11.04.2022
6606 cапарлар
Банк Хоум Кредиттің Басқарма Төрағасы болып Кирил Бачваров тағайындалды

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма Төрағасы лауазымына 2022 жылғы 4 сәуірден бастап Кирил Бачваров тағайындалды, ол бұған дейін 2 жыл Банктің қаржы директоры және 6 жыл маркетинг және стратегия директоры болып қызмет атқарған. Кирил Бачваров бұл лауазымға 2018 жылдан бастап Банкті басқарған Карел Горактың орнына келді.

Кирил Бачваров:

«Мен Директорлар кеңесі мен бүкіл командаға маған сенім білдіргендері үшін алғыс айтамын.
Биылғы жылы біздің Банк 17-ге толады. Осы кезең ішінде біз өте қызықты қызмет жолынан өттік. Банк өсіп, нарықта өз орнын тапты.
Бүгінгі таңда біз кредит беру саласындағы көшбасшылардың қатарындамыз. Соңғы бірнеше жыл ішінде мобильді қосымшамыздың бірегей экожүйесін сәтті құрдық.
Клиенттеріміз біздің дебет және кредит карталарымызды белсенді пайдаланып жатқанын көргенде, көкірегімді қуаныш сезімі кернейді. Клиенттерге арналған олардың болашаққа деген сенімін арттыратын біздің таптырмас инвестициялық өнімдеріміз – мен үшін үлкен жетістік және мақтаныш.
Клиенттеріміз бен серіктестерімізге олардың адалдығы, сенімі мен таңдауы үшін тағы да алғыс айтамын».

 

Хоум Кредит тобының басшысы Жан-Паскаль Дювесар:

«Кирил Банкке мүлдем жаңа идеялар әкеліп, бизнестегі бай тәжірибесіне сүйене отырып, қаржыны басқару функциясын басқа перспективадан көре алды. Оның Банк Хоум Кредит басқарманың жаңа төрағасы ретінде клиенттік тәжірибені терең түсініп, клиентке деген фокусы - біздің стратегиялық мақсаттарымызға қол жеткізу үшін барлық қажетті мүмкіндіктерді туғызды».

Өмірбаяны:

Бачваров Кирил Атанасов 1973 жылы Болгарияда дүниеге келген

  • 1996 жылы Aubg (Болгариядағы Америка Университетінде) Іскерлік әкімшілік және Менеджмент мамандығын тәмамдаған
  • 2012 жылы SDA Bocconi университетінде (Милан, Италия) Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесіне ие болған.

Кәсіби жолы

  • Кирил Бачваровтың маркетингті, корпоративтік коммуникацияларды және клиенттік тәжірибені басқаруға бағытталған халықаралық қаржы ұйымдарында (UniCredit Group, Home Credit Group) 20 жыл жұмыс жасаған.
  • Банк Хоум Кредитте іскерлік жолын 2014 жылы Маркетинг және стратегиялық даму жөніндегі директор қызметінен бастады. Практикалық банктік сараптамаға деген талантының арқасында Кирил Бачваров Agile командасында маркетинг және клиенттік қызмет функциясын қайта құрды, кредиттік, дебеттік карталар портфелін және транзакциялық қызметтерді құру бойынша жобаларды жүзеге асырып, «Отбасынан отбасына» бренд-платформасына өтуге үлкен үлесін қосты.
  • 2017 жылы Банк Басқармасының мүшелігіне енді.
  • 2020 жылы Кирил Бачваров Банктің қаржы директоры болып тағайындалды, онда ол қаржы, қазынашылық, бухгалтерия, бизнес-аналитика және сатып алу басқармаларын басқарды.

 

Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
Орта бизнес корпоративтік кредиттеудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
16.09.2026
Ірі бизнес өтінімдердің 60,5%-ы мақұлданады, ал жалпы нарықта бұл көрсеткіш – 44,1%
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылғы I жартыжылдықтағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу шолуын назарларыңызға ұсынады.
10.09.2026
Автонесиелерге деген сұраныс өткен жылы 50%-дан астам өскеннен кейін 9%-ға төмендеді
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық автонесиелеу нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
08.09.2026
₸20 млн-нан асатын ипотекалық қарыздардың үлесі 31,4%-дан 39,6%-ға дейін өсті
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы Қазақстанның ипотекалық нарығына шолуды назарларыңызға ұсынады.
07.09.2026
Бизнеске берілген несиелер көлемі 20,7%-ға өсті, ал өтінімдер саны небәрі 1,2%-ға артты
ҚҚҚ талдау орталығы 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге шолуын назарларыңызға ұсынады.
04.09.2026
Сарапшылар базалық мөлшерлеме қыркүйекте төмендеп, бір жылдан кейін 14,75%-ға дейін түседі деп болжап отыр
ҚҚҚ талдау орталығы қаржы нарығының кәсіби қатысушылары арасында 2026 жылдың қыркүйек айындағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнама нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.