялардың орташа күндік көлемі шілдеде 311,1 млрд теңге болды (+3,9 % өткен жылдың сәйкес көрсеткішіне), үшінші тоқсандағы сауда-саттық көлемі екінші тоқсанның көлемінде болымсыз деңгейде 0,7 % қалды. Өсімнің абсолютті мәні134,2 млрд теңгеден19 трлн теңгеге артты.
Репо ашылу мәмілелері бойынша сауда-саттықтың жалпы көлемінің 98 % МБҚ-мен авторепо мәмілелерінің үлесінде болды. МБҚ-мен авторепо нарығындағы ең танымал қаржы құралы мерзімі бір күндік репо операциялары болып қала береді, МБҚ-мен авторепо нарығындағы сауда-саттықтың жалпы көлеміндегі мәмілелердің үлесі 87,1% құрайды.
2018 жылдың бірінші жартыжылдығында барлығы репо операцияларына 47 Биржа мүшесі қатысты. Осы сегменттегі сауда-саттықтың жалпы айналымының 84 %-дан астамы банктердің үлесінде. Резидент еместердің қатысу үлесі айтарлықтай болған жоқ, бар-жоғы 0,2 % құрады.
Валюталық своп операциялары
Валюталық своп нарығындағы сауда-саттық көлемі 51,9 % ға азайып, 25,5 трлн теңгені құрады. Операциялардың орташа күндік көлемі 139,3 млрд теңгені құрады. Сауда-саттықтың инструменталдық құрылымында жалпы көлемі екі күндік валюталық своп нарығында (USDKZT_0_002) 73 % (18,7 трлн теңге) келді. Қыркүйек айының аяғында RUBKZT_0_001 құралымен жалпы сомасы 108,1 млн теңгеге төрт мәміле жасалды.
ДЕРИВАТИВТЕР НАРЫҒЫ
Осы кезде биржалық нарықтың осы секторында, базалық активі АҚШ доллары, KASE Индексі және акциялардың жеке атаулары болып табылатын, фьючерстер саудалауға қолжетімді. 2018 жылдың алғашқы үш тоқсанында фьючерстермен мәмілелер жасалған жоқ. Қазан айының басында деривативтер нарығында сауда-саттыққа қатысушылардың ашылған жайғасымдары болған жоқ.